Сабақтың әдістері: Сұрақ жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау Сабақтың көрнекілігі



бет4/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,88 Mb.
#995
түріСабақ
1   2   3   4

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Мақсаты: ҚР - ның картасымен, әсіресе Маңғыстау облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі: суреттер, карта, әуен.
Тәрбие сағатының өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
«Атамекен» әнін балалар хормен орындайды.
Кіріспе бөлім.
- Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз - тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз егеменді болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлкеттік туы бар.
Біздің ұлттық ана тіліміз – қазақ тілі.
- Балалар, республикамыздың президенті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
- Біздің астанамыз қалай аталады?
- Біздің елордамыз – Астана.
Негізгі бөлім.
- Бұл тақтаға ілінген бұл не?
- Бұл – карта.
- Жарайсыңдар! Иә, мынау – Қазақстан картасы, мында Қазақстанның қалалары, облыстары, өзен - көлдері көрсетілген, біздің жеріміз пайдалы қазбаларға толы. Мәселен, мұнай - газ, уран, т. б. Жеріміз әлем бойынша үлкендігі жағынан 9 - шы орында тұр. Біз осындай елде туып - өскенімізді мақтан ете аламыз.
- Ал, мынау біздің – Маңғыстау облысы. Біздің облысымызда 362 әулие бар, әдемі «Тамшалы» деген жер бар, Үстірт тауы, Шерқала да бар. Әсіресе, біздің өлке қазба байлықтар, оның ішінде мұнайға бай өлкеміз және үлкен Каспий теңізі де бар.
- Ал, мына, сол жақта не көріп тұрсыңдар?
- Бұл – Каспий теңізі.
- Дұрыс айтасыңдар! Мінеки, теңіз деңгейінен - 132 метр төмен орналасқан Қарақия ойпатын да көріп тұрмыз.
- Жақсы, олай болса, елімізге, туған жер мен Отанымызға арналған тақпақтар мен мақал - мәтелдерге кезек берейік!
Қарақат: Қазақстан - туған өлкем,
Жер көп пе, сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем
Сұлтанбек: Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Нұрсая: Туған жер беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың - мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Абылайхан: Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Отан - сенің ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан, ауылың.
Қарақаттың орындауындағы «Жұмыр қылыш» биі.
- Бәрекелді, жарайсың!
Мұхамбет: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
Дамир: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
Жансерік: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Ерболат: Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы,
Бесік боп тербеткен
Отаным – Қазақстан.
Отан - қуат, отбасы шуақ.
Жері байдың, елі бай.
Құдайберді: Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені, оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Ақжол: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
«Әрқашан күн сөнбесін» әнін Сая мен Мәдина орындайды.
Нұрбек: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Перизат: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Мәдина: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есеігін
өз қолыңмен аш маған.
Сая: Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Ақниет: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
Дария: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан
Шуақ шашқан сәулелі.
Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.
Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстнады одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын боламын.
Атасы: Балалар, туған дерді гүлдендірер ұл - қызы, міне, сендерсіңдер.
(Атасы мен немересі шығып кетеді).
Қорытынды: «Ата – қоныс жер қымбат,
Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
- Сау болыңыздар!


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің құқығым және міндетім»

Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.

Білімділік:  Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру.
Дамытушылық:  Оқушылардың терең ойлау,  өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.

Көрнекілігі:  «Мен және  менің  құқығым», суреттер, нақыл сөдер, «Балалар құқықтары туралы конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы  Заңы», эпиграф, 

Мұғалім сөзі: Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

 Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген

 сүйіспеншіліктен басталады.

                                                                                                                    Н.Ә.Назарбаев     

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шаралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу

«Өз құқығыңды біл!»


15-бап
14-бап
12-бап
11-бап
10-бап
9-бап
8-бап
Баланың құқықтары мен міндеттері.

«Менің құқығым»


(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)
Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?
Мұғалім: Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.
Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар:
Заңдарға бағыну
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
Мемлекет рәміздерін құрметтеу
Салықты төлеу
Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
Орта мектеп білімін алу
Қазақстан Республикасын қорғау
Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.
-Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.

«Менің құқығым және міндетім»

Адам құқығының жалпыға ортақ Деклорациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.

1.                Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің?

(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)

2.                Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қосаолардың міндеті дейміз, неге?

(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)

3.                «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің? (Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)

4.                Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің? (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)

/Оқушылар жауаптары тыңдалады/

Тәртіпті бала-сүйініш, төбең бір көкке жетеді.


Тәртіпсіз бала- күйініш, төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай-шу,
Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.

«Ой жалғау»


Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі……. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп…………. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі…………. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің…….(арты игі)

Кім тапқыр?


Мемлекет билігінің қайнар көзі Халық (3-бап)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды? 1992 жылы
Қазақстан азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10-бап)
Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым бар ма? Иә (19-бап)
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы бар ма? Иә (23-бап)
Президент кәсіпкерлік қыметпен айналыса ала ма? Жоқ (43-бап)
Елімізде жоғары өкілетті орган Парламент (49-бап)
Қазақстан азаматы болуға қашан құқылысыз? Дүниеге келген кезде (12-бап)
Еліміздің төл мейрамдарын атаңыз? Конституция күні
Республика күні
Тәуелсіздік күні

4 топ бойынша Конвенция баптарының шектеулері және түсінік беру тапсырмалары


Аассоциация әдісі. Сізде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде:
«аман қалу» бізге аман қалу үшін не істеу қажет
«даму» бізге даму және өсу үшін не қажет
«қорғау» бізге қорғалу үшін не қажет
«қатысу» бізге қоғам өміріне қатысу үшін не қажет
Кіші-топ үшін тапсырмалар. Осы тапсырма үшін әр топтан (шағын баптар тізімін қолдануға болады және 4 парақ бір топтан:
         Аман қалу құқығы баланың өмір сүруге мұқтаждығы мен оның мұқтаждығы қанағаттандыру, ол негізінен лайықты өмір сүру болып табылады, медициналық қамтамасыз ету мүкіншілігі, тамақтану, киім-кешек, баспанамен қамтамасыз ету.
Даму құқығы оған бәрі кіреді, балаға өз мүмкіншілігін дамытуға қажет барлық жағдайлар: білім алу құқығы, ойнау, демалу, мәдение, ақпарат алу, ой еркіндігі, діни еркіндігі жатады.

Қорғалу құқығын қажет етеді, балалар зорлық-зомбылықтан және қанаудан қоғалу қажет. Ерекше көңіл босқын-балалар проблемасына, зорлық-зомбылық пен жапа көрген балалардың, әскери дауларға тартылған, балаларды еңбекке, жасөспірімдерді жыныстық және нашақорлық қанауда қолданған проблемаларға бөлінген.


Қатысу құқығы ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру. Олар бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыру құқығы, балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқығы бар. Балалар ержету кезеңінде қоғам өмірене толық белсенді қатысу үшін мүмкіндік жасалып, өмірде жауапты істерде шешім қабылдай алуға дайындау.

Қорытынды: Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

 20-бап. Баланың мiндеттерi

Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын  және  заңдарын  сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.


«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше, сабағымыөдың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.


Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жарақаттану кезінде көрсетілген алғашқы көмек
Мақсаты:
1. Студенттерді жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен таныстыру;
2. Студенттерді алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру;
3. Достыққа, адамгершілікке, біріне - бірі көмек беруге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: оқуға қажетті материалдар, жгут, шина, дәрі - дәрмек түрлері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
- Жарақат алу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Алғашқы көмек деген не?
Жаңа сабақ.
Сұрақтар жинақталып, анықтама шығару.
«Алғашқы көмек – адам жарақат алған кезде, адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше тез арада көрсетілетін көмек.»
Жарақат түрлерін тақтаға жазу:
Қан кету, сыну, естен тану, улы заттардың әсерінен естен айрылу, күю, электр жарақаты, үсу, газбен улану. (Мағлұматтар алынып, оқытушының көмегімен толықтырылады).
Демонстрация: ширатпа салып көрсету.
Студенттерге жұптасқан түрде ширатпа салу тапсырылады. Оқытушы бақылап, қажет жерінде түзетеді. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданған кезде міндетті түрде қан тоқтататын жгут немесе сол қызметті атқара алатын заттарды қолдану қажет. Студенттерден сол заттардың атаулары сұралады: орамал, белдік, сүлгі, киімнен жыртылып алынған мата, шиыршықталған жіп.
Демонстрация: жгут салу.
- Не себептен жгутты салған уақытты белгілеу қажет?
- Жауабы, 1, 5 сағаттан артық жгутты тартып қойса, аяқ, қол сал болып қалады немесе тіпті ұлпалары өліп кетеді.
Сынық.
Тұтас сүйектің түгелдей немесе шамалап бұзылуы. Сынықтар екі түрлі болады – ашық және жабық.
Алғашқы көмек көрсету.
Зақымдалған сүйекті қозғалмас үшін иммобилизация жолымен қол аяқты шинамен бекіту немесе кез келген соған жарайтын заттармен: таяқты, ағашты пайдалану. Егер ашық сынық кезінде жара болса, оған антисептикалық ширатпа қойылады.
Демонстрация: шина салу.
Студенттерге жұптасып шина қою жұмысын жасату.
Естен тану (талу).
Аяқ астынан аз мерзімге есін жоғалту, жүрек қағысы мен тыныс алуы қалыпты, мидың қанының аздығы байқалады.
- Естен тану қай уақытта болуы мүмкін?
Студенттердің дұрыс жауабын тақтаға жазу.
- Қатты ашуланудан, қорқудан, шаршағаннан, күн өткенде, ашыққанда ыстық бөлмеде ұзақ отырғаннан адам есінен танады.
Алғашқы көмек:
1. Ауру адамды қан басқа құйылу үшін басын төмен қойып, аяғын жоғары көтеру керек.
2. Жылы көрпе жабу немесе керісінше денесін салқындату үшін киімін шешу, омырауын ашу.
3. Терезені ашу.
4. Мүсәтір спиртін иіскету немесе бетіне суық су бүрку.
5. Есінен танған адам ұзақ уақыт өзіне келмеген жағдайда қолдан тыныс алдыру және жабық жүрек массажын жасау.
6. Ауру өз - өзіне келіп ес жинай бастағанда валериан тамшысын беру.
Электрожарақат.
Электрожарақат кезінде адамды тірі алып қалу үшін алғашқы көмектің дер кезінде көрсетілуі аса маңызды роль атқарады. Не үшін резина қолғап кию керек? Естен тану кезінде қолдан тыныс алдыру әдісі қолданылады.
Қолдан тыныс алдыру – күшпен өкпені желдету, өкпеге ауа жіберіп, өкпеден ауаны шығару. Ең көп тараған «ауыздан - ауызға» әдісі.
Демонстрация.
Қолдан тыныс алу әдісін қуыршақты пайдаланып жасалып көрсетіледі. Үш терең тыныс жіберіледі де 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе қуысынан басады. Бірнеше рет қайталайды.
Бекіту. Тестік жұмыс.
1. Алғашқы көмек қай кезде жасалады?
а) ауруханада
б) дәрігер келгенде
в) дәрігер келгенше немесе ауруханаға жеткізгенше
2. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданғанда не пайдаланылады?
а) жгут, киімдер
б) мақта
в) дәрі
3. Сынықтың түрі
а) жабық
б) ашық
в) ашық және жабық
4. Қолдан тыныс алу әдісі қай кезде қолданылады?
а) қан кеткенде
б) естен танғанда
в) сынғанда
5. Қолдан тыныс алу әдісін қалай орындайды?
а) 3 рет терең тыныс жіберіледі
б) кеуде тұсынан басады
в) 3 терең тыныс жіберіліп, 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе тұсынан басады.
Қорытындылау.
Каталог: uploads -> doc -> 07eb
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07eb -> Шыңғыс Айтматов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет