Сабақтың тақырыбы:Отбасы-шағын қоғам
1)«Жер-ғарыш денесі ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып,адамзаттың ғарышты игеру жетістіктері туралы түсініктерін қалыптастыра отырып үйрету.
2)Оқушыларға отбасының шағын «қоғам»екенін, «қоғам»деген сөздің мәнін түсіндіріп,сол қоғамның лайықты,тең құқықты,мүшесі болу түсініктерін қалыптастыру.
3) Оқушыларға қоғамға толық мүше болудың маңызын,адамның қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыра отырып,үлкенді,ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері:сұрақ-жауап,пікірталас.
Сабақтың жүрісі:
-Ұйымдастыру.
1)Табиғатты бақылау
(ауа райы туралы мәлемет жинақтау)
-Балалар,бүгін сендер сондай әдемісіңдер,мен сендерді көргеніме қуаныштымын
-Сендердің көңіл күйлеріңіз қандай?
-Ендеше, олай болса сендер маған өз көңіл күйлеріңізді ән арқылы жеткізесіңіздер.
-Ән.
2)Енді ойымызды,көңілімізді сабаққа аударайық.
-Үйге тапсырманы тексеру.
-Ғарыш әлемі туралы не білесіңіздер?
-Тақтаға назар аударып берілген тапсырмаларды мұқият орындайық.
Слайд_1_.'>Слайд 1.Күн жүйесі туралы не айта аламыз?
Слайд 2.Ертеде жұлдыздарды қалай бақылады?
Слайд 3.Жыл мезгілдерінің ауысуы туралы не білесіңдер?
Слайд 4.Тестік тапсырма.
Слайд 5.Тест жауаптары:
1.Б 3.Ә 5.Б
2.Ә 4.Б 6.Ә
-Міне ,балалар біз сендермен ғарыш әлемі туралы үлкен тарауды аяқтадық.Ғарыш әлемін зерттеу адамзат үшін қажет па,қажет болса не үшін?
-Егін шығымдылығын болжауға:
-Мұнай қорын білуге:
-Экология жағдайларын болжауға
-Географиялық карта жасауға негіз болады
-Күн қуатын зерттеді
Ғарышты зерттеу жұмыстарын кім игеріп жүргізуде(адам)
Адам-табиғаттың ең саналы перзенті адам өзінің даму сатысында түрлі кезеңдерді басынан өткізді.
Өзіне қажет жағдайларды жасады.Сөйте жүріп олар қоғамды қалыптастырды.
-Осы қоғам дегеніміз не,қоғамның бір бөлшегі отбасы туралы ондағы қарым-қатынас,қазақы отбасы тәрбиесі туралы бүгінгі сабақта білетін боламыз.
Слайд.Қоғам
-Дәптермен жұмыс
-Отбасы-шағын қоғам
-Тарауымыз «Қоғам»деп аталады.Ал бұл тарауда нені біліп үйренміз,назар аударайық.
- Қоғам дегніміз –біздің өмір сүріп отырған ортамыз.
-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Қоғамда отбасының алатын орны үлкен.Әрбір отбасы мүшесі қоғамның мүшесі.Барлық қоғам мүшелері сияқты оның өзіндік көзқарасы,құқы бар.
Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықтан 1993 жылы 15- мамырдан бастап халықаралық отбасы күні болып аталады.
-Слайд:Кітаппен жұмыс.
-Мұғалім оқиды.
-Іштей оқыту.
-Тізбектеп оқыту.
-Сөздік жұмыс.
(Қоғам басшы,мұқтаж,ауқатты)
Слайд: «Пікр талас»
-Отбасын неге шағын қоғам дейді?
-Яғни біздің өмір сүріп отырған қоғамымызды президент басқарады,сол сияқты отбасында бір басшы болады.Ол басшының айтқанын орындау отбасы мүшелерінің міндеті.Ал осы отбасының негізін қалаушылар кімдер?
Олай болса әкемізді қандай теңеу сөздермен айта аламыз.
Әке -асқар тау.
-Слайд:Менің толықтыруым (үлгі)
-Слайд:Ана
-Ана -ақылшым
-Слайд:Менің толықтыруым (үлгі)
Әке мен ана-отбасының қамқоршысы.Осы екі сөзде айтқанда жүрегімізде бір жылылық сезімі пайда болады,солай ма әке мен ананың өз міндеттері бар.Ол туралы біртуар ақынымыз Қ.Аманжолов
«Мен-президент,сен-премьер»деп жырлаған екен.Ал сендер ана мен әкеге деген сезімдеріңізді қалай жеткізесіңіздер.
-Слайд:Поэзия минуты.
-Ата-ана еңбек етіп отбасының қорын жинайды.
Слайд: Отбасы қоры
Кіріс Шығыс
-Оқушы түсіндірмесі
-Республикамызда түрлі ұлт өкілдері тұрады.Ол ұлт өкілдерінің барлығы атадан балаға өз ұлтының дәстүрлерін үйретеді.
Біз өзіміз қазақ отбасының ұл-қыздарымыз.
Бабаларымыздан жалғасып келе жатқан отбасы тәрбиесі бар.Сендерге ата-аналарың не нәрселерді үйретеді?
-Жеті атамды үйретеді.
-Мәдениеттілікке т.б.
-Осы дәстүрлері жалғасқан отбасылар елімізде заң аясында қорғалған ол туралы
Слайд:ҚР заңының 27-бабы “Неке және отбасы”тарауында әке мен ана және бала мемлекет қарауында болады делінген.
ҚР президенті отбасылардың әл-ауқаты мен әлуметтік жағдайларын жақсару бағытында көп жұмыстар жүргізде.
-Слайд:
-Көп балалы отбасыларға материалдық көмектер ай сайын
-Қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету жолға қойылуда.
-Мүжәлсіз отбасы балаларын мектептерде ыстық тағамдармен қамтамасыз ету жолға қойылуда.
Слайд:Суретпен жұмыс.
-Кімдер бейнеленген?
-Үлкенді сыйлау туралы не айта аламыз?
-Бұл отбасның басшысы кім.
Осы суреттегі отбасы мүшелеріне қатысты мақал-мәтел айтайық
1).Ата
2).Әже
3).Әке
4).Ана 5).Аға
6).Апа
7).Іні
8).Қарындас-туралы мақал-мәтел айту.
Слайд: мақал-мәтел
Слайд:Тынышытық сәті.
(жәй музыка ырғағында психологиялық тыныштық сәтін мұғалім оқиды)
Тыныштық сәті. /баяу ән/
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.
Көздерімізді жұмамыз.
Терең демалайық.
Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдерші.
Бұл бақыт, қуаныш жарығы.
Бұл жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкелді.
Жүрегімізден әдемі гүл ашылып келеді.
Қандай әдемі.
Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр.
Бұл сендердің аталарың әкелерің, әжелерің, аналарың.
Бұл гүлдің ортасындағы дөңгелек сенсің. Бұл жай гүл емес.
Ол – сүйіспеншілік гүлі деп аталады. Сендер
жап-жасыл алқапта аналарыңмен, әкелеріңмен жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер өсімдіктер жайқалып тұр. Қандай тамаша!
Балалар, көз алдарыңа не елестеді?
Қандай сезімде болдыңдар?
Ойды тиянақтау.
Слайд: Отбасы
Ата-ана Бала
Қоғам
Слайд:Отбасы құндылықтары
(оқушылар бірге сөздерді оқып,тұжырымдайды)
Отбасы-адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап тәрбие нәрін алатын орны әрқайсысының отбасы дәстүрлерін құндылықтарын сақтай білсеңдер қоғамның жақсы мүшесі бола аласыңдар
-Не үйреніп,не білдіңдер?
-Сұрақтармен бекіту
-Өткенді пысықтау
-Бағалау
Ашық сабақ
Пәні:Дүниетану.
Тақырыбы:Отбасы-шағын қоғам.
Достарыңызбен бөлісу: |