Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,пікір алмасу Сабақтың көрнекілігі: слайд,дәйексөздер. Білімдік



Дата08.02.2022
өлшемі24,31 Kb.
#131050
түріСабақ
Байланысты:
тс8ә


Бекітемін: Деректордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары


Күні: 04.02.2022ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жауапкершілікті қалыптастырудың бес жолы


«Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады».
(Халық даналығы) 
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға шындықты айту, жауапкершілікпен қарау, адалдық туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,пікір алмасу
Сабақтың көрнекілігі:слайд,дәйексөздер .
Білімдік: жауапкершілік пен жауапсыздықты ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: жауапкерлілігін дамытуға ыюқпал ету арқылы, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Тәрбиелік: өз сөзіне, ісіне жауапкерлілікке тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Тақырыптық суреттер


Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. 
1-жүргізуші: Жауапкершілік — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет. Тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты.


2-жүргізуші: Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеуметалдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.

1-жүргізуші: Әлеуметтік ролик көрсету. Әлеуметтік ролик не туралы?
Әлеуметтік ролик не туралы?
Бұл жерде қандай жауапкершілік көріп тұрсыздар?
Не түйдіңдер?

2-жүргізуші: Сұрақ-жауап


Жауапкершілікке қандай анықтама беруге болады?
Жауапкершілікті қажет ететін қандай мамандық иелерін білесіңдер?

1-жүргізуші:Өз ісіңдей еңбек ету


1.Бір кәрі құрылысшының зейнетке шығатын кезі таяп қалады. Балалар бұл әңгіме әрі қарай қалай болуы мүмкін? *Оқушылар болжайды:
2.Бастығына бұдан былай жұмысқа шықпайтынын, үйде бала-шағасына, немерелеріне бас-көз болып отыратынын айтады. *Оқушылар болжайды:
3.Бастығы өте тәжірибелі жұмысшысынан айрылғанына аздап көңілі түсіңкірейді. Жұмысшысына, соңғы рет бір үй салып беруін өтінеді. Кәрі ұста бұл ұсынысты қабыл етіп, жұмысына кіріседі. Бірақ істеп жатқан ісінде көңілі жоқ екені, амал жоғынан істеп жатқаны білініп тұрады. Үйге сапасыз материалдар қолданып, қисық-қыңырына қарамай, қалай болса солай салып береді. *Оқушылар болжайды:
4.Үй біткен соң бастығы үйді тексеру үшін келіп, қарап шығады. Шығарда үйдің кілтін ұстаға беріп: «Міне, кілттерді алыңыз, үй сіздікі! Қаншама жылғы еңбектеріңіз үшін менен сізге сыйлық болсын!» дейді. Әлгі ұста түсінбей, абдырап қалады, қатты ұялады. Әттең, осы салған үйі өзінікі болатынын білгенде, үйді осылай салар ма еді!.Өз ісіне жауапкершілікпен қарамағанына құрылысшы қатты өкінеді. *Балалар бұл құрлысшының әңгімесінен не түсіндік?
2-жүргізуші:Дәйексөз «Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады». (Халық даналығы)
Өз сөзінде тұратын, тапсырманы дер кезінде орындайтын адамдар сыйлы, сенімге ие, көңілі жарқын болады. Өз сөзінде тұрмау, тапсырылаған істі өз уақытында орындамау адамды ұятқа қалдырады .
Сұрақтар:
Жауапсыздық неге жеткізеді?
Жауапкерлілік деген не?

1-жүргізуші:Ендеше , тапсырылаған істі жауапкершілікпен қарап, жауапсыздыққа жол бермей, дұрыс ірекет жасайық.


Балалар, артылған істі жауапкершілікпен орындап, дұрыс әрекет жасайық. Ешқашан жалқауланбайық.
2-жүргізуші:Балалар, бүгінгі тәрбие сағаты барысында көптеген ғибрат алдыңдар. Қорытындылай келе,бүгінгі тәрбие сағаты бойынша «Жауапкершілікті қалыптастырудың бес жолы» қандай болатынын қорытындылайық.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет