Сабақтың барысы Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, түгелдеу



бет1/2
Дата13.05.2024
өлшемі36,79 Kb.
#202068
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
"Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш" тақырыбына арналған сабақ жоспары


Сыныбы: 9 «а» Күні: 10.03.16
Тақырыбы: Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш.
Мақсаты:

  • Оқушыларға ядролық әрекеттесу, ядролық күш ұғымдарымен таныстыру. Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктерін түсіндіру.

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру.

  • Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі: Ядролық күшке есептер шығару.
Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Үй жұмысын тексеру

  • § 54. Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы.

  • 42-жаттығу №1, №2, №3 есептерді тексеру

  • Физикалық диктант арқылы:

1.Радиоактивті элемент және радиоактивті сәулелену деген не?
Ж: Радий немесе уран сияқты өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді радиоактивті элементтер деп атайды. Радиоактивті элементтердің ерекше сәуле шығаруын радиоактивті сәулелену дейді.
2.Магнит өрісінің радиоактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі қандай?
Ж: Радиоактивті элементтердің шығаратын сәулесін магнит өрісінде зерттегенде, оның үш түрге жіктелетіні белгілі болды.Оларды альфа-,бета-,гамма- сәулелер дейді де, гректің әріптерімен белгілейді. Альфа- және бета- сәулелерінің магнит өрісінде қарама-қарсы бағыттарға бұрылуы, олардың оң және теріс зарядты бөлшектер екендігін аңғартты.
3.Радиоактивтік дегеніміз не?
Ж: Радиоактивті элементтер ядроларының - сәулелерін шығару құбылысын радиоактивтік деп атаймыз.
4.Атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген?
Ж: Резерфорд тәжірибесіне.
5.Протонның, электронның зарядтары неге тең?
Ж: Бір элементар зарядқа тең.
6.Ядро қандай бөлшектерден тұрады?
Ж: Оң зарядты бөлшектерден протондардан тұрады.
7.Ядроның массалық сан нені білдіреді?
Ж: Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын А әріпімен белгілейді. А санын массалық сан дейді.
8.Ядроның заряд саны деген не?
Ж: Z саны, яғни элементтің реттік нөмері, сол элемент атомының ядросындағы протондардың санына тең. Ол арқылы ядроның заряды ( ) анықталады. Сондықтан Z санын заряд саны деп атайды.
9.Нуклондар, нуклидтер деп нені айтады?
Ж: Кезкелген элемент атомының ядросы екі бөлшектен: протондар мен нейтрондардан тұрады. Оларды жалпылап нуклондар деп атайды, тұтас ядроны нуклидтер деп атайды.
10.Изотоп деген не?
Ж: Бір-бірінен тек ядросындағы элемент түрлерін изотоптар деп атайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет