Оқушы:
Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Ойын: «Хан талапай».
- Қазақтың жаңа жыл мейрамы?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Қазақтың ұлттық киімдері қандай?
- Ұлттық аспаптарын ата.
Оқушы:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
Оқушы:
Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Оқушы:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Хор: «Достық»
Жүргізуші: Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлем і- 2 млн.700 мың шаршы километр.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі. Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың. Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
Оқушы: Ізетті бала Ерлан қандай елгезек, Берді ағайға жол кезек: -Ағай ғафу етіңіз! Алға қарай өтіңіз. -Оқасы жоқ, ұланым, Ізетіңмен ұнадың. Деп ағай да Ерланды Жақсы көріп нұрланды.
«Жалғастыр» ойыны: «Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын-
2. Кішкене баланы-
3. Құстарды-
4. Қыз баланы-
5. Сабақтан-
6. Үйге жүгіріп-
7. Үлкен кісіні-
8. Оқу –құралдарын-
9. Сыныпта айғайлауға-
10.Ысқыруға-
11.Құстың ұясын-
Не істеу керек? - Үлкендерді сыйлау керек - Ата- аналардың тілін алу керек - Тәртіпті болу керек - Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек - Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік. «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен: Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен, Үйренеміз жақсы мінез әдептен. Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту. Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала- сорлы бала. Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені. Ашу- дұшпан, ақыл- дос, Ақылыңа ақыл қос. Сіз деген- әдеп, Біз деген- көмек.
1. Ұлық болсаң- кішік бол.
2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған»
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?
1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2-оқушы:Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек. Жас- кәріге сіз деген Жақсы үлгі іздеген. Дос боламыз біз деген, Ізетті ұл мен қызбенен.
Көрініс: Байлық пен ақыл Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз. Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Ұқыпты екен бұл дейміз. Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Үлгілі екен бұл дейміз. Әдептілік сөзін топтастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.
Бір үзім нан
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
- Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.
- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.
Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт – бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі.
Ғылыми – техникалық дамудың жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К. Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі қоғам мүшелерінің жан - жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Адамдар рухани өмірдің жәй тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болу үшін оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды.
Тәрбие сағаты "Абайла, бағдаршам!"
- Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгін біздер "Абайлаңыз, бағдаршам!" атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Балалар көшеде жүру тәртібін еске түсіріп көрейікші..
1-оқушы :Әрбір жаяу жүргінші сияқты, әр бала көшеде аса сақтықпен жүріп тұруы тиіс.
2- оқушы :Көше тәртібін орындамау, көліктердің жүріп –тұруына кедергі жасайды,Жұмысшылар
жұмысқа , оқушылар сабаққа кешігеді.
3-оқушы: Көшеде қақпадан шығып келе жатқан машина көрсең , күте тұр.Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
4-оқушы :Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жерді таңдай біл,өтетін жер тар болса,
кездескен үлкен кісіге жол бер.
5-оқушы :Көшеде қауіпсіз жүру үшін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар бар.Адамдар жүргіншілер
жүргіншілер жолымен ала жолақпен және тротуармен жүру керек. Тротуардың оң жағына жүруге
тырысу керек.
6-оқушы: Көшеден өтпес бұрын солға қара,егер жолдың жүретін бөлігі бос болса ,онда өте бер
,жолдың ортасына жеткенде , тоқта, егер көлік келе жатса « қауіпсіздік» аралында күте тұр, енді оңға қара ,егер жүретін жол бос болса онда өте бер.
Мұғалім: Балалар , жол бойының қозғалысын не реттейді?
Ақарыс: Жол бойының қозғалысын бағдаршам реттеп тұрады. Бағдаршамның үш көзі болып киінген үш оқушы шығады. Динара, Жансая, Жанерке
Мұғалім : Қане, балалар жұмбақ шешіп көрейік .
Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған,
Өміріңді күзеткен Ысқырығы күшті адам. Бұл кім ?
Әлинұр: Жол инспекторы.
Мұғалім: Оқушылар машина жолға ойнауға , велосипед тебуге бола ма?
Оқушылар: Жоқ болмайды.
Мұғалім: Қайда ойнау керек , кім айтады?
Азамат: Аулада, ойын алаңдарында ,спорт алаңдарында стадтондарда ойнау керек.
Мұғалім: Дұрыс , балалар .
Мұғалім: Балалар біз бұлардан басқа тағы нені білуіміз керек ?
Оқушылар: Көшедегі жол белгілерін білуіміз керек.
Белгілерді көрсете тұрып ,1. Ернұр: Қып-қызыл үшбұрыш ескертубелгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп ,сәт-сапар жолдаған.
2.Ақарыс:Қызылмен боялған шеңберім аумақты, Тиымшыл белгімін,қаталмын салмақты,
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге Қауіп бар бағдарла, көз салып жан-жаққа.
3.Мақсат: Белгілік көрсетер,жылдамдық бағыттты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол шартымды міндетті орында! 4-Әсемгүл :Баратын жеріңнің бағытын тұрағын Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын,
Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көк түске боялған төртбұрыш шырағым 5.Таир: Бұл белгі мектептердің және балалар парктерінің жанына қойылады. Жүргізушілер бұл
жерде өте сақ болуы тиіс.
6.Әлфараби: Бұл белгілер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алдарында темір жол бар екенін
ескертеді. 7.Ақарыс: Бұл белгі алдында жол қиылысы бар екенін ескертеді 8.АКәмшатбек:Бұл белгі жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат береді және жаяу жүргіншілер жолы деп аталады.
- Ал енді ,балалар, енді интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап берейік.
- Мынау кім?
- Полиция қандай қызмет атқарады?
- Бағдаршам қандай қызмет атқарады?
- Мына белгіні білесің бе?
- Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?
- Трамвай, автобус, машина артына жабысуға бола ма?
Енді жұмбақтарға кезек берейік
Ел тыныштығын қорғауда демалыс деген болмайды. Полиция қызметкерлері әрдайым қызметте жүреді. Сондай полиция қызметкерлерінің бірі, біздің қонағымыз Еркебұлан ағайға сөз кезегін берейік.
(Оқушылар сұрақтарын қояды)
1. Сақтандыру , ескерту белгісі Динара
Қып — қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт — сапар жолдаған.
Аман — сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
2. Тыйым салу белгісі Жансая:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан — жақты.
3. Міндеттеу белгісі Әсемгүл :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
4. Ңұсқау белгісі Санат:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн — түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
5. Диас
Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата — ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
6.Мерей
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
7. Таир
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Видиоролик
Қиындықтан тайсалмай, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу - полиция қызметкерлерінің басты мақсаты. елінің бүгіні мен ертеңін алаңдатып, елінің тыныштығын ойлайтын азаматтар- полиция қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. сізге де Еркебұлан ағай акциямызға қатысқаныңызға рақмет айтамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, елім дейтін азаматтар көбейе берсін!
Тәрбие сағаты: «Салауатты өмір салтын ұстанайық»
Мақсаты: 1) Қазақстан азаматтарының салауатты өмір сүру бағдарламасын пайдалана отырып, денсаулықтарын күшейтуге баулу; 2) жас ұрпағымыздың зиянды әдеттерге қарсы күресін нығайту; 3) халықтық дәстүрлерді дәріптеу.
Міндеті: азаматтыққа, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, өз Отанын сүюге баулу.
Шарты:
1. Форум мүшелерімен таныстыру.
2. Нақыл сөздер.
3. Мақал – мәтелдер.
4. Дебат сайысы.
5. Қорытынды.
Көрнекілік: нақыл сөздер, жазылған плакаттар.
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді форум мүшелері! Егеменді Қазақстан елінің желбіреген көк туының астында болашақ ұлтымыздың денсаулығының күшті де, мықты болуын қалаймыз.
2-жүргізуші: Қазақстан демократиялы-құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы – адам және оның денсаулығы. Қазақстан -2030 стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Қазақта атадан балаға мирас болып келе жатқан «аурудың алдын ал» деген сөз бар. Ғасыр індеттері аталған темекі, ішімдік, нашақорлықпен күрес бүкіл әлем жұртшылығын мазалады. Осы зиянды әрекеттердің адам ағзасына, болашағына келтірер зиянын ұғындыру мақсатындағы пікірталас сағатымызға қош келіпсіздер!
1-жүргізуші: «Темекі мен маскүнемдік туралы ғұламалар не дейді?» айдары және ертедегі спирт ішімдігіне салынған тыйымдар дерегіне кезек берелік.
1. Темекі тарту, әрі жексұрын, әрі нас әдет, ал оған ойсыздықпен беріліп, ұрпағына, денсаулығына, көркіне кесір тигізіп жүргендерді түсіну қиын.
Фортель
2. Мас болу –өз еркімен жындану деген сөз.
Аристотель
3. Спиртті ішімдіктер адамды айуан, аң етіп жібереді.
Достоевский
Тыйымдар:
1. Ежелгі Мысырда арақты тек құлдар ішкен.
2. Ежелгі Римде 30 жасқа толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салған.
3. Англияда арақ ішкендердің мойына қамыт кигізіп, қаланың орталық көшелерінен жүргізген.
4. Үндістанда маскүнемдерге сиырдың қайнап тұрған зәрін ішкізген.
Мақал –мәтелдер:
« Ауру кісі-күлкі сүймес»
«Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады».
«Ас-адамның арқауы».
«Көзін ауырса –қолынды тый,
Ішін ауырса – ауызынды тый».
«Сәтін салған ауруға,
Не болса да ем болады».
«Ас тұрған жерде дерт тұрмас».
2-жүргізуші: Кешегі кеңес заманында қазақтың дастарқанына арақ келді. Талай адам арақтың соңына түсіп, қор болды. Ендігі қозғалатын әңгімеміз ішімдік, темекі жайлы болмақ.
1-жүргізуші: Адамдар ерте кезден бастап әр түрлі жеміс шырындарынан шараптар жасаған. Шамамен 8 мың жыл бұрын керамикалық ыдыстар пайда болған кезде ертедегі Греция мен Егиетте пальма ағаштары мен балдың шырындарынан күші 10-20 градустан аспайтын ішімдіктер дайындаған.
1-оқушы: Темекі туралы және зардаптары.
2- оқушы: Ішімдік туралы және зардаптары.
2-жүргізуші:
Адам – ғалам ғажайып жек дана,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзінді-өзің танысаң – істің басы
Түзеген өз ғаламын болған дана, - деп Әл- Машани айтқандай, қазір адамзат қоғамында «Бізге апат төніп келе ме? Әлде апатты ортада өмір сүріп жатырмыз ба?» деген сұрақтар туындайды. «Егер бірінші жағдайда болсақ, оның алдын қалай аламыз, екінші жағдайда одан қалай құтыламыз?» деген сұраққа жауап іздеуде.
Бұл орайдағы ойымызды ортаға салайық деген ниетпен пікірсайысымызды бастайық.
Форум мүшелері топқа бөлініп дебат сайысын өткізеді.
Қорытынды:
Ал енді балалар мен сендерге ең бірінші, салауаттылық – халқымыздың үлгі өнегелік дәстүр дегім келеді. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу және денеміздің сау болуы, игі іс-әрекеттер міне бұлар салауаттылықты көрсетеді.
«Арақ –арыңа нұқсан, темекі – тегіне нұқсан» демекші, темекі мен ішімдік бүкіл өміріңе нұқсан келтіреді, ұрпағыңа кесірін тигізеді. Сол үшін мұндай оғаш қылықтардан аулақ болуымыз керек.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» дейді халық мәтелі. Еліміздің елдігі, жеріміздің теңдігі, халқымыздың бірлігі, Отанымыздығ кеңдігі, ұрпағымыздың ұлылығы дені сау азаматтардың көп болуынан болмақ!
Тәрбие сағаты: Тұңғыш президент
Мақсаты: Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер, слайд
Барысы:
1. Ұйымдастыру. Ұлтымыздың амандасу салтын көрсету
2. Психологиялық жағдаят. «От шашу»
3. Мұғалім сөзі: Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас - тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.
- Балалар енді сұрақтарға жауап берсеңдер.
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
- ҚР - ның астанасы қай қала? (Астана)
- Астана туралы не білесіңдер?
Айгерім: 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Мұғ: Астана Қазақстанның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары Президент кеңесі, Қазақстанның үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылды. Бүгінгі тәрбие сағатымызда Астана қаласына саяхат жасаймыз.
Суретпен жұмыс: Қазақстан темір жолы ---------- поезд
Мұғалім түсіндірмесімен тапсырмаларды орындау
1. «Астана қаласының темір жол вокзалы» тапсырмасы.
ҚР - ның рәміздері туралы не білесіңдер? Ата, түсіндір. Тақпақ айтып бер
2. «Есіл өзенінің жағалауы» тапсырмасы
Елтаңбаны сипатта
3. «ҚР Президенті Резиденциясы» тапсырмасы
ҚР - ның Президенті кім? Өмірбаянын айт
4. «Бәйтерек» тапсырмасы Поэзия минуты
Оқушылардың жаттаған жырларына кезек беру.
Би: «Әке толғауы»
«Нұрекеңе» Бейбіт Құсанбек
Хор: Отан
Мұғ: «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей Елбасы мәртебесін бекіту шын мәнінде дұрыс болды. Халықтың жүрегінен шыққан бұл шешімді мен ұлт болып ұйысуымыздың, жұрт болып жұмылуымыздың, ілгерілеуіміздің, ел ретінде жаңа деңгейге көтерілуіміздің көрінісі деп қабылдадым. Елбасы туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұнысын сөзімен де, ісімен де, жүрегін жарып шыққан әндерімен де, өлеңдерімен де дәлелдеп келді.
«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды.
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,
Осы - менің арманым
Күн тұрғанда тұратын
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана
Осы - менің мұратым!
О, Ақ орда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы - менің мақсатым!
Халқым - менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы - менің тілегім!
5. «Думан» ойын - сауық орталығының тапсырмасы
Ән айтып, би билеп көңіл көтерейік.
Би: Қара жорға
Сөз жұмбақ шешу
Эссе жазу. «Егер мен президент болсам...»
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Әнұран орындау
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Тәрбие сағаты: Қош бол сүйікті, Әліппем!
Мақсаты.
1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан-жақты білімдерін, шығармашылық, танымдыққа білеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.
3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін – бірі сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері, слайдтар, видеопроектор, жылжымалы тақта.
Барысы.
І Ұйымдастыру.
Кіріспе.
Мұғалімнің сөзі.
Құрметті қонақтар, оқушылар, ата – аналар! Бүгін сіздер 1 – сынып оқушыларының әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Барлық кітаптың атасы — Әліппе. Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәттер бір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сондай-ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға. Сөзімізге төмендегі «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты сабақ нақты дәлел бола алады. Ондағы «Әліппенің» арқасында 42 әріпті таныған оқушылардың қуанышы сіздің де көңіліңізге нұр құяды.
Бүгін 1 «А» сынып оқушылары әліппені қалай меңгергендерін, сонымен қатар қалай есептеп, қалай жаза алатындарын көрсетпек. Мерекемізді бастайық!
1 – жүргізуші:
Өтті оқу сан сабақ.
Бүгін үлкен салтанат!
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың
«Тойбастар» музыкасы ойналады.
2– жүргізуші:
Балаларды қарсы алып,
Шашу, шашу, шашайық!
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
Шашу, шашу, шашайық!
1 – жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата — аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1-оқушы:
Ұқсатпа мені басқаға
Есейдім 7 жастамын
Қош айтысып бақшаға
Мектепке жолды бастадым
2-оқушы:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып.
3– оқушы:
Еркесі едім атамның
Еркесі едім анамның
Толып биыл 7 — ге
Мен де оқушы атандым!
Сынып оқушыларымен таныстыру.
Слайдтар жылжып тұрады.
Хор: «Мектебім»
ІІ Негізгі бөлім.
1-жүргізуші:
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
2 жүргізуші бірге:
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мұғаім:
Балалар, мен сендерге бір жұмбақ қояйын:
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
Ортаға Әліппе шығады.
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым – Әліппе!
Мені анаңдай дәріпте!
Мені оқып, ер жеткен,
Әпкең сенің, ағаң да!
Мерекелерің құтты болсын!
Әліппе: — Осы сендер қандайсындар?
Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Көп оқимыз.
Барлығы: Біз — қазақ елінің болашағымыз.
2- жүргізуші:
Жиналған қауым таң қалсын,
Ән-бимен шашу шашылсын!
Мың бұралған бишілер,
Бименен кешті жалғасын.
1-жүргізуші:
— Би:«Домбыраның күмбірі».
2-жүргізуші:
Әліппе! Біз қалай сабақ оқып, қалай әріп танығанымызды мына бейне роликке қарап тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Әліппеге арналған тақпағымызды тыңдаңыздар!
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Әліппем менің, әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз.
Бірге:
Сүйікті біздің Әліппе!
Ән «42 әріп» орындайтын ұлдар тобы.
Әліппе:
Шәкірттерім, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
1 жүргізуші:
Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
2-жүргізуші:
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көрелік.
Слайдтағы жазу:
Әліппе:
Есімдерің қай әріптен басталған?
Айсана:
А әрпінен есімім
Айтам сөздің кесімін.
Айсана деген мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
Әлішер:
Әлішерді білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
Жания:
Ж дегенің Жания
Жания деген мен болам.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шарам.
Мансұр:
Мансұр деген мен едім,
Алсам білім тереңін,
М әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.
Алихан:
Менің атым Алихан,
Х әрпі болар ортада.
Х деген де тамаша,
Хат, хабарлар — деректер.
Марат:
Марат деген атым бар,
Мағжан сүйген елім бар.
Мұқағали жырлаған,
Мақтан етер жерім бар.
— Жарайсыңдар есімдеріңді білдік. Енді әріпті жұмбақты шешіп көрейік.
«Жұмбақты шеш» слайдқа жазу
Н — әрпі:
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне де қарашы.
Ғ – әрпі:
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?
Т – әрпі:
Бастайды ол «таңды» да,
Бастайды ол «талды» да.
Келіп тұрған қай дыбыс,
«Тау» мен «тастың» алдында?
С – әрпі:
Сауысқынды, сағызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай дыбыс?
Ы – әрпі:
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
З – әрпі:
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Жұмбақты жақсы шештіңдер. Енді, әріптерді дыбыстап көрейік.
ІІІ топ «Қай әріпті дыбыстадым?»
Әдемі:
«ң» — дегенім:
Қаңбақ.
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,
Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең.
«ң» -нан сөз жоқ басталған ,
«ң» үлестен бос қалған.
Нұрсейіт
«Д» — дегенім:
Долана.
Долана өсер далада,
Дәні қатты жаңғақтай,
Дәмі қышқыл сәл ғана.
Айман
«И» — дегенім:
Ине.
Ине керек жіпке,
Икем керек іске,
Иық керек жүкке.
Аман
«Қ» — дегенім:
Қарбыз.
Қызыл болса жарғыз!
Қауын шығар бұл мүмкін?
Қызанақ па, кім білсін?!
Әбдіжәміл Әлихан
«Ө» — дегенім:
Өрік.
Өрікті ал теріп!
Өзің ғана жемей,
Досыңа бер бөліп.
Жәңгір
«О» — дегенім:
Отан.
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Әліппе:
Жарайсыңдар! Әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Әріптерден сөз құрастырып көрейік. Бірге оқиық!
Би, сөз, отан.
Әліппе:
— Балалар! Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, математика.
Ендеше математика қонаққа келіпті. Қарсы алыңдар!
Математика:
Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
Ұлдар мен қыздар болып санамақты екі топқа бөлініп айтады.
Математика:
Ал, балалар, балалар!
Қанша сан бар жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
Әліппе: — Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математиканы жақсы оқыпсыңдар, балалар. Жарайсыңдар! Математикаға арнап «Есеп сабағы» әнін айтып беріңдер.
ХОР: «Есеп сабағы»
Мұғалім: — Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Хор: «Әліппе»
Әліппе:
Енді мен сендермен қоштасайын, сбақты жақсы оқыңдар.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар.
Хормен:Қош бол, құтты Әліппе! Қош бол, құтты Әліппе! (Балалар бас иіп, қоштасады).
1 жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
2 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық! (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі:
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
— Балалар, мақал-мәтел айтып беріңдер.
Оқушылар шығып, мақал-мәтел жарысын ұйымдастыру.
Ана тілі:
Балалар, қандай шешендік сөздер білесіңдер?
Көрініс «Билердің кездесуі»
Ана тілі:
— Мен әліппеден оқып — білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Бәрі:Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!
Хор «Ана тілі»
Ана тілі:
Рахмет балалар, мені жақсы оқыңдар.
Мұғалім: — Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге
Бәрі: Мың алғыс айтамыз.
Мұғалім: Ендігі өлең сіздерге арналады.
Хормен:
Анам – үнім, жүрегім,
Әкем – өмір тірегім.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын!
Әжем – асыл ардағым,
Атам – дана қорғаным.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын!
Би: Мектеп вальсі
Мұғалім:
Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар. Директорға, ата-аналарға сөз беру, оқушылардың сыйлығын беру.
Мұғалім:
— «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы, бір-біріңмен дос болуға үйретті.
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Жүгізуші:
Құрметті, ата-аналар бүгінгі «Әліппемен қоштасу» тойымыз аяқталды.
Келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |