Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндңру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету



бет3/10
Дата06.02.2022
өлшемі279,68 Kb.
#81809
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Абайдың 175 жылдығы

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырғандегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай атамыздың 175 - жылдығын туралы сөз қозғамақпыз.
Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.
Негізгі бөлім.

Өмірбаяны


1-оқушы:Ернұр Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс оболысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 

2-оқушы:Жұмагүл
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
3-оқушы: Айда

Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет