Сабақтың аты Жалаң және жайылма сөйлем 97-101 жаттығу Сілтеме Жоспар



Дата21.07.2017
өлшемі54 Kb.
#21872
түріСабақ
Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті

85 орта мектеп



Қайруллаева Айгул Әділбекқызы

Қазақ тілі 3-сынып

Сабақтың аты

Жалаң және жайылма сөйлем 97-101 жаттығу

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушыларлың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауые сөйлеу тілін дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Жалаң және жайылма сөйлемнің бір-бірінен ерекшелігі неде екендігі туралы білуге машықтанады.

  • Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыруға машықтанады.

Тапсырмалар

Топтық тапсырмалар

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.2. Топқа бөлу (Түрлі түсті қағаздарды тарата отырып, 4 топқа бөлінеді.)

Талқылау үшін сұрақтар беріледі.

1.Сызбаны сөйлет.


Сызбаны сөйлет

Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы Тұрлаусыз

Бастауыш Анықтауыш

Баяндауыш Толықтауыш

Пысықтауыш




2. Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

1 – топқа Марат ойыншықпен ойнады.

2 - топқа Қыста мал қорада тұрады.

3-топқа Түйе боталады.

4-топқа Жаңбыр жауды.

Жай сөйлем


Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем

Түйе боталады. Қыста мал қорада тұрады.

Жаңбыр жауды. Марат ойыншықпен ойнады.



97-жаттығу

1.Сөздерден сөйлем құрап оқы, оларды сөйлем мүшелеріне талда.
күн бұлттанды биікке ұшақ
көтерілді кірді мұғалім түн сыныпқа
сыныпқа қуанды Динара ұзарды
2.Құраған жалаң, жайылма сөйлемдеріңді тиісті пойыз вагондарына орналастыр.

Бұл сөйлемдердің бір-бірінен ерекшелігі неде?
Сөйлемдерді_көшіріп_жаз._Жай_сөйлемнің_түрін_анықта._Ол_жалаң_сәйлем_бе,_әлде_жайылма_сөйлем_бе'>Топтық жұмыс

98 – жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жай сөйлемнің түрін анықта. Ол жалаң сәйлем бе, әлде жайылма сөйлем бе?

1-топқа Өнерлі өрге жүзеді.

2-топқа Боран соқты. Жарыс залда өтті.

3-топқа Жаңбыр сіркіреді.

4-топқа Екі дос мектептен қайтты.

Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем

Боран соқты. Өнерлі өрге жүзеді.
100 – жаттығу

Семантикалық карта

Сөйлем


Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Ұшақ биікке көтерілді.




+

Айман мені кітапханада күтеді.




+

Күн жылынды.

+




Керек – жарақтың бәрі бар.




+

Әжем шұлық тоқыды.




+

Бау байланды.

+





Ойын «Крестиктер – нөлдіктер»


1

2


3

4


5

6

7

8

9

1.Бастауыш пен баяндауыштан тұрған сөйлемді ................. сөйлем дейміз.

2.Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдерді ............ жайылма сөйлем дейміз.

3.Жазира әдемі биледі. Жай сөйлемнің түрін ажырат.

4.Сәуле үтіктеді. Бастауышты тап.

5. Ара гүлге қонды. Тұрлаусыз мүшені тап.

6.Жай сөйлем нешеге бөлінеді?

7.Лаура кітапханаға келді. Баяндауышты тап.

8.Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр. Арман шомылды.

9.Тұрлаулы мүшелерді ата.


Жұптық жұмыс

101-жаттығу

Бірігіп ребусты шешеді.

1 – оқушы Сөйлем түрін анықтайды.

2 -оқушы Сөйлем мүшелеріне талда.
Сабақты қорытындылау

Блум таксономиясы

Білу




Түсіну




Қолдану




Талдау




Салыстыру





Сабақ рефликсиясы

Кемені бояту

Кері байланыс (сұрақ,не үйрендім, не қиын болды.)




Кейінгі тапсырмалар

99 - жаттығу

Кейінгі оқу





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет