Тақырыбы: «Қазақстанның белгілі спортшылары» Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сан есімдерді сөйлем ішінен ажырата білу, жалғанатын қосымшаларға мән беру, түрлерін ажырата білу, сұрақ қоя білуге дағдыландыра отырып, өмірмен байланыстыру.2. Дамытушылық: Оқушылардың сілтеме бойынша өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай туғызу, танымдық тапсырмаларды орындау кезінде ой түйіндеуге үйрету.3. Тәрбиелік мәні: Көркем, сауатты жаза отырып, әсемдікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың әдіс - тәсілдер: талдау, салыстыру, жұптық, топтық жұмыстар, шағын зерттеу.
І. Тілдік ортаға көшу.
- Қане балалар, мені көріп тұрғандар 1 шапалақ, естіп тұрғандар 2 шапалақ, сабаққа дайын оқушылар 3 шапалақ.
- Жақсы отырыңдар. Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.
Танысу
І – топ ІІ – топ
«Жігер» , «Қайрат»
Ұраны: "Спортшылар –елдің байлығы",
Ұраны: "Денсаулық - адамның негізі".
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1) Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.
Ой түйінде.
ә) Ережені еске түсір: Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді_________ дейміз. Сан есімдерге __________? ________?_________? деген сұрақтар қойылады. Сан есімдер сөйлемде ____________ мүшелер қызметін атқарады. Сан есімдер _______ түрге бөлінеді. Сан есімдерге мынадай____________ жұрнақтар жалғанады.
2) Зымыран сұрақтар
• Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы?
• 7-Қысқы Азиадада спорттың неше түрі болды?
• Сидней Олимпиадасының чемпиондары?
• Тейквондо штаб пәтері қайда орналасқан?
• Футбол сөзі қандай сөздерден шыққан?
• Атақты қазақ палуандарын ата.
• Спорт алғаш қай елде пайда болды?
• Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына неше медаль салды?
Спортшылар жайлы слайдтар көру.
III. Жаңа сабақ өту.
1. Бүгінгі күн туралы не білеміз?
- Наурыздың 4-і, 2017 жыл, аптаның 3-інші күні, сәрсенбі.
Мұғалімнің сөзі.
- Балалар спорт адамның денсаулығына өте пайдалы. Спортпен шұғылдану керек. Спорт денені шынықтырады. Бүгін біз Қазақстанның белгілі спортшысы Жақсылық Үшкемпіровпен туралы мәтінмен танысамыз. Мәтінмен жұмыс.
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы, грек-рим күресінің жеңімпазы. Белгілі спортшы 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының және әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.
Жаңа сөздермен танысу.
Дүниеге келген – родился
Тұңғыш олимпиада чемпионы – первый олимпийский чемпион.
Грек – рим күресі – греко - римская борьба.
Жеңімпаз – победитель.
Сөздерді дұрыс оқу, мағынасын түсіну, қайталау, еске сақтау. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру.
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Жақсылық Үшкемпіров кім?
3. Ол туралы не білдіңдер?
4. Ол не жеңіп алған?
5. Саған спорттың қай түрі ұнайды?
Берілген сөйлемдердегі ойды аяқтаңдар. Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спортшебері Серік Қонақбаевтың өмірі туралы мәлімет алыңдар.
1. Серік Қонақбаев 1959 жылы 25 қазанда ...
2. Ол Олимпиада ойындарының ...
3. 1986-1992 жылдарда Қазақстан құрама командасының ...
4. 1992 жылдың тамыз айынан бастап кәсіби бокс ...
5. Қазақ туризм ...
|
мемлекеттік жаттықтырушысы болған.
Федерациясының президенті болып тағайындалды.
және спорт академиясының профессоры.
Павлодар қаласында дүниеге келген.
күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогының екі мәрте иегері, бокс бойынша әлемдік чемпионаттың күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.
|
Сандарды үш тілде айту. (Қазақша, орысша, ағылшынша.)
1.Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 2.Бір талды кессең, он тал ек. 3.Ер жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болады. 4.Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю. 5.Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды 6.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 7.Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
ІV. Кестемен жұмыс
№
|
Мысалдар
|
Есептік
|
Реттік
|
Жинақтық
|
Болжалдық
|
Топтау
|
Бөлшектік
|
1
|
Бір мың екі жүз бес
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Отызыншы
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Елулерде
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Оннан бес
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Жетеу
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Жиырма жеті
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Қырық бірінші
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Он шақты
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Екі-екіден
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Екіден бір
|
|
|
|
|
|
|
V. Қорытындылау
Зымыран сұрақтар:
1) Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
2) Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада)
3) 1980 жылы олимпиада қай қалада өтті? (Мәскеу)
4) 2010 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азияда)
5) Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу)
6) 2012 жылы Олимпиада қайда болған? (Англияда)
7) Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларды білесіңдер? (Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Ислам Байрамуков). VI. Үйге тапсырма 1.3-тапсырма.Спортшы туралы мәліметті жазу.176-бет; 2.«Спорт – денсаулық кепілі» деген тақырыпта әңгіме жазу. ҮІІ.Бағалау Рефлексия «Білім бұтағы» . Интерактивті тақтада ағаш бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |