Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау парақшасымен таныстыру
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
|
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Үй тапсырмасын пысықтау
Қызығушылығын артыру
|
1.Қызған денелердің сәуле шығарып электр магниттік энергия таратуы қалай аталады?
2.Денелердің температурасы тым жоғары болса олар көрінбейтін қандай сәулелер шығарады?
3.Өзіне келген әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені қандай дене деп атайды?
4.Абсолют қара дененін сәуле шығару заңы?
5.Сәулелер арқылы тарайтын немесе жұтылатын ең кіші бір үлес энергия ...
6.Резерфорд атомның күрделі құрылымын ашты және онын қандай моделін ұсынды?
7.Эйнштейн формуласын жаз
8.Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құрал?
9.Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектер?
10. Бір-бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін қалай атайды?
11.Заттың химиялық құрамын анық сызықтық спектрі арқылы анықтау әдісі қалай аталады?
12.Атом энергия квантын шығаруы немесе жұтуы неге бағынады?
13. Эйнштейн жарық бөлшегі қалай аталады?
14. Фотон қатты дененің немесе сұйықтың бетіне соғылғанда одан электрондар босап шықса мұндай құбылыс не деп аталады?
15. Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
16. Радий немесе уран сияқты өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді қалай атайды?
Жауаптары
1. Жылулық сәулелену
2. Ультракүлгін сәулелер
3. Абсолют қара дене
4. Стефан – Больцман заңы
5. Квант
6. Планетарлық моделі
7. hν=Αшығу+meυ2/2
8. Фотоэлемент
9. Протондар
10. Изотоптар
11. Спектрлік анализ
12. Бор постулаттары
13. Фотон
14. Фотоэффект
15. Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды
16. Радиактивті элементтер
|
Оқушылар ауызша орындайды
|
|