ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Адамдардың күзгі еңбегі
Білімділік мақсаты: оқушыларды күзгі табиғат және еңбек түрлерімен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: мектеп ауласы, табиғат көріністері
Тәрбиелік мақсаты:күзгі еңбек құралдары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу. Ауыл шаруашылығы еңбекке баулу. Оқу-тәжірибе үлескісінде атқарылатын жұмыстың барысымен таныстыру. Жас ерекшеліктеріне қарай атқарылатын жұмыстарды саралау. Пәнаралық байланысқа көңіл болу. Мысалы: дүниетану, ана тілі, математика т. б. Үлескіде өткізілетін сабаққа қойылатын жалпыталаптар мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылады.
Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбеністелінетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. бағдарламада қағаз бен қатырма қағазбен жұмыс істеуге баулу. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, үйге қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.
Матамен оқупшларға матаның түрлерін үйрету.
Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Оқушылар алғашқы күннен бастап сыныпты таза, ретті ұстауға, сынып бөлмесінің, айналасының тазалығын қадағалауға, тазалық сақтау үшін қажетті еңбек тәсілдерін дұрыс қолдануға үйренеді.
Сыныптағы, сынып айналасындағы тәртіптің сақталуына бақылау жасау сыныптың барлық оқушыларына ортақ іс болуға тиіс. Сынып бөлмелерін күтуде ересек балалар кіші балаларға көмектеседі, оларды сынып мүлкін дұрыс күтуге үйретеді. Кішкентайлар үлкен балалармен бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.
Сыныпта тәрбиеленгеп іскерлік пен дағды үй жағдайында да нығайып, дами түсуге тиіс. Үй ішіндегі үлкен кісілердің бірінің басшылығымен балалар үй тұрмысы жұмысының белгілі бір түрін орындауға міндетті.
Сынып пен отбасының бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін балалардың ата-аналарымен байланыс жасау керек, сөйтіп оқушыларға сол үйдің тұрмысына қарай, үй жұмысына қатысу міндеттерін көрсетіп, күнделікті жұмыс кестесінің үлгісін жасап берген жөн.
Мұғалім еңбектің бұл түріп еңбек сабағымен ұштастырады. Өткізілетін тақырып күні бұрын белгіленіп, сабаққа қолданылатын көрнекті құрал дайындалады. Әрбір балаға өзінің шамасы келетін жұмыс тапсырылады.