ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Атом тарауы бойынша формулаларға шолу жасау?
ІҮ. Топтық жұмыс(15 минут)
І нұсқа
Ұзақ уақыт бойы қараңғыда жатыққан көз қуаты 2,1·10-17 Вт болған жағдайда толқын ұзындығы 0,5, мкм жарықты қабылдайды. 1 с ішінде көз торын қанша фотон түседі? (53)
Сутегі атомында электрон үшінші орбитадан бірінші орбитаға ауысты. Осы кезде бөлініп шығатын энергияны есептеңдер.
Қандай радиоактивті ыдырау нәтижесінде плутоний ( ) уранға ( ) айналады?
Сәулелену энергиясының максимумы толқын ұзындығы 300 нм рентгендік сәулеленуге сәйкес келуі үшін жарық көзінің температурасы қандай болу керек?
Рубиндік лазер 1025 фотоннан толқын ұзындығы 700 нм импульс шығарады. Импульс ұзақтығы 6∙10-4с. Лазердің орташа сәуле шығару қуатын есептеңдер.
Электронның металдан шығу жұмысы 8∙10-19 Дж. Ұшып шыққан фотоэлектронның кинетикалық энергиясы 9∙10-20 Дж. Металл бетіне түскен жарық сәулесінің толқын ұзындығы неге тең?
Жапқыш кернеу 1,5 В болғандағы катодтан ұшып шыққан электронның жылдамдығын тап?