Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау парақшасымен таныстыру
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
|
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Үй тапсырмасын пысықтау
|
«Білгенге маржан» қайталау сұрақтары:
. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Атомның күрделі екенін көрсететін қандай эксперименттік нәтижелерді білесіңдер?
Радиоактивті элемент және радиоактивті сәулелену деген не?
Магнит өрісінің радиоактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі қандай?
Радиоактивтік дегеніміз не?
Атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген?
Протонның, электронның зарядтары неге тең?
Ядроның мөлшері, заряды туралы не білесіңдер?
Ядро қандай бөлшектерден тұрады?
Ядроның массалық сан нені білдіреді?
Ядроның заряд саны деген не?
Нуклондар, нуклидтер деп нені айтады?
Изотоп деген не?
|
|