Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет30/30
Дата27.05.2018
өлшемі5,94 Mb.
#41036
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Ойыншықтар үлестіріледі



Оқушылар таңдаған ойыншықтарына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Әдебиет қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, өмірлік мақсаттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. Еркіндікті, азаттықты, тәуелсіздікті әрдайым ту ғып ұстап, ұлттық сана-сезімді тәрбиелеуде, ата-бабамыздан қалған жерімізді басқыншы жаулардан қорғауда, ұлттық намыс пен ұлттық патриотизмді қалғытпай қайрап отыруда рухы биік әдебиетіміздің де артар жүгі алдыңғы қатарда еді.

Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау, рухты ояту, жігерді жану үшін адуынды шығармалар көмекке келген. Тәуелділіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да қалам шеберлерінің алаулы өлеңдері болатын. Ерте дәуірлердегі, тіпті, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрыңғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.

Отаршылдық езгіге түсіп, шарасыз халде үнсіз бұлқынған Қазақ елінің пешенесіне тап болған сор мен азапқа қабырғасы қайысқан Шоқан Уәлихановтың: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» дейтін әйгілі сөзінде азаттықты идеал тұтудың, шерлі толғаныстың үні бар.

Ұлттық рухты, ұлттық тәуелсіздік идеясын қазақ әдебиеті қанына ерте дарытқан. Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиетін толғандырған ең келелі мәселелердің бірі ұлт тарихы мен болашағы екені дау тудырмайды. Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық тәуелсіздік – бізді дүниеден оқшаулап тастайтын Қытай қорғаны болмайтыны сияқты, ешкімнің құқығына қарсы қойылмайды да. Ұлттық тәуелсіздік – отаршыл озбырлардың езгісінен, талан-таржысынан атамекеніміз бен халқымызды құтқару қозғалысы болып табылады» деп шырылдаған жан айқайы XX ғасырдың басынан жаңғыра естілгендей.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы онжылдық алдымызға тосқан қиын өткелдерді, қаншама кешкен ауыртпалықты қалай ұмытайық! Осы он жылдағы кешкен бейнет те, тартқан азап та бәрі заман келбетінің қалай құбылғанын айна қатесіз образға айналдырып әдебиет тарихында қалдырды.

Тәуелсіздік идеясы – қазақ әдебиетінде ежелден қоныс тепкен ұғым. Тәуелсіздік дәуірінде бұл мәселе қиялдан гөрі нақты шындық ретінде жырлана бастады. Алайда оны қабылдау әртүрлі ыңғайда болды. Азаттықтың әркімге де қуаныш әкелгені анық. Әйтсе де, ол халықтың барлық бөлігіне бірдей молшылық пен таусылмас игілік әкелген жоқ. Жаһандану үдерісінің жағымсыз әсері де сезіле бастады. Ұлттық құндылықтарға қауіп төнгені аңғарылды. Бір ұтымдысы – жаңа кезеңде сын айтуға біршама еркіндік берілді. Сонымен қатар, ескі тоталитарлық жүйе тұсындағы келеңсіздіктер ашына айыптау сарынын тудырып, бүгінгі өмірдегі ұнамды құбылыстар көтеріңкі көңіл-күймен жырға қосылды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт аралығында қазақ әдебиеті дамудың жаңа белесіне көтерілді. Бұл тұста қазақ жазушылары тоталитаризм қыспағынан босап, еркін тыныстауға бет алды. Тәуелсіздік жазушыларға сөз бостандығын алып келді. Сөз бостандығы қазақ жазушыларына кеңестік дәуірде еркін бара алмаған, кең қозғай алмаған тақырыптарға қайта үңілуге мүмкіндік берді. Тарихымыз бен мәдениетіміздің көлеңкелі жақтарының ашылуының ұлтымыздың рухани өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының жарыққа шығуы әдебиетіміздің көркемдік көкжиегінің кеңеюіне, ұлттық бояуының айқындала түсуіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ.

Еліміз тәуелсіздік алған тарихи күнде дүниеге келген ең алғашқы өлеңдердің бірі:

Өзіңдікі - Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік – төріңде!

Қара мына ғажапқа:

Теңдік тиді қазаққа –

Езгідегі ұрпағың

Енді айналмас мазаққа!

...Қанатыңнан қайырылып,

Қыр-арқаңнан майырылып,

Қонақ – Тәуелсіздіктен,

Қала көрме, айырылып!...

Ақын Иран-Ғайып «тауың да, бақша, бауың да, досың да, қатал жауың да – сенікі», «Туың да, От пен Ауа, суың да – өзіңдікі» деп шалқып тасып оқырманымен сыр бөлісіп отырады да, «Қонақ – Тәуелсіздіктен, Қала көрме айырылып!...» деп күтпеген түйін жасайды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарихи тақырыпқа арналған романдар да көп ұзамай жарық көрді. Сондай туындылардың қатарында Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қалмұқан Исаевтың «Серт», «Шоң би», Кәдірбек Сегізбаевтың «Беласқан», Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», Хасен Әдібаевтің «Отырар ойраны», Софы Сматаевтің «Жарылғап батыр», Жанат Ахмадидің «Шырғалаң» тағы басқа романдарын атауға болады. Бұл шығармалардың өзіндік дүниесін таныту жолында тәуелсіздіктің нұрлы ықпалы айқын көрініс береді. Өйткені, әдебиетіміз бұрын-соңды болмаған тақырыптық, идеялық мазмұн байлығымен, жаңа көркемдік түрлермен, жанрлық ерекшеліктерімен байып отырды.


Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мәтінмен жұмыс

Сөздік жүмысы



Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс

БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс




Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Әдебиет теориясы.әдеби ағымдар түсінігін тереңдету

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Мәңгілік елдің ұлы тарихы



Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің



тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,



саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу



Гүлдер арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту


Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Өткен сабақта саған не әсер етті?



Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мәтінмен жұмыс

Сөздік жүмысы

Дәптермен жұмыс



Рефлексия

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет