Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі жайлы мағлұмат беру
Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Топта бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі жайлы мағлұмат алады
Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі
Бұл тұжырымды итальян ғалымы Галилео Галилей жасаған болатын
Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі еркін түсу деп аталады.
Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады.
80 жылдан кейін Ньютон оны жүзеге асырды. .(Ньютон түтікшесімен тәжірибе көрсету).g-еркін түсу үдеуі.g=9,8 м/с2.
Белгілі бір h биіктіктегі дененің жерге қанша уақыттан кейін түсетінін және түскен сәтте оның жылдамдығы қандай болатынын есептеу қажет болсын. Бастапқы жылдамдық нольге тең. Дененің қозғалысын Жермен салыстырамыз.Дене төмен түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған a=g үдеумен s=υ0t+at2/2 заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады. Жолдың ұзындығын түсу басталған нүктеден, уақытты түсу басталған мезеттен есептейміз, ал төмен қарайғы бағытты оң бағыт ретінде аламыз.Қозғалыс заңы s=gt2/2, v=gt, s=h. Осы теңдеулерден: t=√2h/g, v=√2gh.