Сабақтың аты Газдың мольдік көлемі. Сілтеме



Дата14.04.2017
өлшемі52,42 Kb.
#13907
түріСабақ

Пәні

Күн

8-сынып

Жамалиева Гүлсара



Сабақтың аты

Газдың мольдік көлемі.

Сілтеме

Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина – химия, 8 – сынып.

Н.Нұрахметов,Н.Заграничная,К.Сарманова,8-сынып есептер жинағы.Жоспар, әдістемелік оқулықтар, электрондық оқулық, интернет,жұмыс дәптері.



Жалпы мақсаты

Оқушыларға кез-келген газдың 1 молі қ.ж 22,4 л көлем алатынын түсіндіру. Газдардың молярлық көлемі жайлы түсінік қалыптастыру. Сандық есептер шығару үшін өлшем бірлікті пайдалану.

Оқу нәтижесі

Сандық есептерді орындау кезінде моль саны, молярлық көлемін түсініп,оны қолдануды сан есептерін орындау арқылы уйрену.

Негізгі идеялар

- Оқушылар «газдардың молярлық көлемі»,Авогадро заңын түсіну арқылы формулаға сүйеніп,есептеулер жүргізу.

- Газдардың салыстырмалы тығыздығы D деп белгіленетінін, бірдей жағдайда бірінші газдың екінші газ бойынша молекулалық массаларының қатынасына тең екенін түсіндіріп, оны сан есептеріне пайдалана білуге дағдыландыру.

- Анықтамаларды баяндап беру дағдысын дамыту.


Тапсырмалар

1. Алдыңғы сабақтармен байланыс.Сұрақ-жауап.

2. Глоссарий

3. Жигсо әдісі.

4. Постер қорғау, ресурспен жұмыс.

5. «Ыстық орындық». Тыңда.Ойлан.Жауап бер.

6. Оқулықпен жұмыс.



Кейінгі тапсырмалар:


§28.76-бет І топ - №9, 81-бет. Массасы 22 г көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж)табыңдар.

ІІ топ -№10,81-бет. 4,9 г калий хлораты KCIO3 ыдырағанда түзілетін оттектің массасын, көлемін (қ.ж) есептеңдер.

ІІІ топ - №9,81-бет . Зат мөлшері 1,5 моль оттектің көлемі (қ.ж) неше литр болады?


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.

- Оқушылармен амандасу.

-Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

-Оқушыларды топқа бөлу.

-Мақсатын айту.

ІІ. Үй тапсырмасы. Алдыңғы сабақтармен байланыс.Білім. 5 мин.

«Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр » Д.И.Менделеев.

І – топ.

-Ауаның құрамын кімдер және қашан зерттеді?

-Ауаның құрамы қандай?

-Ауаны зиянды газдармен ластамаудың қандай шараларын білесіңдер?

ІІ – топ.

-Реакцияның жылу эффекті деген не?

-Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар деген не?

-Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы қандай факторларға тәуелді

болады?

ІІІ – топ.

-Оттек қандай элемент.

-Оттекті алудың қандай жолдарын білесіңдер?

-Оксидтер дегеніміз не?Мысал келтіріңдер.

Бағалау өлшемдері:

Сұраққа толық өзі жауап берсе,дәлелдемелер келтірсе – «5»

Сұраққа жауап берсе - «4»

Сұраққа толық емес, жолдасының көмегімен жауап берсе – «3»

Сұраққа ешқандай жауап бермесе – «2»

Бағалау бетшесі


Оқушының

аты-жөні


Алдыңғы сабақтармен байланыс

глоссарий


Топтық

Жұмыс.


ЖИГСО әдісі

Постер қорғау ,

ресурспен

жұмыс.


Ыстық

орындық


Оқулықпен

жұмыс


Қорытынды

баға





























III. Түсіну. «Мағынаны тану». Жаңа сабақ. 5 мин.

Электрондық оқулық негізінде түсінік беру.

1811 ж. А.Авогадро газдар жайлы заң ұсынды:

Бірдей жағдайда(температура мен қысымда)әр түрлі газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны бірдей болады.

Қ.ж, яғни 00С температурада, 1 атмосфералық қысымда(101,325 кПа)кез-келген газдың бір молі 22,4 л көлем алады.

Молярлық көлем(VM) деп (қ.ж)берілген газ көлемінің (V) зат мөлшеріне(v-ню) қатынасын айтады.

VM= , одан ; V=VM ;

V-берілген газ көлемі, VM-молярлық көлемі, - зат мөлшері, моль.

= M= ; ;

IV. Қолдану. 3 мин. Тірек сөздерглоссарий :

Авогадро саны (NA)

Молярлық көлем (VM)

Көлем (V)

Зат мөлшері (). Моль.

V.Талдау. Топтарға тапсырма (ресурстар беріледі) - Жигсо әдісі. 5 мин.

І топ – Авогадро заңы қалай тұжырымдалады? Авогадро саны нешеге тең?

ІІ топ –Молярлық көлем дегеніміз не? Формуласы калай өрнектеледі?

ІІІ топ – Егер массасы белгілі болса, көлемді қалай табамыз?

VI.Жинақтау. «Кері байланыс».

- Постер қорғау, ресурспен жұмыс. 8 мин.

1-топ. Қ.ж 6 моль оттектің көлемін есептеңдер.

2-топ. 6,72 л күкіртті сутек қанша зат мөлшерін құрайды?

3- топ. 8.8 г көмірқышқыл газы (қ.ж)қанша көлем алады?

- «Ыстық орындық». 7 мин.

-Оқулықпен жұмыс . 7 мин. І топ – 81-бет №8

ІІ топ - 81-бет №6

ІІІ топ - 81-бет №5

Үйге тапсырма: 1 мин. §28. 76-бет. І топ – №9, 81-бет. Массасы 22 г көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж)табыңдар.

ІІ топ - №10,81-бет. 4,9 г колий хлораты KCIO3 ыдырағанда түзілетін оттектің массасын, көлемін (қ.ж) есептеңдер.

ІІІ топ - №9,81-бет. Зат мөлшері 1,5 моль оттектің көлемі (қ.ж)неше литр болады?

Газдың мольдік көлемі тақырыбына интернеттен деректер жинап, дәлелдемелеріне түсінік беру.



Бағалау. Бағалау бетшесін қорытындылау.

Рефлексия кезеңі: 2 мин.

- Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс қарым-қатынасты тудыру.

- Оқушылардың өзін – өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым – қатынас принципін үйрету.

- Бүгінгі сабақтың сіздер үшін маңызы қандай? «Менің көзқарасым».



Бағалау:

- Бағалау өлшемдері бойынша оқушылар өзін – өзі бағалайды. Бағалау бетшесін толтырады.

-Смайликтер беру.

-Мадақтау.

-Формативті бағалау.

-Қорытынды бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет