Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі а. Сәлемдесу ә. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару Барысы: Шаттық шеңбері



Дата08.09.2017
өлшемі54,74 Kb.
#30030
түріСабақ
Cабақтың тақырыбы: Адам бойындағы асыл қасиет.

Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.


Сабақтың әдіс-тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау,топтастыру жұмысы,ой бөлісу, Презентация /слайд/

Пайдаланатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта,кеспе қағаздар,суреттер, слайдтар.

Түрі: Тренинг-сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

а.Сәлемдесу

ә.Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару

Барысы:
Шаттық шеңбері

Орнымызға жайғасайық.

ІІ.Негізгі бөлім: Тақырыпты ашу

Мұғалім: Қымбатты оқушылар,бар назарымызды тақтаға аударайық та, сұрақтарға жауап берейік. 1-слайд: Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? Адамда асыл қасиеттерімен қатар қандай жағымсыз қасиеттер болады?

Міне оқушылар,бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық.Сонымен сабақтың тақырыбы «Адамның– асыл қасиеті» .

Қызығушылықты ояту:
2- слайд: Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны.

3- слайд. Видео-ролик

4-сдайд. Ана айтты бір өсиет баласына

Бір жолдың шығарып сап саласына.

Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет,

Ақпейіл адамзаттың арасына.

Егерде жол үстінде тікен жатса,

Кірер деп аяғына біреу басса,

Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен

Сол тікенді көтеріп алып таста.

Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер

Соны көрген соңғы жас солай етер.

Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,

Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.

5-слайд. Ой қозғау

1-топқа Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз, деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер?

2-топқа Адам неден жирену керек?

3-топқа Адам неге үйрену керек?
6-слайд: Әдеп туралы тыйым сөздер:
-Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаңа салып тұрма.
-Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап , тақалып тұрма, ыржалаңдап күле берме немесе мөлейіп тұрма.
-Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, қадала қарама.
-Үйде отырып ысқырма.
-Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе.
-Бас каиімді теппе, айналдырма, аяқ астына тастама.
-Малды бастан ұрма.
-Жасы үлкеннің алдын кеспе.
-Кемтар адамға күлме.

7- слайд: Ой толғау

Үш топқа тапсырма беріледі.
1-топ Сәлемдесу әдебі.Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек.Мысалы кейбір оқушылар өздеріне сабақ бермейтін оқушылармен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, және мәдениетсіздік деп ойлаймын.
2-топ Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп,көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде алаңдап,жан-жағына қарау, теңселу, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау-әдепсіздіктің белгісі деп ойлаймын.
3-топ Әдемі, таза киіну әдебі. Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне , талғамына байланысты. Жүріс-тұрысымыз, сөзіміз, ісіміз, киіміміз рухани талғамды қажет етеді. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды киімді таңдап, үнемі таза жүре алады.

8-слайд: Адалдықтың белгісі:

Арамдыққа құл болма, адал болсаң,

Әлсіздерді қинама, адам болсаң Н. Хисрау

Видео-ролик

9-слайд: Проблемалық жағдаяттардан шығып көрейік:


1-топ: Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әректің?
2-топ: Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп өзі үйді жинап, сыпырып қойды.Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?
3-топ: Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, алыстан келген туысың екен. Сенің анаң есікті ашпауды ескерткен.Сенің әрекетің ?
Топпен жұмыс

10-слайд: Мақал сөздер:

Ата-ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

Баймын деп мақтанба, жарлық бар.

Көппін деп сұқтанба, жалғыздық бар.
Адамгершіліксіз адам айқайлай келеді.

Жан жағын жайпай келеді.

Адамгершілікті адам жай-жай келеді,

Жан-жағын байқай келеді.

Ақыл тозбайтын тон.

Білім таусылмайтын кен.


Ақыл-байлық-азбас байлық

Ақылың болса арыңды сақта

Ар ұят керек әр уақытта.
Әдеп сақта әманда, әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық

қайтарады сағанда.

Ынтымаққа қосылда, ықылас қой досыңа.

Ар мақсатың нақ болсын

Ақылыңнан тосылма.


11-слайд: Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:

Амандасу


Үлкенді құрметтеу

Тілін сыйлау

Отанын қорғау

Дінін сатпау

12-слайд: Адамгершілік академиясы:

“Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ”

Сайф Сарай

“Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп”

Абай

“Арыңды сатпа, теріңді сат, адалдықты ізде”



Шәкәрім

“Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы”

Әл-Фараби

13- слайд: Қорытынды: Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.

Жақсы болу өзіңнен,

Мен қандаймын деп ойла.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен

Жақсылық көрсең біреуден,

Жаман болу өзіңнен.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.



14- слайд: Бар ынталарыңызбен қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын! Өмірде әрқашан жолдарыңыз болсын! Сәттілікте жүздесейік!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет