Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Сын есім. ІІІ. Жаңа сабақ



Дата15.09.2017
өлшемі97,53 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Cпорт тауарлар дүкенінде. Сан есім. Сабақтың мақсаты: Қаладағы спорт дүкендерінің қызметтері туралы мағлұмат беру. грамматикалық ұғымдарды дұрыс әрі сауатты қолдану. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, логикалық ойлауын дамыту. Көрнекі құралдар: грамматикалық кесте Пәнаралық байланыс: Жағрапия, табиғаттаны, әдебиет Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Сын есім. ІІІ. Жаңа сабақ



СПОРТ

Жаңа сөздерді оқу. Лексикалық минимум: түр – вид, қай түрімен – каким видом, айналысу – заниматься, күрес – борьба, еркін күрес – вольная борьба, ұлттық спорт ойындары – национальные виды спорта, спортшы – спортсмен, жүгіру – бег, бегать, жанкүйер – болельшик, қысқы спорт түрлері – зимние виды спорта. Сізге спорт ұнай ма? Сіз спортты ұнатасыз ба?– Вам нравится спорт? Спорттың қай түрімен айналысасыз? Каким видом спорта вы занимаетесь? Мен суға жүзумен, қазақша күреспен, еркін күреспен айналысамын. Я занимаюсь плаванием, казакша курес, вольной борьбой. Сіз қандай ұлттық спорт ойындарын білесіз? Какие национальные виды спорта вы знаете? Қазақстанда бәйге, қыз қуу сияқты ойындар кең  тараған. В Казахстане широко распространены такие виды спорта, как байга, догони девушку. Спортшылардың арасында чемпиондар  көп  пе? Среди спортсменов много чемпионов?

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.                        Сіздің облысыңызда спортшылар арасында чемпиондар көп пе?

2.                        Олар қандай ойындардың жеңімпаздары?

3.                        Сіздің облысыңызда қандай командалар бар?



Сұхбаттармен танысыңыз:

1.- Жақында футбол ойыны болады.

-          Қандай командалар ойнайды екен?

-          “Есіл – Қуат” командалары ойнайды.

-          Сіз қандай команданың жанкүйерісіз?

-          Менің сүйікті командам – “Есіл”.

-          Онда ойынға бірге барайық. Мен  де  футбол  ойынын көргім келеді



2. -“Есіл” хоккей командасының белгілі ойыншысы кім?

- Команданың белгілі ойыншысы Александр Степанов.




3. - Кім жеңілді? (Кім ұтылды?)

-          Есеп қандай? Кімнің пайдасына? Есеп кімнің үлесіне?    




Қазақша айтыңыз. 1. Спорт полезен для здоровья. 2. Надо заниматься спортом, физической культурой. 3. Здоровье надо беречь.

“Спорт” тақырыбына қатысты қандай мақалдарды білесіз? Біздің облысымызда спорт қалай дамып жатыр? Әңгімелесіңіз.



Осы сөздерді пайдалана отыра «спорт дүкенінде» тақырыбы бойынша диалог құрастыру.

Мәтінмен жұмыс

Спорт тауарлар дүкенінде

Біздің қаламызда спорт тауарлар дүкені бар. Ол үлкен екі қабатты ғимарат. Бұл дүкен жаңа ашылған. Ішінде өте әдемі. Бірінші қабатта түрлі спорттық жабдықтар орналыстырылған. Әр қайсысында бағасы жазылған. Жақындап көріп, ұстауға да болады. Әр кімге кеңесшілер көмек көрсетуге әзір. Екінші қабатта барлық жасқа арналған спорттық киімдер мен аяқ киімдер қойылған. Ол бөлімде де кеңесшілер бар. Адамдарға барлық жағдай жасалған. Таңдаған киімдерді өлшеуге бөлек орын жабдықталған.


Граматикалық тақырып: сан есім туралы түсінік.

І-топ: Сан есім дегеніміз заттың санын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: неше? Қанша? Нешінші? Нешеу?

Сан есім- часть речи, которая обозначает количество предметов и отвечает на вопросы: неше? Қанша? (сколько?), нешінші? (который? Какой?), нешеу? (сколько) Мысалы: бір, екі, үш, төртінші.

Сан есім мағынасына қарай алты түрге бөлінеді.

По своему значению сан есім в казахском языке делится на:



  1. Есептік сан есім (количественные числительные)

  2. Реттік сан есім (порядковые числительные)

  3. Жинақтық сан есім (собирательные числительные)

  4. Бөлшектік сан есім (дробные числительные)

  5. Болжалдық сан есім (предположительные числительные)

  6. Топтау сан есім (разделительные числительные)

Есептік сан есім в казахском языке отвечает на вопросы қанша? Неше?
ІІ-топ. Сан есімнің түрлерін толық мағлұмат беру.



Сан есімнің жай түрі(простые числительные)

Сан есмінің күрделі түрі (составные числительные).


0-нөл

1-бір


2-екі

3- үш




8- сегіз

9- тоғыз


10- он

20- жиырма





100- жүз

1000-мың


1000000- миллион



11-он бір

15- он бес

19- он тоғыз

101- жүз бір





428- төрт жүз жиырма сегіз

1957- бір мың тоғыз жүх елу жеті






Сан есім түрлері IV. Өзіндік жұмыс. «Сан есім» мұхиты картасымен жұмыс. Аралдарға саяхат кешу.

Түрлері

Жұрнақтары

Мысалы

Реттік сан есім(поряд чис)

-ншы,-нші, -ыншы,-інші

Бір-інші (первый), екі-нші (второй)

Жинақтық сан есім (собирательные чис)

-ау, -еу сұрақтары: нешеу?

Всего семь



Біреу,екеу,үшеу,төртеу,бесеу алтау,жетеу

Бөлшектік сан есім (дробные числительные)







Болжалдық сан есім (предположитель числител)

-дай, -дей, -тай, -тей

Қырық-тай (около сорока)

Топтау сан есім (разделительные числител)

Образуются путем повторения числительных с окончаниями Шығыс сеп в конце

Бес-бестен (по пять), он-оннан (по десять)



Тапсырмаларды ауызша орындайды.

1-арал: «Есептік сан есімдер»


2-арал: «Реттік сан есімдер»


3-арал: «Жинақтық сан есімдер»


Мәтінді оқып, есептік сан есімді табыңыз.

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Аумағы батыстан шығысқа 3000 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін 1700 шақырым. Қазақстан Республикасының жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9- орында.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы әр алуан. Қазақстанда 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Негізгі ұлт қазақтар республикада 52 пайызды құрайды.


Көп нүктенің орнына реттік сан есімді қойып жаз.

Септік жалғауларын біл!

Септік деген Патшаның жеті бірдей ұлы бар:

Біріншісі-Атау

..............- Ілік

..............- Барыс

..............-Табыс

..............-Жатыс

..............-Шығыс

..............-Көмектес


Мына есептік сан есімдерді цифрмен жазып, реттік сан есімге айналдырыңыз.

Мың, Жүз. Сексен. Бес. Сегіз. Төрт. Он бір. Жетпіс алты. Екі жүз алпыс. Үш мың елу тоғыз.

Ауыз біреу, құлақ екеу.

Би екеу болса, дау төртеу.





Сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімге айналдырыңыз.

2; 6; 11; 15; 29; 36; 44; 58; 69; 74; 88; 99; 199; 1840; 3689534.




Жеті атаны ата

Атасы- бірінші, Әкесі-, Баласы- ,Немересі-,Шөбересі-, Шөпшек- ,Немене-



Мақал – мәтелден сан есімді тап.

Атадан алтау туса да,

Басыңа бір жалғыздық түсер

Ағайын алтау, ана біреу.




4-арал: «Болжалдық сан есімдер»


5-арал: «Топтау сан есімдер»


6-арал: «Бөлшектік сан есмідер»


Тапсырма: Есептік сан есімдерді болжалдық сан есмідерге айналдырыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

сегіз жүз........,қырық........., Елу........, Сексен..........,




«Сағат неше?» деген сұраққа жауап беріңіздер. Сан есімдердің қай топқа жататынын анықтаңыз.




Тапсырма: Диологты оқып, өзара сөйлесіңдер. Бөлшектік сан есмідерді табыңыздар.

Баласы: Әке, сағат неше болды?

Әкесі: сағат сегіз жарым болды. Қайда барасың?

Баласы: Банкке.

Әкесі: Банк нешеде ашылады?

Баласы: Тоғыз жарымда ашылады?

Әкесі: Онда не істейсің?

Баласы: Ақша айырбастаймын.



V. Сергіту сәті: Жұмбақ. Бір топ келесі топқа жұмбақ жасыру арқылы ой сергіту.

VI. Топ жұмысы. (дәптермен жұмыс) Берілген мәтінді оқып шығып, тақырыпқа ат беру, сан есімдерді дәптерлеріне жазып алу. І–топ тапсырмасы

1932 жылы Есіл өзенінің жағалауындағы Қараөткел округінің негізі қаланды. Кейін Ақмола сауда жәрменкелері өткізілетін орталыққа айналады. 1961 жылға дейін қала–Ақмола, 1961 жылдан кейін Целиноград болып аталады. 1939-1965 жылдары Ақмола облысының, ал 1960-1965 жылдары Тың өлкесінің әкімшілік орталығы болды. Ең таяу темір жол бекетінің атауы–Астана бекеті. Қаланың әкімшілік маңызы – Қазақстан Республикасының елортасы.

Астана қаласы арқылы тасымалданатын барлық жүктердің 96 пайызынан астамы –өтпелі жүктер. Аламты қаласы мен Астана қаласының арасы–1318 шақырым.

ІІ-топ тапсырмасы

Бір грамм алтыннан ұзындығы 3 километр 420 метрге жететін жіңішке сым жасауға болады.

Ең бірінші фотосуретті 1826 жылы франция ғалымы Жозеф Нисфор Ньеп түсірген.

Біздің планетамыздағы халықтың жартысы қар көрмепті.

Ең үлкен стадион Рио-де Жанейродағы «Маракана» стадионы. Оған 2000-дай адам сияды екен.

Бір литр суды буға айналдырса, оған 1500 литрлік цестерна керек болар еді.

Норвегияда 1 ағашты сындырған айыпты адамды сол ағаштын орнына 3 ағаш отырғызуға міндетті ететін заң бар екен.

Санкт-Петербург қаласы Нева атырауының аралдарында орналасқан. Мұнда 100-ге жуық арал бар екен.



VII. Қорытынды (10 минут).

Бекіту: Кластер арқылы «Сан есім» тақырыбын бекіту.




Үйге тапсырма сан есім. Түрлерін жаттап келу
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу