Сабақтың әдістері: Сұрақ жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау Сабақтың көрнекілігі



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,88 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4
Тәрбие cабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Тәрбие мақсаты: Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту;
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақ барысы
I. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ.
Бағдарлау - мотивациялық кезең
«Қызықты ұйқастар» шешу арқылы білімімізді қорытындылаймыз.
«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар.../қаңтар/
3. Құт - береке жауғыз,
Келе жатқан.../наурыз/
4. Ашытылған қамыр
Мерекелі... /мамыр/
5. Суда жүзер сазан
Айдың бірі... /қазан/
6. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
7. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз.../Алматы/
8. Партаның бетін жырма
Күзде басталады.../қырман/
9. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар.../күн/
- Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі.
Мысалы: Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше? Т. б.
- Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық?
-«Қазақстан»
- Ендеше «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты жаңа сабағымызды бастаймыз.
1. Өткен күн.
Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі)
2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік.
Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.
ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық - орындаушылық кезең.
1. Суретпен жұмыс.
2. Оқулықтан тыс жұмыс.
Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі:
Мұнай
Ілеспе газ
Хром рудасы
Ферро қорытпа
Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар:
Никель
Мыс
Мұнай
Конденсат
Хромит рудасы
Алтын
Асбест
Фосфорит
3. Оқулықпен жұмыс.
«Менің Отаным - Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады.
ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық.
(Әнұран орындалады.)
Бағалау.

Тәрбие сағат тақырыбы: «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.

Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Рауан: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

Айбек: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,

Туған тілім - анам тілім - өз тілім,

Туған тілім - далам тілім - өз тілім,

Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Райымбек: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!



Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

«Ана тілім» әні. Орындайтын хор.

Аманжан: Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс. (Абай - Мейрам, Әбіш - Рауан)

- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.

Рауан: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.

Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.

Айбек: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

1. Өнер алды қызыл тіл.

2. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.

3. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ..

4. Тіл қылыштан өткір.

5. Басқа бәле тілден.



Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды. 



Сабақтың тақырыбы: Мен оқушымын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, білім деңгейін тексеру
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
І. Кіріспе
Білім керек бәріне
ІІ. Оқушы анты
Оқушы ережесі
Оқушының сабақтағы міндеттері
ІІІ. Көрініс «Кім кінәлі»
ІV. Озық ойлы оқушы
V. Қорытынды
Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі
Оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен оқушымын»Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу.
Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер.
. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ
Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерін бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларын керек.
ІІ Білім керек бәріне
Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы —
- Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.
1. Жансая
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз
Мектеп анам бүгінде
Мектеп алтын босағам
Мектеп берген біліммен
Марқаяды Жас ұлан
2. Мәулен
Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Осы мақал мәнісі
Қалай деп інім сұрады
Болғың келсе білімді
Кітаппен достас мәңгілік
Жадында білім жаңғырып
Оятар сана сезімді
Танырсың жатты өзіңді
Ашарсың сөйтіп көзіңді

3. Аружан
Алақай - ау, Алақай!
Алақай - ау, Алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді
Бардым мен мектепке
Оқушымын ен енді!
4. Дастан
Корабльді басқарып, Көк жүзінде самғасам.
Тауды бұзып тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Табындырар бар елді,
Ғажап елдер сала алсам
Жасартатын әжемді
Дәрі ойлап таба алсам.
ІІІ Оқушы анты
Мен Қазақстан азаматы, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын.
Туған халқымның ата - дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын..
Елімнің туын, Әнұранын ана тілін келешекке жолдама беретін Алтын ұя мектебімізді сыйлап, қастерлеймін, деп - ант етемін.
Оқушы ережесі
1. Қуаныш: Ай күн аттарын қазақша атау, оны жүзеге асыру.
2. Жарбол. Қазақша амандасу (ұлдар көшеде, мектепте, үйде «Ассалаумағалейкум»деп қос қолды беріп сәлемдесу. Қыздар сәл еңкейіп, «Сәлеметсіз бе?»- деу)
3. Мағжан:. Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу, бәсең тіл қату. Әкеңді, шешеңді - деп балағаттау дөрекілік екенін есте сақтау
4. Нұрбану: Қыздар шашты өсіру кеспеу. Қыз ернін, бетін, көзін боямау
5. Рауан: Үлкеннің жолын кеспеу.
6. Ақниет: Үлкеннің атын атамау.
7. Нұрбек: Үлкенге үнемі «сіз»- деп сөйлеу.
8. Ерболсын: 8 - сыныпқа дейін ер балалар үнемі шашты қырғызып алғызу.
9. Рүстем: Өзіне көрсетілген қызметке ілтипатпен, рақмет айтуды ұмытпау.
10. Ақерке: Ажырасар, қоштасар сәтте «сау болыңыз, кездесер күн жақын болсын»- деп, адал тілек, ақ ниет білдіру.
11. Әсел: Қыздар үшін ұл балаларды «ит - шошқа, иттің баласы»деп балағаттамау.
12. Айдай: Ұрлық жасама, өсек, өтірік айтпай, ондайлар ұлттық намысы қорлаған болып шығады.
Оқушының сабақтағы міндеттері
1. Қуаныш: Оқушы мектепке сол күні болатын пәндер бойынша оқулығын, дәптерін, құрал - жабдықтарын әкелуі тиіс.
2. Жарбол: Ол сабаққа мұғалімнен бұрын кіріп, сабаққа әзірленуі тиіс және сыныптан мұғалімнен кейін шығады.
3. Мағжан: Мұғалім сыныпқа кіргенде, шыққанда орнынан тұрып ілтипат көрсетеді.
4. Рауан: Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, кедергі келтірмеу керек.
5. Ақниет: Мұғалім сұрағына толық мазмұнды жауап беру керек.
6. Нұрбек: Жауап беру кезінде орнына тұрып, партадан шығып тұрады.
7. Ерболсын: Мұғалімге бағасын қою үшін күнделігін апарады.
8. Ақерке: Сабақ барысында сыртқа шығу өте қажет болған жағдайда мұғалімнен рұқсат сұрайды.
9. Рүстем: Әрбір оқушы кезекшілік жұмысын, яғни сабаққа бор, тақта сүрткіш әзірлейді.
10. Нұрбану: Әрбір оқушы өзінің отырған орнын таза ұстауға міндеті болып табылады.
11. Әсел: Сыныпта, залда жүргенде айқайлама, жүгірмей, залдың сол жағымен жүргізу керек.
12. Айдай: Сыныптағы, залдағы көрнекіліктерді, аталарымыздың суреттерін бүлдірмеуіміз керек.
Озық ойлы оқушы
1. Тұңғыш әліппе оқулығын кім жазды?
2. «Бай болсаң халқына пайдаң тисін»- деп бата берген кім?
3. Бір жанұядағы ағайынды екі жігіттің әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар?
4. Мұз айдынында 12 бала сырғанап жүр еді. Екі ұл үйіне кетті де, бес қыз келді. Енді неше бала сырғанап жүр?
5. 1жыл неше ай бар?
1апта неше күн бар
1дм неше сантиметр бар?
6. Мәтін дегеніміз не? Неше түрі бар?
7. Сөйлем дегеніміз не?
8. Адамға керек 5 қажеттілікті ата.
9. Ауа қай жерлерде тұрады?
«Қара жорға» биі
Қорытынды
Оқушылар ХХІ – ғасыр – білім ғасыры
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өткенімізді түсінетін, болашағымызды сеніммен қарайтын азамат болып өсіңдер.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды Жүсіп Баласағұнның «Құтты білегінен»үзінді оқып аяқтаймын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын
Білікті тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз – шырын жанның құнары
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса, уысыңнан шығарма
Тартар күйік, ет кескендей етінен
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өмірімен қуантады түбінде
«Мен оқушымын»- атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тәрбие сағаты тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.
Сабақтың барысы:
Жоспары
Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі
бақытты.
Денсаулық -- тамақ
----------------- күш
----------------- тазалық
- Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға ерекше бір қонақ қатысқалы отыр. Ол тазалықты өте жақсы көреді, және тазалық заттары оның достары. Оны кім деп ойлайсыңдар?
- Кірқоймас.
- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, арнайы келіп отыр. Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.
Сұрақ - жауап әдісі.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?
Оқушылар диалогы.
1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?
2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?
1. Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» — деп айтқан.
2. «Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі»,- дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді бекер айтпаған.
1 - оқушы: Нұрайым: Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы - ақ.
2 - оқушы Ақарыс: Нан ұстасаң, қол жумай,
Нанға жұғып, ішке еніп,
3 - оқушы Дильназ Ө.: Микроб жақсы көреді,
Кәмпит - сәмпит шайнасаң.
Тұра алмай дамылдап,
Микробтар тайғанап.
Микробтар көңілі жай,
Отырады түстеніп.
Жылдам өсіп - өнеді,
Ауызыңды шаймасаң.

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық — зор байлық.
Сабақтың мақсаты: а) Денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсініп, оны бағалай білуге үйрету.
ә) Оқушылардың салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.
б) Ой — өрістерін шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасы 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану
Тех.жабдық: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері
Қош келдіңіз, қонақтар!
Бізге келсек…
Сабақтан біз сабақтан қалмаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз,
Айтқан ақылды ойға түйіп,
Денсаулықты сақтаймыз: 
— Ендеше, оқушылар және біздің құрметті қонақтар! Біздің мына өлең жолдарынан сабағымыз денсаулық туралы болатынын байқады деп ойлаймын. Ал, оқушылар тақырыбымыз «Денсаулық — зор байлық» деп аталады және бұл сабақтан біз денсаулық туралы әңгімелесіп, мақал — мәтел айтып, өз ойымызды қосамыз. Денсаулықты бағалап, сақтай білуге үйренеміз. Сабағымыздың дәйек сөзі «Тәуелсіз ел тірегі — дені сау санасы уланбаған, саналы ұрпақ».
2. Қызығушылығын ояту
— Балалар, қалай ойлайсыңдар, адамның көңілді болуы неге байланысты? (оқушылар жауап береді) 
Дені сау адамның көңілі шат, ол — бақытты. Денсаулық — зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады.
Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (Сызба көрсетіледі, сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ өз ойларын ортаға салады.)
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады.С ондықтан 3топқа бөлініп отырайық. 
1-топ «Шымыр» 
2-топ «Денсаулық»
3-топ «Сымбат»
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса сайысымызды бастайық.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшылармен танысып алайық.
1-бөлім «Таныстыру» 
Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың»
«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық – ел байлығы»
«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қслыңда»
2-бөлім. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысу.
1-оқушы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.
2-оқушы: Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.
3-оқушы: Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық– ақ жаулық 
Үшінші байлық-он саулық
4-оқушы: Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
5- оқушы: Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
6- оқушы: Жалқаулық — жаман ауру.
3-бөлім. Карточкамен жұмыс
1 — карточка.
«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдалы, дәрумендері мол жеміс — жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.
2 — карточка.
Қандай ұлттық ойындарды білесің, ойынның бір түріне тоқтал.
3-карточка.
Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін жаса.
4-бөлім. «Жарнама»
(1-топ айранды жарнамалайды)
1-оқушы.Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді. 
(2-ші топ құртты жарнамалайды)
2-оқушы. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанща, осы құртты сатып алған тиімді.
(3 — топ сабынды жарнамалайды)
3-оқушы. Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады. 
5-бөлім. «Салауатты өмір салты» 
Мұғалім: Балалар, бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік дағдыларыңды сұрақтар арқылы байқау болып табылады.
Сұрақтар:
«Шымыр»тобына:
Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай? 
Жауап:
Одан сақтанудың жолдары:
— біреудің аузындағы сағызын шайнамау.
— әр адамның жеке орамалы. Сабыны, тіс щеткасы болуы керек.
— үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т.б.
«Денсаулық» тобына»:
Темекі тартудың адамға зияны қандай?
Жауап:
Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз. Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.
«Сымбат»тобына: 
Нашақорлықтан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Нашақорлық – адам өміріне өте зиянды нәрсе. Одан әрқашан аулақ жүруіміз керек. Ол адамның миын улап, әр түрлі жаман қылықтар жасауға итермелейді.
Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша М.Дулатов атамыздың денсаулық жайында айтқан ақыл-кеңестерін қайталайық.
1-оқушы: Құлаққа ұрма, құлаққа айғайлама, шыңғырма. Қалам, қарындаш, ине сияқты үшкір нәрселермен құлағыңның ішін шұқыма.
2-оқушы: Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен құлағыңды абайлап жу. Жуынған соң құлағыңның суланған жерін сүртіп, құрғат.
3-оқушы: Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре қалса, өзің еш нәрсе істеме. Тездетіп дәрігерге көрін.
4-оқушы: Мұрныңды әрдайым таза ұста, жүргенде, жүгіргенде, сөйлегенде, ұйықтағанда мұрныңмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін.
5-оқушы: Үйдің ішінде еденге қақырма.
6-оқушы: Демалғанда аузың үнемі жабулы болсын. Щаңды, я, ауасы бұзылған орында шамаң келгенше демалмаған жөн. Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үй ішінде щаң көтеруші болма.
7-оқушы: Тұла — бойыңды, мойыныңды, көкірегіңді, арқаңды, күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
8-оқушы: Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда (ойна, жүгір).
Бәрі: Мұның бәрі дененің саулығы үшін керек.
Тыңдайық-ойланайық.
Ұлықпан Хәкімнің өсиетіне назар аударайық. Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз — ұзақ өмір сүру. Біздің бәріміздің де ұзақ өмір сүргіміз келеді.
Жетеліге жеті өсиет — аңыз. Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
— Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре бо емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдарар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
Балалар, осы 7 өсиетті орындау міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер.
Ұлықпан Хәкімнің 7 өсиеті:
Біріншісі – ерте тұру.
Екіншісі – орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі – дене шынықтыру.
Төртіншісі – дене тазалығы.
Бесіншісі – сергектік.
Алтыншысы – артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі – көп ұйықтамау.
Қысқы Азиада ойындарына тоқталып кету (слайд).
Қорытынды: 
— Оқушылар, осы сабағымызды қорытындылай келе, сендердің ойларыңды тыңдай отырып, « Денсаулық – зор байлық » екенін түсініп, оны бағалай біледі деп ойлаймын. Спортпен айналысып, тазалықты сақтап, жаман әдеттен аулақ болып, бір – бірімізге жақсы көңіл – күй, күлкі сыйлап, шаттық сыйлап жүре берейік. Жақсы, шынайы күлкі адамның өмірін ұзартады дейді. Сондықтан…
Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
— Ал, ендеше, оқушылар, орнымыздан тұрып, шеңдер құрайық.
«Жүректен — жүрекке» шеңбері:
Отанды біз сүйеміз,
Денсаулық сақтай білеміз.
Кішкетай ғана жүрегімізден,
Бақыт, шаттық тілегіміз.

Каталог: uploads -> doc -> 07eb
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07eb -> Шыңғыс Айтматов


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет