1 топ 1)Егер m 1 = m2 = 2кг , ал Ғ = 12Н болса , онда денелер қандай үдеумен қозғалады?
2)Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.
3)Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?
4)60Н күш денеге 0,8 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с 2 үдеу бере алады?
5)Реактивті ұшақтың массасы 60т қозғалтқышының тарту күші 90 кН болса , ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады ?
2 топ
Массасы 5 кг дене 15 м/с2үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әрекет ету керек?
Жеңіл автокөлігінің массасы 2 т, ал жүк автокөлігінің массасы 8т. Жүк автокөлігінің тарту күші жеңіл автокөлігінің күшінен 2 есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар?
1,5 м/с2 жылдамдықпен үдейтін массасы 600 кг машинаға әсер ететін тең әрекетті күшті есептеңдер.
3 топ
Массалары m1= m2=1 кг екі, олардың арасындағы өзара гравитациялық әсер күші Ғ1 тең. Бір-біріне осындай қашықтықта орналасқан массалары 3 және 2 кг екі шардың тартылыс күші неге тең?
Денелердің арақашықтығы 3 есе арттса, онда олардың тартылуы күші қанша өзгереді?
Ой толғаныс
Кім жылдам ойыны арқылы жаңа тақырыпты жинақттау
1 топ
Массалары m1= m m2= 2m екі шардың арақашықтығы R болғанда, олардың арақашықтығы қанша өзгереді?
Денелердің өзара тартылыс күші 4 есе арттса, онда олардың арақышықтығы қанша өзгереді?
2 топ
Ұзақ уақыт бойы қараңғыда жатыққан көз қуаты 2,1·10-17 Вт болған жағдайда толқын ұзындығы 0,5, мкм жарықты қабылдайды. 1 с ішінде көз торын қанша фотон түседі? (53)
Сутегі атомында электрон үшінші орбитадан бірінші орбитаға ауысты. Осы кезде бөлініп шығатын энергияны есептеңдер.
Қандай радиоактивті ыдырау нәтижесінде плутоний ( ) уранға ( ) айналады?
3 топ
Ұзындығы 0,25 мкм жарық толқынына сәйкес келетін , квант энергиясын анықтаңдар.
Рубиндік лазер 1025 фотоннан толқын ұзындығы 700 нм импульс шығарады. Импульс ұзақтығы 6∙10-4с. Лазердің орташа сәуле шығару қуатын есептеңдер.
Электронның металдан шығу жұмысы 8∙10-19 Дж. Ұшып шыққан фотоэлектронның кинетикалық энергиясы 9∙10-20 Дж. Металл бетіне түскен жарық сәулесінің толқын