Сабақтың тақырыбы: Әшекей бұйымдар дайындау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: әшекей бұйымдардың маңызы мен қажеттілігі туралы жалпы мағлұмат беру, әшекей бұйымдар жасауды үйрету.
2. Дамытушылық: сумоншақ қасиетімен танысу, оны маңызы мен қажеттілігі турады танымын кеңейту.
3.Тәрбиелік: оқушылардың, шығармашылық қиялын арттыру, эстетикалық талғамын жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі зергерлік бұйымдар суреттері, сумоншақтан жасалған бұйым үлгілері, сызбасы, журналдар; жез сым немесе леска жіп, №1 ине.
Еңбек нысаны: сумоншақтан әртүрлі әшекей бұйымдар жасау.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сабақты сумоншақтың шығу тарихы және оның түрлері мен пішіндерінен бастағаны
Халқымыз сумоншақты ертеден-ақ тұрмыстық, әшекей бұйымдар дайындауда кеңінен қолданған. Сумоншақпен жұмыс өнері асқан нәзіктік, биік талғам, ұшқыр қиял, шыдам мен шеберлікті талап етеді. Сумоншақпен тоқу үшін түстердің ретін сақтап, сызба үлгісін басшылыққа алған жөн.
«Сумоншақ», «Биссер» деген атау да осы Мысыр елімен байланысты. Арабтың «Бусра» немесе «Бусер», яғни «жалған маржан» деген сөзінен шыққан. «Биссер» деген сөздің өзі - сумоншақтардың жалпы атауы. Ұсақ, домалақ, сопақша, әртүрлі хрусталь, шыны, металл, қыш материалдарынан жасалған моншақта қазақ тілінде «сумоншақ» деп аталады.
Кез келген қолөнер түрі секілді сумоншақпен тоқудың да өзіндік тарихы бар. Сумоншақтың шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тұспа-тұс келді. Ал әйнектің қашан пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдалану құпиясын алғаш болып Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңыз бойынша финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп, Сирияға барып тоқтайды. Азық дайындау үшін қазанды отқа қояды да, өздері аялдаған аралдан үлкен тас іздейді. Тас таба алмаған олар кемедегі семетраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның қызуынан семетра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып ағады. Әйнек материалы осылай дүниеге келген деседі. Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізі жағалауындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Енді бір дерек бойынша, әйнектің отаны ежелгі Мысыр болған. Әйнектен жасалған моншақ, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейінгі VI ғасырға жататын ескерткіштерден табылған. Мысырлықтар әйнек массасына кобальт, мыс, марганец қосып, көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі.
Рим империясы Мысыр елін басып алғасын, әйнек өндіру Рим еліне өтеді. Империя құлағаннан кейін, әйнек өндірісі Византияға өтеді. Ал түрік жауынгер - лері Константинопольды жаулап алғаннан кейін, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, «биссер» атауы күллі әлемге мәлім бола бастады. Сумоншақтан тоқылған бұйымдар осы кезден бастап жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылып, киімдер, аяқ киімдер, сөмкелер және басқа заттар сумоншақтан жасалған оюлармен әшекейлене бастады. Ұзақ уақытқа шыдау үшін сумоншақ мықты жібек жіп немесе лескамен тоқылады. Сумоншақтан қазақтың ою-өрнектері, тұмар, алқа, шашбау, сырғалар және басқа да сәнді әшекейлер жасауға болады.
Тарихы құпия да қызық, су моншақ ертедегі Еуропа елінде еуроналықтардың өзге елдерді жаулап алуында өзіндік рөл атқарған екен. Еуропалықтар сумон - шақтарды басқа елдерге көрсетіп, қызықтырып, оларды алтын, бағалы заттарға, қымбат терілерге айырбастаған. Сумоншақ осылайша Еуропада кеңінен таралып, сұранысқа ие затқа айналды.
Ресей жеріне келуіне тоқталсақ, XII ғасырда Киевте ең алғаш сумоншақ жасайтын шеберхана ашылған. XVI ғасырда ресейліктер тас моншақты дінмен байланыстырып, икондар, насха жұмыртқаларын, сиынатын қасиетті орындарын сумоншақпен әшекейлей бастаған. Сумоншақтан жасалған жұмыстар түріне, түсіне, көлеміне байланысты бөлінген. Моншағының түсі адамның шыққан тегі, өмірге көзқарасы, қуаныш-қайғысын, отбасы туралы мағлұмат беретін болған. XIX ғасырда Ресейде тас моншақ кеңінен пайдаланылды. XX ғасырдан бастап сумоншақ тек әйел затына тән деп мойындалып, еркектерге арналған бұйым - дарға мүлде қолданылмайтын болды.
Сумоншақ тоқу технологиясы қазір күннен-күнге, жылдан-жылға дамып келеді. Бүгінде сумоншақтан тұрмыстың бұйымдар ғана емес, өнер туындылары да жасалады.
Сумоншақ қазір, негізінен, Жанония, АҚШ, Италия және Үндістан мемлекеттерінде өндіріледі. Ертеде жасалған сумоншақтардың сапасы өте жоғары болған. Олар музейлерде сақталған. Қазіргі өндіріс орындары сол сапалық деңгейде сақтауға тырысуда.
Бастауыш сынып оқушыларына жүзік, сырға, білезік, алқа, шолпы, шашбау, тағы басқа әшекей бұйымдарды моншақтардан жасатуға болады. Бұл әшекей бұйымдарды жасау үшін сымтемір, леска жібін қолдануға болады. Леска немесе мықты жіппен сырға, білезік жасау технологиясы кітапта берілген.
Сумоншақпен жұмысқа қажет керекті келесі құрал -жіп. Жұмыс барысында әртүрлі жіп қолдануға болады. Жіп жуан да мықты, моншақты тіккенде жұмысқа кедергі жасамайтын болуы керек. Жұмыстың әдемі шығуына жіптің сапасы ықпал етеді. Сумоншақпен жұмысқа арнаиы дүкендерде сатылатын синтетикалық жіп, соның ішінде лавсан мен матаның, лавсан мен зығырдың қоспасынан тұратын лавсаннан жасалған жіпті қолданған дұрыс. Жұмыс барысында жіпті қиюға мүмкіндігінше қолға ыңғайлы әрі өткір қайшы қолдану керек. Сондай-ақ, жіп орнына сым, жіңішке жез сым, леска қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |