Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі



Дата26.08.2017
өлшемі423,88 Kb.
#28238
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «АБИХИМКА»

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтап, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.



  • Сәлеметсіңдер ме, 12-сынып оқушылары! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «АБИХИМКА». Бұл сабақ басқа сабақтарға қарағанда ерекше өткелі отыр. Өйткені бүгін біз сіздермен сабақты ойын түрінде өткіземіз. Ең алдымен сабақтың жоспарымен танысып алайық.

Жоспар:

  1. Таяқша (указка) жасау ойыны

  2. Ертегілерді сахналау

  3. «Пирамида» ойыны

  4. Астрономия сабағы

  5. Биология сабағы

  6. Химия сабағы

  7. Математика сабағы

  8. Қазақ тілі

  9. «Үзіліс» ойыны

  10. «Тақтаға шығады...» ойыны

  • Сабағымызды бастамас бұрын, алдымен 2 топқа бөлініп алайық. Ол үшін сабақтың басында таратылған қағаздарды алайық. Кімде қызыл түс бірінші топ, көк түс - екінші топ болады.

2. Таяқша (указка) жасау ойыны.

Шарты: Сіздерге берілген газет және скотчтың көмегімен 1минуттың ішінде таяқша жасау керек. Кімнің таяқшасы үлкен болса, сол топ жеңеді.

3. Ертегілерді сахналау

Шарты: Әр топтан бір ойыншы шығып, ертегінің аты азылған парақшадан тартады. Қандай ертегінің аты шықса, сол ертегіні тобымен бірге сахналап көрсету керек.



  1. «Пирамида» ойыны

Шарты: Бұл ойынға әр топтан 4 адам керек. Екі орындық бір-бірінің үстіне қойылады және әр топтан шыққан 4 ойыншы өзінің алдында тұрған орындықтардың үстіне отыру керек. Қай топтың ойыншылары орындыққа толық отырса, сол топ жеңеді.

  1. Астрономия сабағы

Бұл ойынға қатысатын топ басшыларының өздерін ғарышкер ретінде сезіну мүмкіндіктері бар. Ол үшін олардың көздерін байлап, бірнеше рет айналдыру керек. Енді топ басшыларының мақсаты – бөлменің ортасында тұрған орындыққа отыру. Топтың қалған қатысушылары топ басшысына айтып көмектесіп отырады. Өзінің орындығына бірінші отырған ғарышкер өз тобыңа жеңіс әкеледі.


  1. Биология сабағы

Бұл сабақ мынадай сайыс түрінде өтеді. Әр топ кезекпен құстардың, жануарлардың, жәндік, т.с.с. атаулары жазылған парақшаларды тартады және оларды бейнелеп көрсету керек.

  1. Химия сабағы

Бұл сабақ эстафета түрінде өтеді. Сіздердің алдарыңызда көк және қызыл түске боялған екі банка тұр. Белгі бойынша сіздер әр банкадан екі стаканды толтырып алып, финишта тұрған үлкен бір банкаға құюларыңыз керек. Қай топтың банкасы бірінші болып толса, сол топ жеңімпаз аталады.

  1. Математика сабағы

Бұл сабақта сіздер еденде жатқан қызыл және көк түспен жазылған цифрлары бар қағаздарды жинауларыңыз керек. Бірінші топ – қызыл түспен жазылған цифрлары бар қағаздарды жинаса, екінші топ – көк түспен жазылған қағаздарды жинайды. Ол қағаздарды жинап болған соң, қағазда жазылған цифрларды бір-біріне қосып, нәтижесін айту керек. Қай топтың жауабы бірінші және дұрыс айтылса, сол топ – жеңімпаз.

  1. Қазақ тілі

Сіздердің алдарыңызда әріптері бар екі тарелке тұр. Ойынның шарты: әр топтың қатысушылары кезекпен осы ыдыстан әріптерді ауызбен алу керек және алынған әріптерден сөз құрастыру керек. Ұзын сөз құрастырған топ жеңеді.

  1. «Үзіліс» ойыны

Музыка ойнап, қоңырау соғылады. Сол кезде сыныптағы ойыншылар сыртқа жүгіріп шығу керек. Кім соңғы болып қалса, сол ойыншы ойыннан шығып отырады.

  1. «Тақтаға шығады ...» ойыны

Қатысушылардың бірі мұғалім болып, сыртқа шығып кетеді. Ал сыныпта қалған «оқушылар» көрпенің астына тығылады. Сыныпқа кірген «мұғалім» көрпенің астында отырған «оқушыларды» басынан ұстап, сипалап, кім екенін анықтау керек.

  1. Қорытындылау.

  • Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!


Невский орта мектебі





2016-2017 оқу жылы
Каталог: 7219CD9DB441D4E7
7219CD9DB441D4E7 -> Невский орта мектебі Бекітемін : Келісемін : Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі
7219CD9DB441D4E7 -> Сабақтың тақырыбы: Күрделі функцияның туындысы Сабақтың мақсаты: Білімділік
7219CD9DB441D4E7 -> Бекітемін : Мектеп директоры
7219CD9DB441D4E7 -> Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы
7219CD9DB441D4E7 -> «Үздік педагог-2017» байқауының ережесі І. Жалпы ережелер мектепішілік «Үздік педагог-2017»
7219CD9DB441D4E7 -> Іс-шаралар өткізіп, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет