Сабақтың әдістері: Сұрақ жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау Сабақтың көрнекілігі



бет2/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,88 Mb.
#995
түріСабақ
1   2   3   4

«Тілашар» мерекесі.

Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім:  Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі  мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:

Мұғалім: Балалар сендер 1 – қыркүйекте қайда келдіңдер?

Оқушылар: Мектепке

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушылар: Білім алу үшін

Мұғалім: Ендеше, мектеп туралы не айта аласыңдар?

1-оқушы: Армысың, мектеп ар - бесік,


Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.

2-оқушы: Мектеп – қамқор анамыз, 


Оқып, білім аламыз. 
Өнерпаз боп өсетін, 
Біз – оқушы боламыз.

Өсіп ой мен санамыз, 


Өмірге жол саламыз, 
Білім қуған баламыз 
Біз оқушы боламыз!

3-оқушы: Алты жасқа біздей толған баланы,


Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

4-оқушы: Мен талапты баламын, 


Мектепке енді барамын. 
Үйреткенін үйреніп, 
Ұстаздан көп аларым.

5-оқушы: Мен тәртіпті баламын, 


Түгел қағаз, қаламым. 
Бір күн қалмай сабақтан, 
Кілең «бестік» аламын.

6-оқушы:

Армандарым көп менің 
Атқарамын деп келдім, 
Асыл анам – мектебім!

Оқып ғылым тектерін 


Ой аламын деп келдім, 
Оттан ыстық мектебім!

Өмірімнің көктемін 


Сенде өткізем деп келдім, 
Алтын – ұям мектебім!

Хор : Мектеп



Көрініс: «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар: 

Автор-:  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитын  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:

Қалам-:  Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

Оқушы-: Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.

Қалам-: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Оқушы-:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген  достарды тауып кездестірейін.

Автор-:  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.

Оқушы-: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

Дәптер-:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.

Қарындаш-: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Әліппе-:    Ал мен болсам  —  бар кітапқа бас болған Ғылым атасы  -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.

Өшіргіш-:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Қалам-: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?

Оқушы-: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

Автор-:     Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

Мұғалім:Біздің Отанымыз қалай аталады?

Оқушылар:Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Мұғалім:Отан неден ыстық.

Оқушылар: «Отан - оттан да ыстық»

Мұғалім:Отаның, елің туралы не айта аласыңдар?

7 – оқушы: Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің – тірегім,

Құшағында гүл атам.

8 – оқушы:Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

9 – оқушы: Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!
10 – оқушы: Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Хор:
Мұғалім: Мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге еңбекке үйренеді. Сонымен қатар біз мектепте Ана тілінде сөйлеп, оқимыз.
Біздің оқулығымыз қалай аталады, оны қай тілде оқимыз?
Оқушылар: Әліппе! Қазақ тілінде.
Мұғалім: Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Ендеше сендер бізге тіл туралы білетіндеріңді айтып беріңдерші?

11 – оқушы: Ана тілің – арың бұл,


Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!
12 – оқушы: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
13 – оқушы: Айтатын жас - кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.
14 – оқушы: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен.
15 – оқушы: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.
Би: (қазақша)

16-оқушы:
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.

17-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.

18-оқушы:
Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.

19-оқушы:
Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.

20-оқушы:
Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.

Би:


Мұғалім:    Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,

Шалқып қайт, шаттық тойы —Тілашардан!



Т – тәртіпті болайық                      

І – ілімді бойға жинайық               

Л – лашындай биік самғайық     

А – ақылды азамат болайық       

Ш – шыншыл болайық                

А – айбынды болайық                    

Р – рахат өмір сүрейік                     

Мұғалім: Ажырамай бір елі мектептен сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз – дей отырып сөз кезегі №16 лицей – мектебінің

директоры Есмаганбетов Арарат Мылтықбаевичке беріледі.



Мұғалім:Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ батамен баршаға бата берер ата-ана – деп сөз кезегін ата – аналарымызға береміз.



Мұғалім:Жүректерден арман отын жағыңдар,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Оқу оқып, тәрбие білім алыңдар .

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі ынтымағы жарасқан тәуелсіз еліміздің білімді ұл-қыздары болыңдар – дей отырып бүгінгі «Тілашар» мерекемізді аяқтаймыз.
Тәрбие сағат тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.



ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.



2- жүргізуші: Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1- жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.

2-оқушы. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.



9-оқушы: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

10-оқушы.

Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.


14-оқушы. 

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.



15-оқушы. «Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып, санасына сіңірейік.

2-Жүгізуші: Көрініс «карт пен немере»

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.


 «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

1-Жүгізуші: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?



2-Жүгізуші: Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр

болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын

өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа

жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен

қатар өсіп келеді.

Сұрақ-жауап.

__________________________________
1.     Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4.     Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5.     Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6.     Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)



МұғалімАта-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

ЫНТЫМАҚ - ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.

Мақсаты: Бүгінгі күні Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтыңастында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру;Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

2-жүргізуші:

Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің біршаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім: Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылыТәуелсіз діктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жа риялады. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмай сың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігіненбасқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

«Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»


Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.


Оқушы:

Тәуелсіздік кіндігін


Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.

Жүргізуші: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.


Оқушы:

Елтаңбасы елімнің


Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Жүргізуші: Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы:

Жарасқан байрақтың мәні бар,


Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.

Жүргізуші: Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

Оқушы:

Заман жаңа,ел жаңа,


Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !

Жүргізуші: Далам! Кең-байтақ. Сондықтан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда - «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған»
Оқушы:

Көрікті өлкеме қарашы,


Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.

Жүргізуші: Республика халқының саны 17 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.

Оқушы:

Ақ қара деп алдымен,


Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Оқушы:

Жырласа қазақ, түркімен,


Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Оқушы:

Тыңда, тыңда, тыңда мені,


Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Оқушы:

Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,


Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Оқушы:

Қадірменді бір досымыз - өзбегім,


Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Түрік биі. (1-сынып оқушыларының орындауында би)
Оқушы:

Жолым түсіп, тағдыр талап,


Грузин дос болдым қонақ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.
Оқушы:

Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,


Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Оқушы:

Онша үлкен болмаса көлемі


Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
(Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.
Оқушы:

Белоруссия – жайқалған жасыл орман.


Жасыл орман – мәңгі жасыл арман.
Шетінен ойшыл келер армандары –
Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған.
Каталог: uploads -> doc -> 07eb
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07eb -> Шыңғыс Айтматов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет