Атырау облысы, Атырау қаласы, Исатай Тайманов атындағы №27 орта мектебінің мектепалды даярлық «В» тобының тәрбиешісі: Қаресова Эльвира Абатқызы
Ашық сабақ: Қазақ елі - менің Отаным! Сабақтың мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінігін толықтыру,елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: түсіндіру,ойын сұрақ-жауап. Көрнекілігі: Отан туралы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, көрме, суреттер, слайд-шоу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Әнұран орындалады.
Сұрақ-жауап: -Біз қай елде тұрамыз? -Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Қазақстанның Елордасы қай қала? -Қазақстанның Елордасы-Астана қаласы.
-Елбасымыз кім? -Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазір біз Астана қаласына саяхатқа шығамыз . Бұл көрмеге Астана қаласының әдемі ғимараттары қойылған. Бәйтерек,Ақорда, «Думан» ойын-сауық орталығы , «Достық» монументі, Үкімет үйі,Мәжіліс үйі,Сенат үйі. Астана қаласының бойтұмары- Бәйтерек. Балалар, Отан туралы тақпақтар білесіңдер ме? Отанды бәрі анасындай, Қастерлейді бағалап. Өйткені,Отан баласындай, Бізді өсірер аялап.
-Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді ? -Елтаңба,ту,әнұран. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін алып,егемен ел болды. Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу. –Біздің еліміздің туының түсі қандай? -Туымыз ашық көгілдір түсті. Тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілікті,ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті бейнелейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қазақ-халқының ою-өрнектерімен көмкерілген. Зеңгір аспан көгілдір, Алтын күн төрінде, Тамылжып төгіп тұр, Шаттық сыйлар көңілге.
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?
-Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақта жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымын уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.
- Сендер қалай ойлайсыңдар,елтаңба суретін қайдан көруге болады? - Қазақстан Республикамыздың шекарасында, маңызды құжаттарда,теңгемізде бейнеленген.
- Әнұран дегеніміз не? -Әр мемлекеттің өз әнұраны болады. Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүректің тұсына қойып әрқашан әнұранды орындаймыз. Нұрғанат. Психологиялық жаттығу: Мен бәрін жасай аламын... Бүгінгі күн тамаша, Менің көңіл-күйім керемет жақсы! Мен өзіме сенімдімін! Барлығы қолымнан келеді!
Шығармашылық жұмыс: Құм терапиясы Балалар құмның үстіне тудың суретін бейнелейді. Балалар туды сала отырып,туды құрметтеуге,патриоттық сезімдерін оятуға үйретеді.
Қазақстан деп жазылған жазуды тауып,еліміздің картасын құрайды. Қазақстан Республикасы үлкен тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде көптеген қалалар,ормандар,далалар,таулар,өзен-көлдер,пайдалы қазбалар бар. Индерден-тұз, Атыраудан-мұнай,газ, Маңғыстаудан-мұнай, Қарағандыдан-көмір, Жезқазғаннан-мыс, Қызылордадан-ақ маржан күріш, Қостанайдан,Астанадан-ас атасы бидай, Арқалықтан-алюминий алынады. Балаларды мадақтау.
Би: Жалаушалар маршы.
Шеңбер жасау арқылы шаттық шеңбері: Орнымыздан тұрайық, Құс болып қанат қағайық. Астананың төріндегі, Бәйтерекке ұқсайық!
Сабақты қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |