Сабақтың аты §20 Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары



бет2/2
Дата04.08.2017
өлшемі239 Kb.
#22961
түріСабақ
1   2

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (изопроцестер арқылы 4 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Оның математикалық өрнегін жазыңдар ?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Термодинамикалық параметрлердің өзгерісінде қандай физикалық шамалар пайда болады?

  2. Қандай термодинамикалық процесті білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (14 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы




Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа атсалысуы































Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.



Ү. Топтық жұмыс (6 минут)

Суретпен жұмыс

Жасаған жұмыстарын бағалаудың мақсатына сәйкестендіру



VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Термодинамикалық процестер дегеніміз не?



2

Түсіну

Термодинамикалық процестерді жаз?



3

Қолдану

Жабық ыдысқа 200 Дж жылу бергенде оның ішкі энергиясы қаншаға өзгерді ?


4

Талдау

Изахоралық және адиабаталық процестерді салыстыр?



5

Жинақтау

Термодинамиканың І заңының формуласының изопроцестерде өзгеруін жаз?




6

Бағалау

Изопроцестердің техника үшін маңызы қаншалықты?


Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.



ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

12 жаттығу 5 есеп

Кейінгі оқу

§20 Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс


Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс тақырыбында жазған рефлексиям

Мен 18 қараша күні жоспар бойынша «Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс» тақырыбындағы 8-сыныпқа сабағымды өттім. Оқушылар сабаққа түгел қатысты. Түгелдеп болған соң сынып оқушыларының көңіл-күйін , жағымды сұрақтар арқылы көтеруді жөн көрдім. Бүгінгі сабақ алдындағы көңіл-күйлерің қандай ? –сұрағына оқушылар бармақ арқылы өте жақсы екенін көрсетті. Сабағымды бастамас бұрын сынып оқушыларын топқа бөлуді жөн көрдім. Парақ қиындыларына изопроцестерді жазып, сол бойынша оқушылар төрт топқа бөлінді.(изобара, изохора, изотерма, адиабата) Топқа бөлінген соң, топтағы рольдерді анықтап алуын оқушылардан сұрадым. Оқушылар өзара келісіп, топта көшбасшы, хатшы, бақылаушы және уақыт сақшысы болып бөлінді. Баяндамашыны стикер арқылы өзім столына жабыстырып кеткен оқушы болды. Өйткені зерттеу оқушыларды сөйлетуге, топта қорғап шығуға бағыттадым. Топ бөлініп біткен соң үйтапсырмасын ашық –жабық сұрақтар қою арқылы қаншалықты меңгергенін білуге тырыстым. Үйге «Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады?

Оның математикалық өрнегін жазыңдар ?» деген сұрақтар алқылы оқушылардың ойлап, шешім қабылдап, жауап беруіне мүмкіндік тудырдым.Үйге берілген тақырып күрделі, алайда «Н», «Д», «А»- есімді оқушылар барынша жауап беруге тырысты.Әсіресе «Н» есімді оқушы толық, нақты сыни тұрғыда жауап берді. Осылайша үй тапсырмасына қанағаттанарлық жауап алдым .

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын сұрақ қою техникасын қолдандым, онда түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау арқылы миға шабуыл, яғни ортаға проблема тастадым. Мәселен «Термодинамикалық параметрлердің өзгерісінде қандай физикалық шамалар пайда болады?

Қандай термодинамикалық процесті білесіңдер?» Тақырыпты 4 топқа бөліп бердім. 1 топ Изобара, 2 топ изохора, 3 топ изотерма, 4 топ адибата. Бағалау парағын тараттым. Бағалау өлшемдерін оқушылар мен бірге талқылап, бағалау парағына жаздық. 14 минут уақыт бердім. Осы уақытта оқушылар оқып,топта талқылап, қорғады. Сабақ барысында оқушылардың ынтымақтастығы артқанын көрдім. Өйткені оқушылар кітаптан оқып, ықығанын ортаға салып талқылады. Уақыт сақсылары уақытты топ мүшелеріне ескертіп отырды. Бұл топ мүшелерінің өздерінің міндеттерін жүзеге асыруына ықпал етті. Топ мүшелері ішінде пікір алмасу жүрді. Пікір алмасу соңында баяндаушы қорытындылап формативті бағалап берді. Соның ішінде 4 топтағы «А» есімді оқушы толық, нақты бағалап берді. Топтық жұмыс соңында оқушыларға келесі жұмыс жасау үшін экранга суреттер шығарып бердім. Бұл суреттерден қысқаша эссе жазу тапсырылды. Жұмыс 6 минутқа созылды. Жұмыс соңында топтар бір-бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы формативті бағалады.

Топтық жұмыстан соң Блум таксономиясы негізінде негізінде жасалған деңгейлік тапсырма алдым. Осы тапсырманы орындау барысында көптеген оқушылар қолдану деңгейінде, ал көпшілігі талдау деңгейінде, 2,3 оқушы бағалау деңгейін бағындырды. Әрине бұл тапсырма оқушыларға оңай тиген жоқ, өйкені оқушылардың көбісі қолдану мен талдау тапсырмаларын орындауда қиналды. Яғни Блум таксономисы арқылы дайындалған тапсырмалар арқылы оқушылардың деңгейін білуге болатынын және дарынды, талантты балаларды анықтауда маңызы зор екенін түсіндім. Алдағы уақытта осындай тапсырмаларды көп алуды жөн көріп отырмын. Уақыт аясында оқушылардан тапсырманы жинап алып, әр оқушыға екі жұлдыз, бір ұсыныс жаздым.

Қорыта келе, оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін Блум таксономисының маңызы зор екенін түсіндім. Өйткені оқушылардың бәрі бірдей емес, жас ерекшеліктері әр түрлі, білім деңгейлері де әр түрлі және олардың іс-қимылы табысты болуына мұғалімнің ролі ерекше және де оқушылар өздерінің бүгінгі өткен сабақтары жайлы рефлексияны стикерге жазып, тақтадағы «Не ұнады? Не қиын болды? Мұғалімге сұрақ?» плакатына жабыстырды.Рефлекция нәтижесінде оқушылардың барлығына бүгінгі сабақ керемет өткендігін, ешқандай зерігудің болмағандығын баса айтты. Мәселен «Н» есімді оқушы ұтымды сұрақтар көп болғанын айтса, «С» есімді оқушы термодинамика жайында керемет түсінгенін айтты. Алайда жұмыс болған жерде аздап түсінбеушіліктер де болып жатты.Мәселен «Т» есімді оқушы термодинамика сөзіне түсінбегенін айтты.

Сабақта сәтті шыққан тұстарым :


  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызуым

  2. Оқушылардың топтық жұмысты меңгеруі

  3. Өздігінен білім алу қалыптасты

Сабақта сәтсіз шыққан тұстарым:

  1. Уақытты ұтымды пайдалана алмауым

  2. Оқушылардың қысқа жауап қайтару

  3. Кейбір топтағы оқушылардың тақырыпты ашуда әлсіздік жасауы

Сәтсіздікті жою жолдарым:

  1. Тапсырмаларды берілген уақыт аясында жасауға жұмылдыру

  2. Оқушыларды көп сөйлетуді қажет ететін қосымша сұрақтарды қою

  3. Оқушылардың қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу және шектеуді болдырмау

1


§20 Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы

  • Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы жайлы мағлұмат беру

  • Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы ның формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Миға шабуыл;
Топтық жұмыс

АКТ(электронды окулық);


Топтық жұмыс
Жеке жұмыс


Ашық-жабық сұрақтар,

кері байланыс



  • Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы жайлы мағлұмат алады

  • Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Мадақтау,
Критерий арқылы бағалау,
Бағдаршам;
Екі жұлдыз бір ұсыныс;
Рефлексия


Ашық-жабық сұрақтар, Блум таксономиясы

  1. 8-сынып оқулығы Алматы «Мектеп» 2012

  2. Интернет желісі

  3. 8-сынып дидактикалық материалдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет