Мағананытану Жаңа сабақ Шырақтардың әр түрлі ендіктердегі тәуліктік козғалысы. Бақылау орнының географиялық ендігі өзгеруіне байланысты аспан сферасының айналу осінің горизонтқа қатысты бағдарының өзгеретіндігін біз енді білеміз. Аспандағы шарықтардың жердің Солтүстік полюс, экватор және орта ендіктеіндегі аудандарында көрінетін қозғалысы қандай болатындығьн қарастырайық.
Жер полюсінде дүние полюсі зенитте тұрады да, жұлдыздар горизонтқа параллель дөңгелектер бойымен қозғалады(1, а-сурет).Бұл жерде жұлдыздар тумайды да, батпайды да, олардыц горизонттан биіктігі өзгеріссіз қалады.
Орта ендіктерде бататын да, туатын да және горизонттан төмен түспейтін де жұлдыздар болады (1, б-сурет). Мысалы, полюс маңындағы шоқжұлдыздар (1, б-сурет) КСРОның географиялық ендіктерінде ешкашан батпайды. Дүниенің солтүстік полюсінен жыракта орналаскан шокжұлдыздар горизонт үстінен азғана уақыт көрінеді. Ал одан гөрі оңтүстікке бейімдеуі тумайтын шокжұлдыздар.
Бірақ бақылаушы оңтүстікке карай бет алып жүрген сайын, соғұрлым ол оңтүстіктегі шоқжүлдыздарды көбірек көре алады. Жер экваторында бір тәулік ішінде бүкіл аспандағы шоқжұлдыздарды көруге болар еді, бірақ оған күндіз Күн бөгет жасайды.
Экватордағы бақылаушы үшін барлық жұлдыздар горизонт жазықтығына перпендикуляртауды және батады. Мұнда әрбір жұлдыз горизонт үстінде өз жолының дәл жартысын өтеді. Ол үшін дүниенін солтүстік полюсімен солтүстік нүкте, ал дүниенің оңтүстік полюсімен оңтүстік нүкте беттеседі. Дүние осі горизонт жазықтығында жатады (1, в-сурет).
1. Үлкен және кіші уақыт аралықтарын өлшейтін табиғи бірліктер.
2. Нақты және орташа күн тәулігі.
3. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт.
4. Жұлдыздық уақыт
5. Күнтізбе.
6. Ай күнтізбесі.
7. Тоғыс күнтізбесі.