Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Мектебің мынау – класың (қолдарын екі жаққа жаяды)
Осында он бір жыл оқисың. (Он саусағын көрсетеді)
Тарыдай боп кіресің (отырады)
Таудай болып шығасың (қолдарын жоғары көтеріп, тұрады)
|
|
Мағынаны тану
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
Қосымша тапсырма:
|
|
Сергіту сәті
Үш көзі бар қырағы,
Кезек ашып, жұмады.
өтеріңде көшеден
бұйрық беріп тұрады
Бағдаршам.
|
|
Қызыл – «түзу тұр» дегенім
Сары – «шапалақ ұр» дегенім
Жасыл – «орныңан жүр» дегенім
Оқушылар сергітуді бірнеше рет қайталайды
|
|
Ой толғаныс
|
1-топ
«Мектепке келер жол» постер жазу
2-топ
«Менің мектебім» эссе жазу
3-топ
Мектеп сурет салу
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау,сурет салу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Әдебиеттік оқу
|
Уақыты:
|
Кабинет:41
|
Мұғалім:Сақтағанова Қ
|
Сабақтың атауы
|
Р Әбілқадырова Әскербектің әтеші
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, оларды саналы түсінік, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету.
Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
|
|
Мағынаны тану
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
Қосымша тапсырма:
1-топ
Мәтінді мәнерлеп оқу.
2-топ
Түсініп оқу.
3-топ
Шапшаң оқу
|
|
Ой толғаныс
|
Қосымша:
Аулада бір қора тауық, бір әтеш қыт-қыттап, өз тіршіліктерімен әбігер болып жүріпті. Түс ауа сырт жақтан бір әтеш қораға кіріп келіп, іштегі әтешке: «Мына мекиендер енді менің меншігім, сен қараңды батыр!» дейді. Екеуі бірін-бірі бас салып, таласа бастапты. Екеуі қатты таласыпты. Сырттан келкен әтеш жеңіп, жеңілген әтеш қашып отынның арасына кіріп кетіпті. Оның артынан тауықтар да отынның арасына кіріп кетіпті. Бәрі менен қорқып кетті деп ойлаған жеңімпаз әтеш, қоқиланып, отынның үстіне секіріп шығып:
«Қорықпаңдар, достарым,
Тасаланбай шығыңдар.
Нағыз ерді көріңдер,
Айтқанымды ұғыңдар.
Бұдан былай табжылмай,
Осы аулада тұрамын.
Кім ұқпаса сөзімді,
Соның басын жұламын.
Мен даңқты батырмын,
Жеңіп келе жатырмын...» деп озандата шырқай жөнеліпті.
Осы кезде аспаннан бір бүркіт келіп, жеңімпаз әтешті іле жөнеліпті. Бүркіт пен жеңімпаз әтештің қарасы үзілген соң, мекиендер де, жеңілген әтеш те отынның арасынан жайбырақат шыға келіпті. Әуелгісіндей тіршілік қарекетіне кірісіпті.
Жеңілген әтеш: «Бұл әтеш шынында мықты екен. Мен одан қашып отынға тығылдым, мекиендер бүркіттен қашып отынға тығылды. Отынға тығылу біздің қалыпты дағдымыз. Ол сырттан келгендіктен бұл дағдыны білмейді. Жеңгеніне масаттанып аспанға қараған жоқ, аспанға қараса ол сақтанар еді. Бір асқанған бір тосқан деген осы» депті.
***
Түнде қатты сырқаттанған әтеш қатты қобалжып: «Қырсық-ай, таң сәріде шақырғанға күйім келмейтін сияқты, күн қалай шығар екен» дейді.
Әтештің сөзін естіген жұлдыз: «Дүние – дүние болғалы адамдардың қаншама әтеш пен тауықты сойып жегені белгісіз. Бірақ, күн сонда да нұры мен жылуын тіршілікке төгіп келеді. Шолақ ойлы әтеш досым, сен болмасаң бұл дүние қараң қалмайды» деп жымиды.
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |