2 - Жүргізуші: Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.
1 -Жүргізуші: Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
2 - Жүргізуші: Ендеше, «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты тағылымды кешімізді күмбірлеген «Көңіл толқыны» күйімен жалғастырамыз.
Ортада КиЛ-111 тобының студенті Тілебалды Данияр
1 – Жүргізуші: Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді. Ортаға Фс -121 тобының студенті Карамбаев Ысмағұлдың орындауда « Қыс» өлеңін қабал алыңыздар!
2 - Жүргізуші: Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.
КиЛ-111 тобының студенті Жунуспаева Аружанның орындауында «Ғылым таппай мақтаңба» өлеңімен қарсы алыңыздар!
1 - Жүргізуші: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.
«Көркем сөздің асылы - поэзия» деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың мұрат - мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
ФС- 121 тобының студенті Темірханова Аянаның орындауында «Күз» өлеңін қабал алыңыздар.