Сабақтың басы. Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық ортасын құру. «Алып қадамдар» әдісі



бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#196498
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Инерция құбылысы. 2023 ашық сабақ ppt
Алып қадамдар

  • «Физминутка»:
  • Физминутка
  • 3-тапсырма. Есеп шығару. «Фонарик» әдісі.
  • 1) Массалары 1 кг және 3 кг екі арбаша өзара әсерлескен кезде, үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады? Арбашалар жылдамдықтарын салыстырып, олардың мәнінің массаға тәуелділігін анықтаңыз.
  • 2) Екі арбаша әрекеттескеннен кейін олардың жылдамдықтарының өзгерістері 20 және 60 см/с болды.Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг болса, кіші арбашаның массасы қанша болған?
  • Дескриптор: Білім алушы
  • - Есептің берілгенін жазады.
  • - Шамаларды ХБЖға айналдырады.
  • - Қажетті формуланы жазады.
  • - Белгісіз шаманы табады.
  • - Жылдамдықтың массаға тәуелділігін анықтап түсіндіреді.
  • Жалпы –5 ұпай
  • ҚБ: «Толық ай мен жарты ай»
  • 4-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Суреттерді инерцияның пайдасы мен зиянына бөліп мысалдар арқылы түсіндіреді.
  • 1 топ Тұрмыстағы инерцияның пайдасы мен зияны.
  • 2-топ Техникадағы инерцияның пайдасы мен зияны.
  • 3-топ Спорттағы инерцияның пайдасы мен зияны.
  • Жалпы топтарға Табиғаттағы инерцияның пайдасы мен зияны.
  • Дескриптор: Білім алушы
  • -Инерция құбылысымен байланыстырып түсіндіреді.
  • Жалпы–2 ұпай
  • ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»
  • 5-тапсырма. «Кім жылдам?» әдісі.
  • Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтада көрсетілген бес сұрақтан тұратын тесті орындауды ұсынады.
  • Дескриптор: Білім алушы
  • - Тест торындайды.
  • Жалпы – 5 ұпай
  • ҚБ: Бағдаршам
  • Тест тапсырмасы:
  • 1. Жүріп келе жатқан адам жолдың ернеуіне сүрінген кезде ...
  • a) Артқа қарай құлайды b) Тыныштықта қалады
  • c) Алға қарай қозғалады d) Оңға қарай қозғалады
  • 2. Инерция заңын ашқан ғалым
  • а) Аристотель b) Г. Галилей с) И.Ньютон d) М.Ломоносов
  • 3. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы
  • A) масса b) инерция c) күш d)материя
  • 4. Көлбеу жазықтық бойынша қозғалған арбаның үстінде білеуше орналасқан. Егер арба кедергіге тап болса білеушеге не болады?
  • a) Артқа қарай құлайды b) Ештеңе болмайды
  • c) Алға қарай құлайды d) Оңға қарай құлайды
  • 5. Автобус жолаушылары еріксіз солға қисайды. Себебі неде?
  • a) Автобус оңға бұрылды b) Автобус жылдамдығын азайтты
  • c) Автобус солға бұрылды d) Автобус жылдамдығын арттырды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет