Сабақтың бағдарлама : Цилиндрлік тесіктерді өңдеу Сабақтың тақырыбы: «Бұрғылау. Бұрғы түрлері»



бет2/2
Дата23.08.2017
өлшемі240,29 Kb.
#25254
түріСабақ
1   2

а – тұтас металды бұрғылау; б – кеңейтіп бұрғылау
Бұрғылау үрдісінің негізгі кескіш аспабы бұрғы болып табылады. Бұрғының станок шпинделімен бірге өз өсі бойынша айналмалы қозғалысы бас қозғалыс, ал вертикаль бағытта ілгерілемелі қозғалысы беріліс қозғалысы деп аталады.

Спиральді бұрғы. Спиральді бұрғылар конструкциялары бойынша конусты (Морзе конусы) немесе цилиндрлі артқы бөліктерден тұрады (3.2 сурет).

Олардың жұмыс бөлігінің конструкциясы және қызметі бірдей. Жұмыс бөлігінен артқы бөлікке өтетін жері мойын деп аталады. Бұл жерге бұрғының диаметрі және оның жұмыс бөлігі дайындалған материалдың маркасы ойылып жазылады.

Спиральді бұрғының жұмыс бөлігінің элементтері және геометриясы 3.3 суретте көрсетілген.



Спиральді бұрғылар:



а – конусты құйрықшалы; б – цилиндрлі құйрықшалы

Центрлегіш бұрғы (3.4, а сурет) – күрделі пішінді дайындамаларда бітеу тесіктер алуға арналған. Бұл тесіктерді спиральді бұрғыны бағыттауға немесе дайындаманы токарлық станокқа центрлер арасына бекіту кезінде қолданады. (3.4, б сурет).


Центрлегіш бұрғы: а - центрлегіш бұрғының көрінісі;



б - центрлер арасында бекіту сұлбасы; 1 - жылжымайтын центр; 2 - дайындама; 3 - центрлегіш тесіктер; 4 ‑ жылжымалы центр

Терең бұрғылау бұрғылары (3.7 сурет) – тұтас металдарда тереңдіктері үлкен (L>5Д) тесіктерді бұрғылауға арналған. Конструкциялары, бойынша терең бұрғылау бұрғылары (d=30-80 мм) бір және екі жүзді болып келеді. Кесу жүздері қатты қорытпалардан пластина түрінде дайындалады. Кесу аймағына берілген майлау-суыту сұйығы түзілген жаңқаны бұрғының ортасындағы канал арқылы сыртқа шығарады.

Терең бұрғылау бұрғысының конструкциясы:



1 – қатты қорытпадан дайындалған кескіш пластина; 2 – бағыттағыш пластина; 3 – ішкі каналы

Қалақты бұрғылар (3.8 сурет) 2=80-150 о бұрышпен қайралған кесу жиектері бар пластинаны өзекшеге бекіту арқылы дайындалады. Қалақты бұрғылардың конструкциясы қарапайым және өте сирек қолданылады. Бұл бұрғылар көбінесе қатты соғылымдар мен құймаларды және күрделі пішінді, сатылы тесіктерді өңдеуде қолданылады.

Қалақты бұрғылар

 

Қалақты бұрғылардың кемшіліктері:



-       алдыңғы бұрыштарының мәні өте үлкен теріс мәнге ие;

-       бұрғының тесікке бағытталуы өте нашар;

-       кесу аймағында түзілген жаңқаның сыртқа шығарылуы қиын;

-       қайралу қоры (сандары) өте аз.

Көптеген бөлшектердегі тесіктердің тереңдіктері бұрғының диаметрінен 5-10 есе үлкен. Мұндай тесіктерді бұрғылау кезінде жаңқаны сыртқа шығару, кесу аймағына майлау-суыту сұйықтарын беру, бұрғыны тесіктің осіне дәл бағыттау және т.б. қиындықтар туады. Сондықтан, әрбір тесікті өңдеу шарттарына байланысты арнаулы бұрғылар қолданылуы қажет.

3.2 Жаңа материалды бекіту.)

Қазір балалар жаңа материалды бекіту мақсатында «Құпия қапшық» ойының өткіземін. Ойын ережесі: мен қазір әр бригададан төрт баладан ортаға шақырамын. Олар менім қолымдағы кезекпен қолдарын салып оның ішіндегі затты қолына ұстап қандай затты ұстағаның айтады. Сосын оның сырттына алып шығып көрсетеді. Ал,дұрыс жауапты басқа бригаданың балалары айтады. Сонымен ойынды бастаймыз.

Ал, енді бүгінгі тақырыпты қандай қандай деңгейде игергендерінді көрейік.

қазір мен сендерге кесте таратамын. Бұл кестеден бұрғының диаметріне қатысты берілісті анықтау керексіндер. Сосын әр бригада дан оқушылады тұрғызып сұраймын.

1) 1 Бригада бұрғы диметрі 16-20, болат қаттылығы 240-300. бұрғы диметрі 2-4, болат қаттылығы 160-240 Рахмет өте жақсы.

1) 2 Бригада бұрғы диметрі 6-8, болат қаттылығы 160. бұрғы диметрі 8-10, болат қаттылығы 160-240 Рахмет өте жақсы.
3.3 Енбекті қорғау және қауіпсіздік ережесін тексеру.

Рахмет. Енді осы құпия қапшықтан шыққан аспап, құрылғыларды қолдана отырып, станокта бұрғылау жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен өндірістік жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсіреміз. Қазір мен сендерге өндірісте кездесетін жағдайлар көрсетілген суреттерді беремін, ал сендер тез арада қауіпсіздік ережесі бойынша қандай талаптар орындалмағаның немесе керсінше орындалғаның жазасындар.



3.4 Практикалық бөлім (20 минут)

а) Жұмыс орындары бойынша бөлу

б)Жұмыс орындағы нұсқау

Жақсы. Қазір нұсқаушы шеберіміз Виктор Алексеевичпен сендерге бұрғылап өндеудің тәсілдерін көрсетеміз сосын сендер өздерін орындайсындар. (өңдірісітік цехта жұмыс)


ІV. Қорытынды – бағалау кезені

4.1 Қорынтынды нұсқаулық

Оқушылардың жұмыстарын шебер нұсқаушы бағалайды.

б) Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

в) Бүгінгі сабақтан өздерінге не алдындар?



4.2 Оқушыларды бағалау

а) белсенділік таблосын пайдалана отырып женіңпаз топты анықтап, үздік бағамен марапаттау.



4.3 Үй тапсырмасы

а) бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша 10 тестік тапсырмаларын дайындап келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет