Сабақтың білімділік мақсаты:Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау.
Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.
1. Электр тізбегін сипаттайтын шамаларды атаңдар?.
( Ток күші, кернеу, кедергі)
2. Енді осы шамаларға қысқаша тоқталайық ( 1. Шаманың белгіленуі, 2. сипаттамасы, 3. өлшем бірлігі)
Тақтаға мына сөздер ілінеді: кернеу, ток күші, кедергі
Мұғалім: біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке- жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу.
ІІІ. Жаңа сабақ .
Жаңа сабақ тақырыбы: “ Тізбек бөлігі үшін Ом заңы ”.
( кілт, ток көзі, резистор, амперметр, вольтметр, қосқыш сымдар. 1нөмір вольтметр, себебі ол тізбекке параллель жалғанады, ал 2 нөмір амперметр – ол тізбектей жалғанып тізбектегі ток күшін анықтайды.)
Мұғалім: Өткізгіштегі кедергі өзгермесе, онда ток күші кернеуге қалай тәуелді болады?
R – const. I ~Uтура пророрционал
Мұғалім: Осы эксперимент арқылы қандай график алуға болады?
Мұғалім; Енді біз ток күшінің кедергіге қалай тәуелді екенін қарастырайық. Реостат арқылы тізбектегі ток күшінің өзгеруін бақылайық. (Кернеуі тұрақты кезде.)
Оқушы: Ток күші артқан сайын кедергі азаяды.
Мұғалім: Бұл график ток күші кедергіге кері пропорционал деп оқылады.
.
(Мұғалім тақтаға жазады. Егер U = const, I ~ ).
Мұғалім: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы неміс ғалымы Георг Ом ашты
Мұғалім:Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:
Мұғалім; Бұл формуланы Тізбек бөлігі үшін Ом заңы деп атайды
Ом заңының тұжырымдамасы; “ Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеугу тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”.
(Оқушыларға бірнеше рет қайталап айттыру керек).
Георг Ом суреті тақтаға ілінеді.
Мұғалім:Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.
(Мұғалім тақтаға үшбұрыштың суреті салынған формуланы іледі).
U=I*R
R=U/I
Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом
Кедергіні өлшейтін құрал: резистор( кедергі) , реостат