§ 54. Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы.
42-жаттығу №1, №2, №3 есептерді тексеру
Физикалық диктант арқылы:
1.Радиоактивті элемент және радиоактивті сәулелену деген не?
Ж: Радий немесе уран сияқты өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді радиоактивті элементтер деп атайды. Радиоактивті элементтердің ерекше сәуле шығаруын радиоактивті сәулелену дейді.
2.Магнит өрісінің радиоактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі қандай?
Ж: Радиоактивті элементтердің шығаратын сәулесін магнит өрісінде зерттегенде, оның үш түрге жіктелетіні белгілі болды.Оларды альфа-,бета-,гамма- сәулелер дейді де, гректің әріптерімен белгілейді. Альфа- және бета- сәулелерінің магнит өрісінде қарама-қарсы бағыттарға бұрылуы, олардың оң және теріс зарядты бөлшектер екендігін аңғартты.
3.Радиоактивтік дегеніміз не?
Ж: Радиоактивті элементтер ядроларының - сәулелерін шығару құбылысын радиоактивтік деп атаймыз.
4.Атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген?
Ж: Резерфорд тәжірибесіне.
5.Протонның, электронның зарядтары неге тең?
Ж: Бір элементар зарядқа тең.
6.Ядро қандай бөлшектерден тұрады?
Ж: Оң зарядты бөлшектерден протондардан тұрады.
7.Ядроның массалық сан нені білдіреді?
Ж: Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын А әріпімен белгілейді. А санын массалық сан дейді.
8.Ядроның заряд саны деген не?
Ж: Z саны, яғни элементтің реттік нөмері, сол элемент атомының ядросындағы протондардың санына тең. Ол арқылы ядроның заряды ( ) анықталады. Сондықтан Z санын заряд саны деп атайды.
9.Нуклондар, нуклидтер деп нені айтады?
Ж: Кезкелген элемент атомының ядросы екі бөлшектен: протондар мен нейтрондардан тұрады. Оларды жалпылап нуклондар деп атайды, тұтас ядроны нуклидтер деп атайды.
10.Изотоп деген не?
Ж: Бір-бірінен тек ядросындағы элемент түрлерін изотоптар деп атайды.