Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет6/97
Дата05.12.2016
өлшемі8,99 Mb.
#3210
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Алпамыс батыр (жырдан үзінді)

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

a) білімділік – батырлар жыры жөнінде мәлімет бере отырып, “Алпамыс батыр” жырының мазмұндық құрылымын ашу,жырдың идеялық мазмұнын түсіндіру..
ә) дамытушылық – түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,жырды оқу арқылы дүниетанымын кеңейту.
 б) тәрбиелік – жырды сүйіп оқуға, елін,жерін сүюге, адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ-жауап

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Алпамыс батыр” — қазақ халқының қаһармандық эпосы.Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан “Одиссея”, “Манас”, “Калевала”, “Қобыланды батыр” т.б. жырлар секілді әлемге танымал эпостық жыр. “Алпамыс батырда” халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпик. әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат-қабат қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған. Мұнда түрік қағандығы дәуіріндегі (5-7 ғ.) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, 17-18 ғ-ғы қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады. Зерттеушілер (В.М. Жирмунский т.б.) “Алпамыс батыр” жырында көне дәуірдің салт-санасы, ғұрпы, неғұрлым айқын бейнеленгенін атап өткен. Жыр дәл қазіргідей класик. бүтіндікке замандар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Әсіресе, жырдан батырлық ертегілердің жігі айқын байқалуы эпосты ең байырғы туындылардың бірі деп есептеуге мүмкіндік береді. Мыс.: жырда қарт ата-аналардың жаратқаннан перзент тілеп әулиелерге түнеп мінәжат етуі, болашақ батырды зарығып көруі; жас қаһарманнның жедел ер жетіп, айрықша қайрат танытып өзі таңдап жүйрік ат мінуі; жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін бақытқа кенелтуі; өзіне өмірсерік болатын сұлу жар таңдап бақытты өмір кешуі секілді ежелгі батырлық ертегілерге тән тұрақты сарындар жырда мейлінше анық және толық көрсетіледі. Алпамыс жау зынданында жатқан кезінде оның қалыңдығы Гүлбаршынды Ұлтақұлдың зорлықпен алуға ұмтылуы, батырдың өз әйелі “тойының” үстінен шығуы бұл эпосты ертедегі гректің “Одиссеясымен” үндестіреді. Әлбетте жырдың ең қызықты тармағы қазақ халқының бертіндегі тарихи өмірінің сипатын беретіндігі. Қазақ халқының 17-18 ғ-да қалмақ жаулаушыларына қарсы күресі көптеген жырларда фабулалық шынайы көрініс береді. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді. Қаһармандардың туып-өскен, өмір кешкен елі — Жиде байсын, нақтылы тайпасының аты — қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан-дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкілқазақтық көлемге көтереді.

Мағынаны тану

Ердің бағын  ашпаса ,
Ер  мұратқа  жетер ме?
Ерінің сағын  сындырса,
Ел  мұратқа  жетер ме?- депӘйтеке би  айтқандай , елін, жерін жаудан қорғап, еліне  бостандық , бірлік  сыйлаған  батырлардың  бірі –Алпамыс.
 Алпамыс сөзіне ассоциация құру
нәзік жүректі жан, батыр, арлы, аңғал, айлалы
Оқушылардан өз таңдаулары  бойынша ең түйінді сөздерді табу:
Батырлық
Арлылық
Аңғалдық
Өнерпаздық
Мейірімділік
Жырдағы кейіпкерлерге қарама-қарсы  сипаттама:
                               Дос                                               Жау
Гүлбаршын Мыстан кемпір
Қаракөзайым Таймас
Кейқуат Тайшық хан
Қараман
Байшұбар

Жақсылық Жамандық


Қайырымды Қайырымсыз
Шыншыл Алдампаз

Дыбыстар сөйлейді:


А-айлалы
Л-лапылдаған  
П- патриот
А- арлы
М –махаббатқа берік
Ы – ынталы
С -саналы
Осыдан Алпамыс қандай  батыр  екендігі көрініп , бейнесі  ашылып  тұр.
 1.Алпамыс  батыр  жырында  үй шаруашылығында  қолданылатын жабдықтардың атауы жай, отау , белбеу, босаға , бақан, үзік, кереге, ылашық, алаша , ошақ .
2.Киім- кешекке,  әйел- қыздардың безену заттарына, ою- өрнекке байланысты  сөздер.
3. Бас киім атаулары,Кимешек,  малақай, телпек, тақия, жыға,  сәукеле, сәлле, шаршы.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау



Ой толғаныс

Оқулық бойынша жұмыс
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
іштей оқу
мәтіннің негізгі ойын ата
сөздік жұмыс: қосын - әскер
жырда не сипатталады?
Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
Батырлық жырларда қандай ұқсастық бар?
Тайбұрылдың шабысын сипаттаған жерін тауып оқы

Үйге тапсырма

Жырды жаттап ал

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет