Күләш Ахметова Ділдәқызы 1946 жылы 25 көкекте Қырғыз КСР Талас облысында туған. Әкесі - Ахметов Ділдә, марқұм, жұмысшы болып жұмыс істеген. Анасы - Құдайбергенова Бегзада, марқұм, қызметкер болып жұмыс істеген.
1973жылы - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген.
1961 жылы - өлкелік газет беттерінде алғашқы жарияланымы шыққан.
1966-1968 жылдары - Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылындағы медпункттің фельдшері.
1973 жылдан - «Қазақстан пионері»газетінің корреспонденті.
1977 жылдан - «Жалын» баспасының редакторы.
1982 жылдан - шығармашылық жұмыста.
Марапаттары Қазақстан Жастар одағының лауреаты (1978). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). «Құрмет» (2006)орденімен марапатталған.
Ахметова Күләш.
Күн шыққанда күліп оян. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Ана тілі, 1996. - 302 бет.
Көрнекті ақын,Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Күләш Ахметованың бұл жинағына тіршілік пен табиғат әлемінен әсем үйлесім тауып, ізгілік пен сұлулық, тазалық пен имандылық мерейін асқақтата түсетін таңдамалы өлеңдері мен дастандары, сондай-ақ бүгінгі заман сырын толғайтын жаңа жырлары енгізілді Күләш өлеңдері оқырманын адамгершілік ой биігіне шығаратын нәзік назымен, ал поэмалары ішкі қуатқа толы күрескерлік сазымен ерекшеленеді.
«Жайна Қазақстан» Күләш Ахметова. «Жайна Қазақстан». Өлеңдер. Тараз, 2011 ж. «Салық тәртібі» баспасы.Белгілі ақын Күләш Ахметованың жаңа кітабына соңғы кездері жазған өлеңдері топтастырылған. Адам, қоғам, дәуір шындығын жырлаған ақынның жаңа жырлары шұрайлы тілімен, ойлылығымен тәнті етеді.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Күләш Ахметова немересі Раянмен бірге. Алматы, тамыз, 2006 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
Ерлі-зайыпты ақындар Қайырбек Асанов пен Күләш Ахметова. Алматы, тамыз, 2006 жыл. Жеке қордағы сурет.