Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



Дата11.07.2017
өлшемі13,74 Kb.
#21070
  • Сабақтың барысы:
  • І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сергіту сәті: Әр ұлт өкілдерінің салемдасу салт-дәстүрлерін көрсетеді.
  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
  • Тау дегенміз не, оның түрлерін атаңдар?
  • Картамен жұмыс:
  • Биік таулы өлкеге қандай таулар жатады?
  • Карточкалармен жұмыс.
  • Оқушыларға өткен сабақ бойынша карточкалар таратылады.
  • Оқушыларға карточка беру:
  • 1-карточка сұрағы
  • Орталық Қазақстан жерінің көп жерін алып жатыр. Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке.
  • 2-карточка сұрағы
  • Жер бедерінң ерекшелігіне қарай 3 ауданға бөлінген. Мезозой дәуірінің аяғында мүжіліп, үгітіліп, жазыққа айналған өлке.
  • 3-карточка сұрағы
  • Бұл таудың жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар қатты ықпал жасаған. Каледон мен герцин тау түзілу кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштердің әсерінен мүжіліп, алапсарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған.
  • 4-карточка сұрағы
  • Жер бедерінің қалыптасуына ерте заманғы мұз басу, ағын судың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Негізгі құрылымы жоғары палеозойда герцин қатпарлануы негізінде қалыптасқан. Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген, қатпарланған таулы өлке.
  • 5-карточка сұрағы
  • Тауларының жер бедері біркелкі емес. Негізгі жер бедері неоген мен палеоген дәуіріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Кей жерлерінде әлі де тау көтерілу процесі жүріп жатыр.
  • Жұмбақты шешіңдер:
  • 1.Қызуын аямайды,
  • Көлікке азық жасайды.
  • /Мұнай/нефть/ойл
  • 2.Қара түсті, отын,
  • Жанады жарқын.
  • /Көмір/уголь/
  • 3.Мөлдір, әрі түссіз,
  • Өзі табиғи отын.
  • /Газ/газ/

Жаңа сабақ:

  • Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
  • Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады.
  • Қазақстанның отын-энергетика картасы

Қазақстандағы минералдық отынның қоры

  • Минералдық отын
  • Қоры
  • Әлемдегі орны
  • Әлемдегі қордағы үлесі, %
  • Көмір, млрд т
  • 31,3
  • 7
  • 3,8
  • Мұнай, млрд т
  • 5,3
  • 8
  • 3,2
  • Табиғи газ, млрд м
  • 3
  • 10
  • 1,6
  • Уран, млн т
  • 2,5
  • 2
  • 19
  • Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар.

Мұнайды өндірісте пайдалану

Көмір өндіру және шаруашылықта пайдалану

Себебін анықтаңдар:

  • Пайдалы қазбалар неліктен үш топқа бөлінеді?
  • Қазақстан не себепті пайдалы қазбаларға бай?
  • Не үшін мұнай, газ пайдалы қазбалары Каспий теңізі маңында көп кездеседі?
  • Не себепті көмір қорын екі әдіспен өндіреді?

Кестені толтырыңдар:

  • Пайдалы қазбаның атауы
  • Кен орнының атауы
  • Қай топқа жатады?
  • Шартты белгісі
  • Газ
  • Алюминий
  • Алтын
  • Көмір
  • Тұз
  • Мұнай мен газ кенін салыстыра отырып, Венн диаграммасын толтырыңдар:
  • Мұнай Ұқсастығы Газ
  • Бағалау парағы
  • Оқушылардың аты -жөні
  • Карточкамен жұмыс
  • Мәтінмен жұмыс
  • Себебін анықтау
  • Кестені толтыру
  • Венн диаграммасы
  • Қорытынды баға.
  • 1
  • 2
  • 3

Үйге тапсырма. § 18. Кескін картаға Қазақстанның пайдалы қазбаларын түсіру.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет