Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Шырша ойыншықтарын жасау
Шырша ағашы туралы түсінік
Шырша республикамыздың салқын аймақтары мен таулы өлкелерінде өседі. Шыршаның жапырақтары ине тәріздес болады. Сондықтан шыршаны «қылқан жапырақты ағаш» деп айтады. Қылқандары бұтақ бойында біркелкі ілгері қарай тізіле орналасады.
Шыршаның бүрі ұзынша, жұмыр болып өседі. Шырша қабығының түсі қара қоңыр болып келеді. Шырша өте баяу өседі, отыз жылда толық өсіп-жетіледі. Ол қорғауға алынған, кесуге рұқсат етілмейді.
Жаңа жылдық шырша ағашы сұлу әрі сәнді болуы үшін неше түрлі ойыншықтарды ілеміз. Олай болса, ойыншықтарды өзіміз жасап үйренейік.
1. Түрлі түсті қағаздан радиусы 4-5 см-ге тең дөңгелектер дайындап ал. Бізге мұндай дөңгелектердің төрт-бесеуі керек.
Осы дөңгелектерді ортаңғы сызығы бойынша бүктеп, әр дөңгелектің жарты бетін келесі дөңгелектің жарты бетіне беттестіріп желімде.
Бір-біріне жартылай беттескен 5 дөңгелектен бес қырлы ойыншық пайда болады.
2. Түрлі түсті қағаздан ұзындығы 27 см, ені 10 см тіктөртбұрыш дайында. Арақашықтығын 1-2 см-ден қатпарлап бүкте. Қатпарланған қағазды дәл ортасынан жіппен буып, екі жағындағы шеткі қатпарларды біріктіріп желімде.
Үлгіде көрсетілгендей шырша ойыншықтарын жаса.
Шығармашылық жұмыс үлгілері
Дөңгелек ойыншықтарды жасап үйрен. Олар қандай тәсілмен жасалған?
Түсті қағаздардан тағы қандай шырша ойыншықтарын жасауға болады?
Шеңберді қандай құралмен сызамыз?
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Бетперде жасау
Білімділік мақсаты: жаңа тақырып жайында білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету
Достарыңызбен бөлісу: |