Жаңа сабақ
|
Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Мәтінмен жұмыс
Сәкен (Сәдуақас ) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1] 1939, Алматы,Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.
Өмірбаяны
Білім алуы
1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін АқмолаАқмола үшсыныптық қалалық училищеде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тілінедайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпеноқыған.
«Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді.
1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болды. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.
1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды.
1916 жылдан 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады.
1917 жылы 9 наурызда ол Ақмола, көшіп келіп, онда Ақпан төңкерісі туралы «Біз асығыс жиналдық» атты өлең жазған.
1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» («Жас қазақ») саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен газетін «Тіршілік» шығаруға қатысады.
Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.
Азаматтық соғыс
Ақмола 4 маусымдағы 1918 жылы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң Сейфуллин тұтқындалып, 1919 жылы 5 қаңтарда Петропавл түрмеге жіберілген болатын. Ол 47 күн бойы (24 қаңтар - 12 наурыз), атаман Анненковтың «өлім пойызынан» өтті. Омбыда, ол Колчак түрмесінен қашып (3 сәуір), шілдеде туған ауылына жетті. Екі айдан кейін, С.Сейфуллин Әулие-атаға қашуға мәжбүр болды.
Азамат соғысынан кейін
Қазақстан пошта маркалары, 2006 жыл: Уәлиханов, Сейфуллин, Төреқұлов,Сәтпаев
Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды.
1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.
Марапаттаулары
2004 жылғы 35 теңгелікСәкен Сейфуллинге арналғанҚазақстан пошта маркасы (Михель, 485)
Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).
Естелік
С. Сейфуллин есімімен Қарағанды облысында С. Сейфуллин атындағы ауыл, Қарағандыда драма театр аталған, Омбы облысының көшелері, Астана және Алматы басты көшелерінің біріне Сәкеннің есімі берілген.
2005 жылы Сейфуллин арналған Қазақстан маркасын шығарылды.
С. Сейфуллин аты Астанадағы Қазақ агротехникалық университетке берілген.
Сәкен және Абай
20 ғасырдағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол, Бастаушы адасқанға болғандай жол, Өзге сөздің патшасы - сенің сөзің, Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол...» - деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.
«Сөзіңді үлгі қылды білген адам, Түсінбес оқыса да бітеу надан, Наданға құр қу ағаш құрған тезің, Көткеншек алға қарай баспас қадам...»- деген әлеуметтік ойларды ұлы ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын «Бірлік» қоғамына басшылық жасап жүргенде өзі мықтап түсінді. Сондықтан «Кім басшы - аға халыққа», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» деген өлеңдерін жазып, ел қамын ойлау адастырмас арман жолы екенін ұқты. Сол тұста жас ақынды қолтығынан демеп, алға бастырып жіберген Абайдың азаматтық әуені болатын, «Сөз патшасынан» қоғамдық мән-мағына тауып, өз пікірін сабақтауға бел буды.
«Сөзіңнің жылдан-жылға қадірі артты, Оқуға құмар қылды талай жасты, Құмар болған кеудесі - сәулелі ар, Айтпаймын ауылдағы шыбай масты...» - деуінің сыры да түсінікті. «Сәулелі ары» барлар ғана Абайға серік болмақ.
«Саналы көзі ашыққа сөзің алтын, Санасызға - жел сөз - соққан салқын, Ойында санасыздың еш нәрсе жоқ, Ілгері бассын деген қазақ халқын...» - деген қомақты пікірді түйіндегенде Сәкеннің Абайды қалай түсінгені өзінен-өзі айқындала бермек.
Абайдың 1909 жылы өлеңдер жинағы шығып, қазақ сахарасына кең таралғанда көңіл көзі ашықтар, әсіресе ақындар мен оқушы шәкірттер дүр сілкінген болатын. Абайақындығына тәнті болып, өлең арнағандар некен-саяқ. Абайды әдебиетіміздің атқан ақ таңы, жаңа беті, үлгі-өнегенің асыл арнасы деп танығандар ете көп болды. Абайдың өз төңірегіндегілер ғана емес, алып ақындықтың қуатты күшін алыстан сезіп-білгендер де қосылып жатты. Сол қалың дүрмектің арасынан Мағжан «Хакім Абайға» өлең арнап, жарқ етіп көрінді.
«Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды жүгін артар, Көз ашып, жұртың ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар», - деп шын өнердің мәңгілік екенін, оны дүниеге әкелген дарынның әрқашан қадір-құрметке бөленерін ізбасар ақын мықтап ұғынды. Абай ақындығына ден қойып, одан медет тілегендер көбіне халық қамы жайындағы кешелі ойлардан өріс алып, үлгі шашуға талпынды. Әрине, олардың ішінде Шәкәрімнің орны бөлек. Кенбай да Абай рухын насихаттаулардың ірісі болғаны рас. Тайыр Жомартбаевтың, қазақтың тұңғыш публицист қызы Нәзипа Құлжанованың Абайға арнаған өлеңдері мен сүбелі ойлары Қазақ газетінде жарияланды «Уақ» деген бүркеншік атпен 1914 жылы жазған автор сол ойларды мәнді түйіндеп, күніне жүз оқысаң да жабықтырмайтын, бір ойынан бір пікірі асып түсетін жыр маржанын айта келіп: «Сөзі рас, сөзі таза, сөзі ақыл, Көңілге бір жері жоқ, жабыспайтын. Қазақта мұнан артық сөз шыққан жоқ, Бағалап мынау не деп пар ұстайтын... Есіл ер бұл заманда болмайды-ау деп, Қазақта қабырға жоқ қабыспайтын...» - деуі Абайдың қоғам алдындағы беделі мен салмағын айқын танытады. Осы ойларды Сұлтанмахмұт «пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан табарлыққа ашық тұрады марқұм Абай өлеңдері» деп тұжырымдауы ақынның аузынан әлдеқалай шығып кеткен әншейінгі әдемі сөз емес еді. Абайға арналған өлеңдердің, оның ішінде Сәкен жырының қай-қайсысы болмасын, сөз маржанын қомақты ой-пікірмен әрлендіре түсіп, көркемдікті әлеуметтік менімен ажарланғанда ғана жұрт жүрегіне жол табатынын көрсетті. Және сол кезде қолына қалам алғандардың жалпақ қазақ тілімен-ақ ел- жұртқа керекті ой-пікір айтып, сана-сезіміне жеткізе алатыны, солай болуға тиіс екендігі эстетика, таным-біліктің сүбелі талабы болып қалыптасты. Осы жөнінде қазақтың қоғамдық ойының көгінде жарық жұлдыз бола білген Міржақып Дулатұлының мына мойындауының мәні зор. Қазақ зиялыларында орыс, араб, парсы сөздерін араластырып жазу машығы күшті болған тұста, яғни «1908 жылы «Оян қазақты» жазып жүргенімде, әлгі «әдеби тілдерді» неғұрлым көбірек кіргізу жағын ескерусіз қалдырмадым. Сол жылдарда Абай кітабы Һәм «Қырық мысал» шықты. «Қырық мысалды» оқығанымда өзімнен-өзім ұялдым. Өзімнің Һәм өзім секілділердің адасып жүргенін сонда байқадым» (266-6.) дегені ана тілінің қуатын сарқа пайдалану қажеттігін ұғынғандығын көрсетеді. Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салып, әдеби тілін қалыптастырды дегеннің нақты дәлелін осындай «мойындаудан көріп», бүкіл қазақ әдебиетінің ендігі беталысы таза ана тілінің байлығын игеруде екенін анық аңғарамыз. Абайды оқығандардың да, Абайдың шапағаты тиіп, ақындық сапарға шыққандардың да қазақ тілінің лексикалық қорын сарқа пайдалануға, әрі бейнелі, әрі түсінікті шығарма беруді машыққа айналдыруға ұмтылыстары ұлы Абайдың ұстаздық бейнесін танытады. Сәкен Абай үлгісімен талай шумақтар жазғаны белгілі. Әсіресе «Ғазелде» Абайдың өлең өрнегін айнытпай қолданып, ұлы ақыннан шеберлікті шыңдаудың жолын үйреніп жүргенін көрсетеді. Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегі - жарқын да ажарлы жаңашылдығы болса, Сәкеннің үлгі алғаны да, шама-шарқынша ілгері дамытқаны да осы саладан анық көрінеді. Кейбіреулер Сәкен Абайға онша құлай қоймады дегенді сылтау қылып, Абай мен Сәкен арасына "Қытай қорғанын" соғып, алшақтатып жіберуге тырысады және бұл мәселені көбіне идеялық арнада алып шықпақ болып жүргендер де жоқ емес. Қазақ өлеңінің өрнегі жағынан болсын, әуендік мақамы, әуездік ырғағы жағынан болсын реформа жасауда Абай мен Сәкеннің орындары ерекше. Екеуінің рухани табысатын ұлы арнасы да осы салада.
Абай қазақтық өңге бейімделген силлабикалық өлеңіне тониканың үлгі-өрнектерін білдірмей қосып отырды. Бұл ақын қуатының мықтылығынан, күштілігінен. Абай өлеңдерінің өрнегі мен өлшемдері былайғы жұртқа әлімсақтан бері қазақ поэзиясының төл түзілісі болып көрінеді. Өйткені Абай диірменінің құдіреті сондай - ол қандай жаңа түр-үлгісі болсын, жаңа мақам-ырғақ болсын ұнтақтап өз ыңғайына бағындырған уақытта шектен шыққан ұнның қай түрі болса да қазақ диірменінен, таным-түсінігінен шыққандай, ешбір қоспасы сезілмей тұрады. Бәрі бейтаныс болғандықтан Абай сөзі айрықша тартымды да қызықтырғыш. Оның үстіне өрнек арқылы үлкен ғибрат-мағына өріліп, дестеленіп шыққан кезде Абай жасаған жаңа дүние дәстүрлік сипатқа ие бола түседі. Қазақта бұрын бар ма еді, жоқ па еді деуге шамаң келмей, тұмылдырықталған тайлақтай Абайдың соңынан ере бересің.
|