Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікіртерім



бет2/2
Дата20.11.2023
өлшемі20,48 Kb.
#192018
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Отбасы - бақыт мекені Тәрбие сағаты

Үшінші кезең «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.
1-топқа
1. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім сені қатты сөкті. Сен не істейсің?
3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай? Сыныптасың ретінде не айтар едің?
2-топқа
1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?
2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көзқарасың қандай? Сыныптас досың ретінде не айтар едің?
3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?
Сабағымыздың төртінші кезеңі пікірталас
Кезекті ойынға берсек. Ойын міндеттемелер таразысы деп аталады.
Ортаға оқушы және ата-ана шығады
Оқушыға «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады
Ата-анаға «Менің балаға қатысты міндеттерім»
Кімдікі көп болса сол жеңімпаз.
Келесі ойынымыз. Отаға бір оқушы мен ата-ананы шақырамыз.
Үлестірмелі қағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер жазылған.
Ата-анаға «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе ….» деп жақсы қасиетті бір қорапқа, жаман қасиетті бір қорапқа жинақтайды.
Оқушыға «Менің ата-анам бақытты болсын десем….» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жаманды бір қорапқа жинақтайды.
Топ жетекшісінің қорытынды сөзі. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.
Күтілетін нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін қастерлейтін, өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы,
Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға.
Жаңа ақпарат отбасы туралы оқушы білімдерін нығайта түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып, отбасының берік те тату болуы сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерімен байланысты екенін түсінеді. Мұғалім отбасы неліктен қымбат екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді. 
Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. 
Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп - әке болмас, 
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет! 
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. 
Отбасында бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болатынына мұғалім ерекше назар аударады. 
Сахналау 
Сүйіспеншілік 
Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп,тұрыңқырап қалады да, «Төрлетіңіздер»,−деп бар ниетімен үйіне шақырады.Сонда қариялардың біреуі«Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,дейді.Оң жақтағы досым −Байлық,сол жақтағым болса−Сәттілік.Менің атым−Сүйіспеншілік.Өзін,жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге мынандай талап қойды: 
−Қазір үйіңізге барып,үй иесімен ақылдасыңыз.Үшеуіміздің біреуін ғана шақыруға құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,−деді. 
Әйелі Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда,қатты қуанған ол: «Қандай жақсы,қандай жақсы»,−деп қайталай берді. 
−«Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе?Біз байлықты шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». 
Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Одан да Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»−деді. 
Ақыры екеуі ақылдасып,мынадай шешімге келеді: «Негізінде,ең асылы,Сүйіспеншілік қой деймін.Ол бар жерде біз бақытты боламыз» 
Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?Төрлетіңіз.Біз сізді шақыруды ұйғардық», −деді. 
Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді.Жолдастары да орындарынан тұрып,артынан үйге қарай жүрді.Аң−таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»−деді.Қариялар: 
−«Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз,басқа екеуміз далада отырар едік.Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз керек»,−дейді. 
−«Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз −Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз» 
• «Сүйіспеншілік бар жерде−Байлық пен Сәттілік бар»дегенді қалай түсінесіңдер? 
Дәйексөз 
«Дәйексөз» айдарымен берілген «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық мақалын түсіндіру арқылы сахналау әдісінде оқушылар пайымдаған ой-пікірлерді жалғастырып, отбасы тәрбие баспалдағы екені түсіндіріледі. 
Ойын. «Айналайын, толғанайын!» 
Мұғалім оқушылдардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!». 
Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады. 
«Біз бақытты жанұямыз!» 
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар. 
Талдау: 1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз? 
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма? 
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? 
Түйіндеме
Отбасы: 
• сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді; 
• жақсылыққа жетелейді; 
• еңбектенуге, білім алуға көмектеседі
• үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді. 
Оқулықтағы «Назар аударыңыз» айдарымен берілген қорытындылау оқушылардың отбасы жарастығы мен сыйластығы туралы білімдерін бекітіп, сабақтан алған білімдерін бір ойға тоғыстырады. Мұғалім отбасы әр адамның жақсылық бастауы, тәрбие көзі екенін түсіндіріп, оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал жасайды. 
Сынып жетекшісі: А.Қарапаш

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет