САБАҚ ЖОСПАРЫ
Бекітемін_________
Пән аты: Биология
Сыныбы: 7 «А», «Б»
Күні: 24-28.11.2015ж
Сабақтың аты
|
Басаяқты ұлулар класы
Сегізаяқтар,кальмар, каракатица. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Жалпы мақсаты
|
Басаяқты ұлулар класы туралы мағлұмат беру;
Осы типке жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін талдай білуге үйрету;
Топпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Басаяқты ұлулар жайлы білетін болады;
Басаяқты ұлулар класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін талдай білуге үйренеді;
Топпен бірлесіп жұмыс жасай алады.
|
Негізгі идеялар
|
Денесін қозғалысқа келтіретін бұлшықетті аяғы баста болғандықтан, бұлар басаяқты ұлулар деп аталады.Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер.Басаяқтылардың қазіргі кезде 800-ге жуық түрі бар.
Басаяқты ұлулардың өкілдеріне-кальмар, каракатица, сегізаяқ жатады.
Олардың басында 8-10 қармалауыштар аяқтыңда қызметін атқарады.су тереңінде тіршілік ететін кальмардың кейбіреуі қармалауыштарымен қоса есептегенде ұзындығы 18 метрге дейін жететіні анықталған.Ондай кальмардың салмағы 300 кг тартады екен. Каракатица-су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды.Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Сегізаяқ-су түбінде баяу қозғалады.
Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды,т.б қорек етеді.Сегізаяқтар мен каракатицаны қытайлықтар, корейлер және жапондықтар тағам ретінде пайдаланады.
|
Тапсырмалар
|
1.Топтық жұмыс (Мағынаны таны)
2.Жұптық жұмыс (Салыстыру)
3.Жеке жұмыс (Кеңейтілген тапсырмалар)
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
1.1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2.Топқа бөлу ( ұлулар типінің өкілдері бойынша топқа бөлу).
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау ( 5 минут)
“Ой толғаныс”
Сұрақтар:
Былқылдақденелілер деп аталуы неге байланысты?
Былқылдақденелілер типі неше класқа бөлінеді?
Былқылдақденелілердің мүшелер жүйесі туралы не айтуға болады?
Буылтық құрттармен салыстырғандағы ерекшеліктері қандай?
Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
1. Қосжақтаулы былқылдақденелілердің тыныс алу жүйесі:
|
а) желбезек б) өкпе және тері
ә) өкпе в) желбезек және тері
|
2. Тоспа ұлуы қалай тіршілік етеді:
|
а) тері – бұлшықет қапшығы арқылы жорғалап жылжиды
ә) суда тез жылжып, тіршілік етеді
б) дененің бауыр жағында орнадасқан бұлшықетті аяғы арқылы жорғалап жылжиды
в) топрақтың терең қабығында өмір сүреді.
|
3. Ауылшаруашылық өнімдеріне зиян келтіретін былқылдақденелілер:
|
а) тоспа ұлуы б) жалаңаш шырыштар
ә) айқұлақ в) кальмар
|
4. Тоспа ұлуының қаны қандай?
|
а) түсі жоқ б) көгілдір
ә) қызыл в) жасыл
|
5. Айқұлақтың дернәсілі қалай аталады?
|
а) трохофора б) глохидий
ә) велигер в) науплиус
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
а
|
а
|
б
|
а
|
б
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ (20 минут)
3.2.Миға шабуыл (2 минут)
1.Кластың басаяқтылар аталу себебі не?
2. Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар, олар қандай қызмет атқарады?
3.Ұлулар қалай қозғалады?
Оқушылардың жауаптары бармақпен бағаланады.
3.3. Топтық жұмыс «Мағынаны таны» (15 минут)
Топтарға мәтін таратылып беріледі,оқып талқылайды.
Тапсырманы оқып, топта талқылап, түсіндіреді.(әр топқа 1 минут)
Жасалған жұмыстарда топтар бағалауды критерийлер арқылы жүргізеді.
3.4. Жұптық жұмыс: «Салыстыра талдау»
Жұптық жұмысты өзара бармақпен бағалау арқылы жүргізеді.
Ерекшеліктері
|
Бауыр-
аяқтылар
|
Қосжақтау-
лылар
|
Басаяқты-
лар
|
1. Бас бөлігі жойылып кеткен
|
|
|
|
2. Бақалшағы жойылып кеткен
|
|
|
|
3. Көздері қармалауыштарында
орналасқан
|
|
|
|
4. Құрлықта мекендейді
|
|
|
|
5. Көздері болмайды
|
|
|
|
6. Тез қимылдайды
|
|
|
|
7. Өсімдіктермен қоректенеді
|
|
|
|
8. Жыртқыштар
|
|
|
|
VI. Бекіту тапсырмалары
4.1. Жеке жұмыс (деңгейлік тапсырмалар) (8 минут)
І-деңгей
Сөйлемдерді толықтыр
Былқылдақденелілер_____________атаймыз
Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат_______________атаймыз
Шапаншаның үстіңгі бетінен________________түзіледі
Аяқ-ұлулардың негізгі________________мүшесі.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар___________тыныс алады.
ІІ-деңгей
Кестені толықтыр
Ұлулар типі
Класс
|
Өкілі
|
Өмір сүру формасы
|
Құрылыс ерекшеліктері
|
Маңызы
|
Бауыраяқтылар
|
|
|
|
|
Қосжақтаулылар
|
|
|
|
|
Басаяқтылар
|
|
|
|
|
ІІІ-деңгей
Ұлулар туралы жалпы түсінігіңді жинақтап жаз
Оқушылардың жауаптары екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағаланады.
4.3. Кері байланыс кезеңі. Рефлексия «Флешбоун» әдісі(2 минут)
Берілген балық қаңқасы суретіне бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ой түйіндерін балықтың қабырғаларына жазып шығады.
V. Үйге тапсырма
Кейінгі тапсырмалар
|
§ 45 тақырыпты оқу
|
Кейінгі оқу
|
Біліміңді сына сұрақтарына жауап жазып келу
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |