Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар! Мұнда қызық табылар



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі283,19 Kb.
#33297
түріСабақ
  1   2
Жас полиглот

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.

Түрі: зияткерлік ойын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

– Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

Сайыстан тыс қалмаңыздар!

Мұнда қызық табылар,

Білім нұры шашылар.

Ақыл, тілі дамыған,

Үлгі алайық қыздардан!

-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен  3-ші сынып оқушыларының арасында  «ХХІ  ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.

Қатысушы оқушылармен, әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

–    Сайыс 5 бөлімнен  тұрады.

І бөлім  – “ Бәйге”.

ІІ бөлім –“Полиглот”.

ІІІ бөлім – “Білімпаз”

ІҮ бөлім – “Тіл өнері “

Ү бөлім – “Тапқырлық”

ҮІ бөлім – “Жорға”деп аталады.

–  Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 10 ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшысы қалу керек.Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.



І бөлім “Бәйге” бөлімінде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)

  2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.2003 ж)

  3. Басты байлық. ( денсаулық )

  4. 12 ай (жыл )

  5. Күйді орындаушы адам ( күйші )

  6. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)

  7. Қазақша жылдың басы не? ( тышқан)

  8. 25 қазан қандай күн ?( Республика күні)

  9. Қ.Р. мемлекеттік рәміздерін ата.

  10. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)

  11. Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)

  12. Көру мүшесі не?

  13. 100 жыл ( ғасыр)

  14. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)

  15. 9 мамыр қандай күн?

  16. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)

  17. Осы жыл ненің жылы?

  18. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)

  19. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)

  20. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991) 

ІІ бөлім. Полиглот.

Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс тілдерінде айту.



  1. Мен – ақ қалам, ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам. ( бор – мел)

  1. Қарап тұрсаң өзіне,

сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды,

Дәл қазіргі кезіңе. ( айна – зеркало)


  1. Күні бойы сен оны

екі аяқтап басасың.

Жатар кезде өзіңнен

Аулақтатып қашасың. ( етік – сапоги)


  1. Күндіз бәрі қашады,

түнде аспанды басады. ( жұлдыз – звезда)

  1. Ағайынды бәрі.

Шықса жасыл,

Түссе сары. ( жапырақ – листья)



  1. Шидиген ұзын сирағы,

тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы торлар құрады. ( өрмекші – паук)


  1. Жазда қыдырады,

қыста тынығады. ( аю- медведь)

  1. Жатып- жатып инелер,

жүгіріп жаныңа тез келер. ( кірпі – ежик)

  1. Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады. ( қар – снег )

  1. Үй ішін аралап,

түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. ( тышқан – мышь)


  1. Ән салады чемодан,

ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған. ( теледидар – телевизор)

12.Өзі жап-жас, мұрты бар.

етпен сүтке ұмтылар,

тастамайды жылы үйде,

түкті тонын шұп-шұбар.( мысық – кошка)

13.Төрде жатып шалқиған,

дәу қарны қампиған. ( жастық-подушка)

14. еркін самғап ұшсын деп,

мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қайсы құсты атаймыз? ( көгершін – голубь)

15. жерде де мекен етеді,

көлде де мекен етеді. ( бақа- лягушка)

16. жұпар иісі еседі,

жайнап бақта өседі.( гүл – цветок)

17. көкпеңбек еді көктемде,

қызарды күзге жеткенде. ( алма – яблоко)

18. сыртта қапырық болып тұр,

үйде ол селкілдеп тоңып тұр. ( тоңазытқыш – холодильник)

19. жерге тырс- тырс тамады.

Сайға қарай ағады. ( жаңбыр-дождь)

20. жарға шығып ойнайды,

ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. ( ешкі –коза)

21. мен жүгірсем – жүгіреді,

мен мүдірсем – мүдіреді ( көлеңке – тень)

22. сүрткен киімі тазарып,

өзі қалды тым арып. ( сабын – мыло)

23. күндіз де жүреді,

түнде де жүреді.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ. ( сағат – часы)

24. отырмайды, тұра алмайды,

түзу жолда бұраңдайды. ( жылан – змея)

ІІІ бөлім – “ Білімпаз”. Кестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру.

Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас ойыншы сол сұраққа  жауап бере алады.

10                                 Ақындар.

Ойлан, тап.

Табиғат .

“Ақындар”.

10-  Бес жақсы, бес жаман әдет туралы жазған ақынды ата.( Абай)

20- Кезінде “қазақ даласының жұлдызы” атанған ақын, жазушыны ата.

( Ыбырай)

30- Төрт жасынан бастап мектепке барған ақынды ата. ( Мағжан Жұмабаев)

“Ойлан,тап”

10- 2 сағат 15 минут неше минутқа тең? ( 120+15 )

20-Шанаға қосарланып жегілген екі ат 20 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? ( 20 км)

30-  Сәуле, Әсет, Батыр – туыстар. Сәуле – Әсеттің қызы; Әсет- Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)

Табиғат

10- Ең алғашқы пайда болған өсімдікті ата ( балдырлар)



20- Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)

30-“құс патшасы” деп қай құсты атайды? ( аққу)



ІҮ бөлім  – “Тіл өнері.”

Таңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары: “Отан”, “ Еңбек”, “ Білім”, “ Жақсы, жаман”.

 

Ү бөлім – “Тапқырлық”.2 минут ішінде тиісті сандарды қою керек. Тігінен, көлденең  қосқанда –15 саны  шығу керек.










ҮІ бөлім – “Жорға”

1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру.



  1. Облысымыз қалай аталады? ( Павлодар)

  2. Оңтүстік астанамызды ата.(Алматы)

  3. Жер шарының үлгісі.( глобус)

  4. Қаламызда қандай пайдалы қазба бар? ( көмір)

  5. жер астынан фонтанша атқылайтын су? ( артезиан)

  6. Алғаш «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? ( Ыбырай )

  7. Атақты қазақ күйшісі? (Құрманғазы)

  8. Ұя салмайтын құс ( көкек)

  9. Есту мүшесі ( құлақ)

  10. Жеті күн (апта)

  11. Заттың сынын білдіретін сөз табы? ( сын есім)

  12. 30 тамыз қандай күн? (конституция күні )

  13.  “Жақсылардың жақсысын” ата.(білім, еңбек)

  14. Алфавитте қанша әріп бар? ( 42 әріп)

15. Қазақстан бұлбұлын ата. (Бибигүл)

16.Атақты суретшіні ата. (Қастеев)



  1. Сәби жылағанда қандай өлең айтылады? ( уату)

ҮІІ. Қорытынды.

Жеңімпаз оқушыны анықтап қорытындылау.



Мұнайлы ауданы

Қызылтөбе лицейі

«Жас полиглот»

(сыныптан тыс шара)

Сынып: 9 «а,ә»

Өткізген: А.Джувбаева

2015 оқу жылы







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет