Күні: 02.09.14 Пәні: Жаратылыстану Сынып: 5
Тақырыбы: Жаратылыстану табиғат жайлы ғылымдардың жиынтығы ретінде
Сабақтың мақсаты:Жаратылыстану түсінігін қалыптастыру жаратылыстанудың негізіг нысандары мен оның мақсаты-ғылыми бағыты,адамзат үшін бұл ғылымның мәнін түсінеді.Топтық жұмысқа дағдыландырады.
Оқытудың нәтижесі:жаратылыстану туралы білімдері кеңейеді,тыңдай және сөйлеу білуі артады.
Негізгі идеялар:Өз бетінше ізденіске,шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.
Көрнекіліктер:оқулық,ақ беттер,кесте,АКТ,
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
IҰйымдастыру
IIЖаңа сабақ
Бекіту
Бағалау
Үйге
|
Сәлемдесу(Видео ролик көрсету)
Топқа бөлу,топ басшыларын тағайындау.Топ ережесі,атын даярлау.
Жаңа сабаққа ену үшін «Кітап сөзі»ертегісін оқып беру(317 бет) «қарлығаш оқу-әдістемелік кешені»хрестоматия кітабы.
1)Әңгіме-дәріс ертегіге байланысты сұрақтар.
Білімді меңгерту топтарға тапсырмалар беріледі.
«Ойланайық кім ойшыл?»жарыс ұйымдастырылады.
Қатысқан оқушыларға житондар беру.
Сергіту сәті «Қара жорға»
Тәжірибе жасау
Оқушылар топпен жұмыс жасайды
Белгілі бір ғылымға қысқаша баяндау ретінде төмендегі кестені толтыруға беру.
Оқушылардан бір ғылым нені зерттейтінін сұрау?
Оқушылардың қолдарындағы жинаған житондары бойынша бағалау
|
Сәлемдесу.Кезекші хабарламасы.4 оқушыдан жеке топқа бөлінеді.(геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді)
Ертегі кім туралы?Ғалымжан білімнің қажеттілігін қай кезде ұқты деп ойлайсыңдар.
Жаратылыстану сабағының сендерге қажеті неде деп ойлайсыңдар?
I топ-жаратылыстану ғылымы
II топ-денелер заттан тұрады
IIIтоп-табиғаттағы денелер
(топтар тапсырмаларын қорғайды)
Жекелей жұмыс.Оқушылар арсында кім қанша дене туралы айтады және оның құрамдас бөліктерін атап беру.
Видеороликтегі би қимылдарын бірге жасайды.
Топтарға тәжірибеге қажетті заттар беріледі.
Iтопқа.Ақ бет пен жаңғақ
Iiтопқа.1 стақан су мен иод беріледі.
IIIтопқа.тұз,қант беріледі.
Топ оқушылары біріге отырып,тәжірибе жасап оған қорытынды жазып,оқып береді.
Оқушылар дәптерге жазып алады.
Ғылым аты ол нені зер?
Астрономия
География
Физика
Химия
Биология
Топ басшысы әр оқушыда қанша житон бар хабарлайды.
Кесте толтыру,оқу
|
Күні: 08.09.14 Пәні: Жаратылыстану Сынып: 5
Тақырыбы: Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері
Білімділігі – Табиғатты оқып үйрету, тәсілдері мен табиғат танушылардың қағидаларын білу. Әр түрлі білім көздерімен оқушылардың білімдерін тереңдету;
Дамытушылығы - оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту, табиғатты бақылау әрі тамашалауға зейінін бұру;
Тәрбиелігі - логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, даралық қабілетін сезіндіру, руханилыққа тәрбиелеу, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың түрі: Іздену сабағы.
Сабақтың әдістері: дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ойын элементтері, шығармашылық әдіс, талдау.
Пән аралық байланыс: тарих, биология.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, рефлексия күлшелері, ребустар, барометр - анероид, анемометр, монокуляр.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен сабақты пысықтау
III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
IV. Жаңа білімді бекіту
V. Сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
VIII. Рефлексия
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
II. Өткен сабақты пысықтау кезеңі. Оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
1. Жаратылыстану пәні нені үйретеді?
2. Ғарыштық денелер дегеніміз не?
3. Ғарыштық денелер туралы ғылым қалай аталады?
4. Органикалық заттарға не жатады?
5. Бейорганикалық заттар дегеніміз не?
6. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1. Оқушыларға Қазақстан табиғатының көріністерін бейнелейтін суреттерді көрсету арқылы, табиғаттың көркемдігін, таңғажайыптылығын айту. Оларды күнделікті өмірде байқамай, тек саяхатқа шыққанда ғана тамашалайтындығымыз өкінішті екендігін айту. Ал ежелгі адамдар табиғаттың белгілі бір маусымдарға байланысты өзгеретіндігін байқаған. Алғашқы адамдар аң аулауға шығып, олардың тіршілік ететін аймағын және жүріс - тұрысын үйренгендігін түсіндіру.
2. Табиғатты оқып үйренудің бірнеше әдістері бар. Оның біріншісі – бақылау. Алғаш ұшып келетін құс – Наурызек, алғаш өсіп шығатын гүл – Бәйшешек көктем хабаршылары болса, құстардың қайтуы – күннің суып, қыстың келетінің білдіреді. Күннің қызара батуы ертеңгі күннің жылы болатындығын, тауық биікте қонақтаса жауын жауады, қоқиқаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады, егер керісінше жөндеп биіктететін болса жаз жаңбырлы болады деп болжаған ата - бабаларымыз. Ол көп жылдық бақылаудың жемісі екендігін түсіндіру.
Күнделікті ауа райын теледидар, радио арқылы тыңдаудың өзі бақылаудың нәтижесіне жатады. Олар арнайы аспап - құралдар арқылы іске асады.
Монокуляр құралын көрсету. Құрылысымен таныстыру.
Монокуляр арқылы күнді бақылайды.
Бақылау өлі табиғатты бақылау, жануарларды ақылау, өсімдіктерді бақылау, адамдардың еңбек етуін бақылау сияқты жекелей қарастыруға болатындығын баяндау.
3. Екінші әдісіне тәжірибе (эксперимент) жасау жатады. Ол әдіс зертханада жасалынатындығын түсіндіру. Мысал ретінде: қыздыру, суытуды сипаттау.
4. Келесі әдіске – өлшеу жатады. Өлшеу арқылы адамдар көптеген денелердің көлемін, ауданын, арақашықтығын анықтайды. Бұл әдіс арнайы құрал - жабдықтарды қажет ететіндігін түсіндіру.
Атмосфералық қысымды Барометр – анероид деп аталатын құралдың көмегімен өлшейді.
Барометр - анероид құралын көрсету, құрылысын түсіндіру.
1. Корпус; 2. Гофрирленген қорапша; 3. Шыны қақпақ; 4. Көрсеткіш шкала; 5. Металл пластина.
Желбағар – желдің бағытын көрсетеді. Желбағардың суреттерін көрсету, құрылысын түсіндіру.
Анемометрмен желдің күшін анықтайды. Анемометр суреттерін көрсет, құрылысын түсіндіру, заманауи үлгілерімен таныстыру.
5. Табиғаттанушыларға (натуралистер) арналған сегіз қағиданы түсіндіру. Олар: Шыдамдылық, қырағылық, нақтылық, топтасып жұмыс жасау, қолжазба, коллекция жинау, бақылау дағдысы, қорыту, саралау, сұрақ қою.
IV. Жаңа білімді бекіту.
1 - тапсырма. Оқулықтағы сурет бойынша оқушылардың білімін пысықтау. Сұрақ қою. Жауап алу. Оқулықпен жұмыс істеу.
2 - тапсырма. Ребусты шешу.
[бақшаның суреті]Ш = Ы
[балық аулайтын аудың суреті] А = Л
3 - тапсырма.
[тәждің суреті] және [ірімшіктің суреті],,,,, [иненің суреті],, + БЕ
V. Қорытындылау кезеңі. Оқушыларға түсіндірілген сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
1. Табиғатты оқып үйренудің неше әдісі бар? Оларды ата?
2. Бақылау әдісін қалай түсінеміз?
3. Тәжірибе әдісі қалай жүзеге асырылады?
4. Өлшеу әдісін қалай түсінеміз?
5. Барометр - анероид құралымен нені өлшейді?
6. Анемометмен нені өлшейді?
7. Монокулярмен нені өлшейді?
8. Табиғат танушылардың қандай қағидалары бар?
VII. Үйге тапсырма:
- §2 оқу
- тақырып соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру
VIII. Бағалау. Сұрақтарға жауап берген, сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады
Күні: 22.09.14 Пәні: Жаратылыстану Сынып: 5
Тақырыбы: Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. . Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиобайланыс толқындармен танысамыз.
1. Аспан сферасы дегеніміз не?
2. Аспан сферасының қандай үлкен дөңгелектерін, нүктелері мен сызықтарын білесіңдер?
3. Аспан сферасының негізгі жазықтықтарын атаңдар?
4. Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?
5. Шоқжұлдыз дегеніміз не?
6. Аспанда қанша шоқ жұлдыз бар?
V. Жаңа материалды меңгерту:
Астрономиялық бақылаулар бойынша географиялық ендікті анықтау
Дүние полюсінің горизонттан биіктігі. Дүние полюсінің горизонттан биіктігі, ал бақылаушы тұрған орынның географиялық ендігінің =ÐСОR екенін көреміз. Бұл екі бұрыш өзара тең, өйткені олардың қабырғалары өзара перпендикуляр. Осы бұрыштардың теңдігі орынның географиялық ендігін оңай тәсілмен анықтауға мүмкіндік береді дүние полюсінің горизонттан бұрыштық қашықтығы орынның географиялық ендігіне тең. Бір орынның географиялық ендігін анықтау үшін дүние полюсінің горизонттан биіктігін өлшесе болғаны өйткені:
Шырақтардың әр түрлі ендіктердегі тәуліктік қозғалысы. Бақылау орнының географиялық ендігі өзгеруіне байланысты аспан сферасының айналу осьінің горизонтқа қатысты бағдарының өзгеретіндігін біз енді білеміз. Аспандағы шарықтардың жердің Солтүстік полюс, экватор және орта ендіктеріндегі аудандарында көрінетін қозғалысы қандай болатындығын қарастырайық.
Жер полюсінде дүние полюсі зенитте тұрады да, жұлдыздар горизонтқа параллель дөңгелектер бойымен қозғалады(1, а-сурет). Бұл жерде жұлдыздар тумайды да, батпайды да, олардың горизонттан биіктігі өзгеріссіз қалады.
Орта ендіктерде бататын да, туатын да және горизонттан төмен түспейтін де жұлдыздар болады (1, б-сурет). Мысалы, полюс маңындағы шоқжұлдыздар (1, б-сурет) КСРОның географиялық ендіктерінде ешқашан батпайды. Дүниенің солтүстік полюсінен жырақта орналасқан шоқжұлдыздар горизонт үстінен азғана уақыт көрінеді. Ал одан гөрі оңтүстікке бейімдеуі тумайтын шоқжұлдыздар.
Бірақ бақылаушы оңтүстікке қарай бет алып жүрген сайын, соғұрлым ол оңтүстіктегі шоқжұлдыздарды көбірек көре алады. Жер экваторында бір тәулік ішінде бүкіл аспандағы шоқжұлдыздарды көруге болар еді, бірақ оған күндіз Күн бөгет жасайды.
Экватордағы бақылаушы үшін барлық жұлдыздар горизонт жазықтығына перпендикуляр тауды және батады. Мұнда әрбір жұлдыз горизонт үстінде өз жолының дәл жартысын өтеді. Ол үшін дүниенің солтүстік полюсімен солтүстік нүкте, ал дүниенің оңтүстік полюсімен оңтүстік нүкте беттеседі. Дүние осі горизонт жазықтығында жатады.
VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
VIІI.. Бағалау. Үй тапсырмасын беру
Күні: 29.09.14 Пәні: Жаратылыстану Сынып: 5
Тақырыбы: Күн және күн жүйесі, Ғарыштық кеңістіктің заттық табиғаты
Мақсаты:
Оқушыларды Күн жүйесі планеталарымен таныстыру, олар
жайлы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың күн жүйнсі, оның құрылымы,
планеталардың ерекшеліктері жайлы білімдерін бекіту және жалпылау.
Тақырыпты оқуға деген қызығушылықтарын ояту.
Танымдық қызығушылығын, бақылау және талдау
біліктерін дамыту.
Біздің айналамызда өтіп жатқан табиғат құбылыстарына
жақсы көзқарас тәрбиелеу
Тип урока: Аралас сабақ
САбаққа арналған материал
Презентация
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Білімдерін белсендіру:
Бүгін біз ғарыш денелері жайлы әңгімемізді жалғастырамыз.
Алдыңғы сабақта танысқан ғарыш денелері жайлы не естеріңізде
қалды?
Ғарыш денелерін зерттейтін ғылым қалай аталады?
Презентация.
Аспанда қанша жұлдыз бар? (Слайд №1)
Аспанда ашық түнде қарусыз көзбен 3 мыңнан астам жұлдыз көруге
болады. Ал аспанның жарты бөлігі горизонтпен жасырын тұрғандықтан,
жалпы жұлдыздар саны шамамен 6 мыңнан астам деп есептеуге болады.
Ғаламшар деген не?
Ғаламшар қалай пайда болды? (Слайд №2)
Біздің ғаламшар 15 миллиард жыл бүрын өте үлкен жарылыс
салдарынан пайда болған. Жарылыстан кейін ғарышта алып газ бен шаң
бұлттары пайда болды. Тығыздана келе олар жұлдыздарға айналды.
Галактикалар? (Слайд №3)
Жұлдыздар алып жүйелер – Галактикаларды құрайды. Галактика
ядродан, жазық спиральді жеңдерден тұрады.
Күн жайлы не білесіз? (Слайд №4)
Күн – аспандағы ең жарық жұлдыз. (Слайд №5)Күн – Күн жүйесінің орталық жүйесі – ыстық газды шар. Ол салмағы
бойынша Күн жүйесінің басқа денелерінен 750 есе артық. Сол себепті Күн
жүйесіндегі барлық денелерді Күннің айналасында айналып жүр деп
есептеуге болады.
Жаңа материалды түсіндіру.
Біз күн жүйесі, күн жүйесінің планеталары жайлы жаңа не білеміз?
(Слайд №6)
Бұл өте қызық сұрақтар. Таңқаларлық болғанымен, адамдар
планеталарды өте ертеде, бинокль, телескоптар шықпай тұрып анықтаған.
Ол былай болған. Адамдар жұлдызды аспанды бақылай отырып, басқа
жұлдыздардан ерекшеленетін қызық жұлдыздар бар екенін көрді.
Егер барлық жұлдыздар бір-біріне қатысты өз орындарында қалып
отырса, бірнеше жұлдыз әр түн сайын басқа жаұұа ығысатынын байқаған.
Апта, ай сайын бақылау барысында олардың елеулі қашықтықтарға орын
ауыстырғандықтарын байқады. Оларды сол себепті “планетес”- адасқан
жұлдыздар деп атады. Жылдар өткен соң адамдар ол жұлдыздардың қатаң
жолдармен қозғалатынын анықтап, оларға атаулар берді.
Ұшу үшін бізге не керек? (скафандр, звездолёт, тағам, борттық
журнал)
Борттық журнал – дәптерлеріңіз сіздердің алдарыңызда жатыр. Жолға
шығайық!
Борттық журналдарына «Күн жүйесі» деп және жолымызды жазып
қойыңдар. (Оқушылар Күн жүйесі планеталарың жазады).
Слайд көрсету №7,8,9
(Күн жүйесі планеталары жайлы осы жерде айтып өтеміз.)
Меркурий – ең жылдам және қозғалмалы планета – римдік жолдар мен
жолаушылардың құдайы..
Венера – римдік сұлулық құдайы.
Марс – аспанда күрең қызыл түспен жарқырап тұрады, сол үшін соғыс
құдайы атауын алды.
Юпитер – жұлдыздар арасында баяу қозғалады.
Сатурн – Юпитермен салыстырғанда бачу қозғалады және жалтырлығы
бойынша солғындау, сондықтан уақыт құдайы Сатурн атымен аталған.
Одан кейін бертің келе телескоптар пайда болғаннан кейін
Уран,Нептун және Плутон ашылды. Оларды қарусыз көзбен көру мүмкін
емес.
Уран – Юпитредің атасы.
Нептун – өзендер құдайы..
Плутон – қараңғылық пен жер асты патшалығының құдайы.
Слайд№ 10
Планеталардың өлшемдерін салыстырыңдар.
Ғалымдар оларды екі топқа бөлген:Алып планеталар Ергежейлі планеталар
Юпитер Меркурий
Сатурн Венера
Уран Жер
Нептун Марс
Плутон
НЕ себепті планеталар Күн жүйесі деп аталған?
Борттық журналдарына Күн жүйесінің схемасын аяқтап, жазылмаған
планеталарды енгізіңіз.
Бекіту.
Компьютермен жұмыс
слайда № 11
Планеталардың қозғалыс жолы:
1. астрономия;
2. орбита;
3. Күн жүйесі.
Сөйлемді аяқта.
1. Алып планеталар – бұл…
2. Ергежейлі планеталар – бұл…
слайд № 12
Сұрақтарға жауап беру
1. Күннен үшінші планета.
2. Планеталардың қозғалыс жолы.
3. Ғарыш денелерін зерттейтін ғылым.
4. Планета айналасындағы газ қабаты.
5. Жұлдыз, Қызған ғарыш денесі.
6. Әлемғ Ғаламшар.
слайд № 13
Викторина
1. Бізге ең жақын жұлдыз.
2. Аспан денелерінің жолы.
3. Жан жағына жарық беретін үлкен отты шар.
4. ҚҰйрығы бар аспан денесі.
5. АҚШ- та ғарышкерлерді қалай атайды?
6. Аспан денелерін зерттейтін ғылым?
7. Алғашқы ғарышкер.
8. К. Чуковскийдің “Тараканище” өлеңінде пілдің үстіне не құлады?
9. Носовтың туындысында кім Айда кішкентай адамдар тұрадфы деп
айтты?
слайд №14Викторина жауаптары
1. Күн.
2. Орбита.
3. Жұлдыз
4. Комета.
5. Астронавт.
6. Астрономия.
7. Юрий Гагарин.
8. Ай.
9. Незнайка.
Үй тапсырмасы
Оқулық бойынша Күн жүйесі планеталары жайлы әңгіме дайындаңдар
Қорытынды.
Бүгін сабақта жаңа не білдіңіз?
Күні: 06.10.14 Пәні: Жаратылыстану Сынып: 5
Тақырыбы: Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы
Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Н.Жұмағалиеваның қысқа мерзімді жоспары
Жалпы мақсаты: Алғаш ғарышты адамның игеруі, Қазақстан –ғарыш айлағы туралы түсінік қалыптастыру
Адамзаттың ғарышты зерттеуі туралы мағлұмат алады.
Оқу нәтижесі: Адамның ғарышты игеруін біледі.Адамзаттың ғарышты игеру мақсатын түсіну, дәлелді жауаптар айту. Диалогқа түсу, топта жұмыс жасауды үйрену
Негізгі идеялар: Адамзатты ғарышты зерттеу мақсатын білу, топтық жұмыс жасауға үйрету
Сабақта қолданылатын материалдар: флипчарт, стикер, маркер
Оқыту әдістері: Жұптық, топтық жұмыс Power Point таныстырылымы
Дереккөздері: Ғарышқа сапар бейнежазбаны көру
Тапсырмалар: Таныстырылым, тапсырмалар:
Сәйкестендіру кестесі, постер қорғау, ойтолғау, кубизм әдісі
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
І. Психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
Оқушыларды ғарыш, планета, ракета атаулары арқылы 3 топқа бөлу.
Бағалау парағын тарату
|
Оқушының іс – әрекеті
Оқушылар топтарға бөлінеді.
|
ІІ. Миға шабуыл
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
БҮҮ әдісі
Білемін
|
Үйрендім
|
Үйренгім келеді
|
Ғарышқа сапар бейнежазбаны көрсету
|
Оқушының іс – әрекеті
Кестені толтырады.
|
ІІІ. Жаңа тақырып
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
Мұғалімнің іс – әрекеті
Power Point таныстырылымы арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.
|
Оқушының іс – әрекеті
Оқушылар таныстырылымды тыңдайды. Дәптерге ғарышкерлерді жазу
|
Шығармашылық
жұмыс
|
Мұғалімнің іс — әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
1. «Білгенге маржан»
Тақырып бойынша постер қорғау
2.Кубизм әдісі
1 топ суреттеу (жалпы тақырып)
2 топ зерттеу (ұшқыштар туралы)
3 топ салыстыру ( Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев)
2.Сәйкестендіру кестесі
БҮҮ әдісі
Білемін
|
Үйрендім
|
Үйренгім келеді
|
1. Тұлғаны таны
(Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, О.Сүлейменов)
|
Әр топ жоба жасап, қорғайды.
Түсінгенін айтады, салыстырады.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасайды.
|
|
Сергіту сәті
|
Сұрақтар беру
1.Тұңғыш ғарышкер кім?
2.Т.Әубәкіров алғаш ғарышқа қашан ұшты?
3.Т.Мұсабаев Қазақстанның ғарышкері, сонымен қатар қай елдің ғарышкері?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Қорытындылау
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
БҮҮ әдісі
Білемін
|
Үйрендім
|
Үйренгім келеді
|
|
Оқушының іс – әрекеті
Оқушылар өз көзқарастарын жеткізеді?
|
Бағалау
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
Бағалау парағын толтырту
|
Өлшемді бағалау топ басшылары топтың жұмысын бағалайды
|
|
Үйге тапсырма
|
Ойтолғау
Егер де мен ғарышкер болсам… оқушыларға өз ойларын дәптер бетіне түсіру
|
Үйге тапсырманы жазып алу
|
|
|
|
Сәйкестендіру кестесі
Байқоңыр айлағы
|
1991 ж 2 қазан
|
Ю.Гагарин
|
«Адамға табын Жер енді»
|
Т.Мұсабаев
|
Т.Әубәкіров
|
1961 ж 12 сәуір
|
|
|
|
|
|
Т.Әубәкіров
|
|
|
|
|
|
Қазақстан
|
|
|
|
|
|
ҚР және Ресей Федерациясы
|
|
|
|
|
|
Союз ТМ-13 кемесі
|
|
|
|
|
|
О.Сүлейменов
|
|
|
|
|
|
Күні: 13.10.14 Пәні: Жаратылыстану Сынып: 5
Тақырыбы: Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы
Жалпы мақсаты:
* Жер ғаламшары туралы жалпы түсінік алады.
* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.
* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.
Оқу нәтижелері:
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа үйренеді, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.
Ресурстар:
Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы, құрастырма суреттер (Астана көріністері)
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
І. Топқа бөлу. «Астана айшықтары» суреттерін құрау арқылы 3 топқа бөлу.
Әр топтың топ басшылары тағайындалады.
ІІ. Сергіту сәті. «Бобер биі» клипі бойынша.
ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы
1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? (Жер)
2.Жер туралы қандай мәліметтер білесіңдер?
Оқушылардың ой-пікірлерін білу.
ІҮ. Мағынаны тану. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы
Олай болса біз Жер ғаламшары туралы білімімізді одан әрі тереңдете түсейік. Ол үшін сендер мына сұрақтардың жауабын мәтінді оқи отырып шығарасыңдар.
1-топтың сұрақтары:
1.Жер қашан пайда болған?
2.Алғашқы кезде жер қандай болған және кейін қандай өзгерістер болды?
3.Жердің жалпы ауданы және оның неше пайызы су, неше пайызы құрлық?
4.Жердің пішіні қандай және оны қалай дәлелдеуге болады?
5.Глобус деген не? Алғашқы глобусты кім жасады және қашан?
2-топтың сұрақтары:
6.Полюс деген не?
7.Экватор деген не?
8.Экватор сызығы жерді қандай жартышарларға бөліп жатыр?
9.Жердің экваторлық және полюстік радиустері нешеге тең?
10.Экватордың ұзындығы неше шақырым?
3-топтың сұрақтары:
11.Жер өз осін қанша уақытта айналады?
12.Күн мен түннің алмасу себебі неде?
13.Неліктен біздің ғаламшарымыз Күн жылуын біркелкі қабылдамайды?
14.Жер Күнді қанша уақытта айналып өтеді?
15.Неліктен жыл мезгілдері алмасады?
16. Жыл деген не?
Бұл сұрақтарды топпен талқылап оны плакатқа жазады (сұрақтары мен жауаптарын). Содан соң «Елші» стратегиясын қолдану.
(Жаттығудың сипаттамасы:
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді)
Бұдан кейін электрондық оқулық арқылы Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы туралы көрсету. Және глобуспен де көрсету.
Ү. Ой толғаныс. «Тақырыптық түйінді сөздер» стратегиясы.
ҮІ. Бағалау: оқушылар өзін-өзі бағалайды (фигураларды таңдау арқылы: бесбұрыш, төртбұрыш және үшбұрыш)
ҮІІ. Кері байланыс. Көңіл-күй парағындағы суретті таңдап және ол суретті неліктен таңдағанына түсініктеме беру арқылы көңілдерін білдіреді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: негізгі ұғымдар
Күні: 20.10.14 Пәні: Жаратылыстану Сынып: 5
Тақырыбы: Ай – Жердің серігі
Жалпы мақсаты:
* Ай туралы жалпы түсінік алады.
* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.
* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.
Оқу нәтижелері:
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады.Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.
Ресурстар:
Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
І. Топқа бөлу. Ай, Жер, Күн сөздері бойынша 3 топқа бөлу.
Әр топтың топ басшылары тағайындалады.
ІІ. Сергіту сәті. «Сергіту» клипі бойынша.
ІІІ. Өткенді қайталау: «Ыстық орындық» стратегиясы
Оқушылар өткен сабаққа байланысты әрбіреуі бір-бір сұрақтан жазып қобдишаға салады. Жеребе бойынша 1 оқушы ортадағы орындыққа келіп отырады. Қобдишаға салынған сұрақты таңдау арқылы сол сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса келесі оқушы алмастырады. Осылайша бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын тексеру.
ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы
Серік деген не? Серік деген сөзді қалай түсінесің? Ғалымдардың ішінде кім ең бірінші ғаламшардың серіктерін байқады? Бұл қай ғаламшар? Ал олай болса Жердің серігі не деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың ой-пікірлерін білу.
Яғни оқушылар «Ай – Жердің серігі» деген қорытындыға келеді.
Ү. Мағынаны тану. «ББҮ» стратегиясы
Бұл тақырыпты «ББҮ» стратегиясы бойынша өткізу.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Ең алдымен оқушылар жеке «Білемін» графасын 2 минут ішінде толтырып шығады. Содан соң жұппен талқылайды, кейін топқа салады. Әр топтан 1оқушы ортаға салады.
Содан соң «Білгім келеді» графасын толтырады 2 минутта.
Оқушылардың білгісі келетін сұрақтарын интербелсенді тақтаға жазып қою. Бұдан соң осы сұрақтардың жауабын кітаптағы мәтін бойынша іздеу. Ол үшін топтарға мәтіндерді бөліп беру. Әрбір топ өздеріне берілген мәтіндер бойынша жұмыс жасап, ойларын плакатқа түсіреді. Соңынан топтардан баяндамашы шығып түсіндіреді. Болған соң оқушылар не үйренгендігі жайлы «Үйрендім» графасын толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |