Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндңру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету



бет8/10
Дата06.02.2022
өлшемі279,68 Kb.
#81809
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Абайдың 175 жылдығы

Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Мұғалім:
Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз түнде жарық ай 

Мұғалім:«Құлақтан кіріп бойды алар,Әнді сүйсең менше сүй » 
Қыздарымыздың орындайында қазақша би

Шығармашылығы
Мұғалім: Сапарбаева Жұмагүлдің орындауында • « Көзімнің қарасы» әнін қабыл алыңыздар.


Мұғалім:
Абай – ойшыл. 
- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. 
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар.
Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар.
 "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
Қайрат айтыпты:

«Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей - жалықпай үйрену керек , ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей - жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты:
«Не дүниеге, не ахиретке, не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Жүрек айтыпты:
«Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады. Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет