Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты


ІІІ-кезең. Жаңа сабақты түсіндіру



бет155/215
Дата07.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#83076
түріСабақ
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   215
Байланысты:
9 физ ҚМЖ

ІІІ-кезең. Жаңа сабақты түсіндіру. «Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері. Бор постулаттары».
Денелердің шығаратын сәулесінің түрлі түске жіктеліп немесе сызықтар түрінде көрінуін спектр деп деп атайды.
Спектрлер: 1.жолақ (тұтас) спектрді – тығыздығы өте үлкен денелер шығарады. 2.шығару сызықтық спектрін – тығыздығы өте аз қызған газдар немесе плазма береді. 3.жұтылу сызықтық спектрі – өте қызған денеден шыққан жарықты сирелген газ арқылы өткізген кездегі қара жолақтар.
Химиялық элемент қандай толқын ұзындығында сәуле шығарса, сондай толқын ұзындығында сәулені жұтады.
Заттың химиялық құрамын оның сызықтық спектрі арқылы анықтау әдісі спектрлік анализ деп аталады. Бұл әдісті 1859 жылы Г. Кирхгоф пен бунзен экспериметтік зерттеулерге енгізді. Спектрлік анализдің көмегімен гелий, германий, және скандий элементтері ашылды.
1855 жылы И. Бальмер сутегі спектрін талдай отырып, оның көзге көрінетін толқын ұзындықтарын анықтайтын формуланы көрсетті:  =λ0
Мұндағы λ0=364,6 нм, n=3,4,5,6. Бұл формула Бальмер сериясы деп аталады. И. Ридберг 1890 жылы Бальмер сериясындағы спектр сызықтарының жиілігін анықтау формуласын ұсынды: v=R . Мұндағы, n=3.4.5.6. мұндағы R=3.288*1015 Гц – Ридберг тұрақтысы деп аталады.
Эксперимент жүзінде алынған жоғарыдағы нәтижелер мен формулаларды теориялардың бірде-біреуі түсіндіре алмады. Бұл тұйықтан шығудың жолын 1913 жылы Нильс Бор өзінің екі постулаты арқылы түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет