Алтынсарин ауданы әкімшілігі білім беру бөлімінің Б-Чураков орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Н.
Ана тілі 4 сынып
Тақырыбы: Ара мен шыбын.
Мақсаты: Автор туралы мәлімет білу,Мысалдағы негізгі ойды түсініп,жағымды,жағымсыз қылықтарды салыстыру .
Сабақтың әдістері: Топпен жұмыс, Инсерт әдісі,
Сабақтың типі:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Тренинг Топқа бөлу 3 мин
Оқушыларға жәндіктердің дыбыстары бар видео көрсету. Қайталап өздеріне дыбыстарды салғызу.Оқушылардың көңіл күйін көтеріп жаңа сабаққа даярлау.
Оқушыларды сен ара, сен шыбын деп екі топқа бөліп тастаймын.сендерде өз топтарыңа арамен шыбын болып дыбыстап орындарыңа отырыңдар
Үй тапсырмасын тексеру: 5 мин «Қима қағаз» әдісі Оқушыларға қима қағаздарды үлестіремін
1.Мысал деген не?
Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма.(дұрыс)
Ауыз әдебиетінің бір түрі, ерте кездегі деген сөзден туған,шыншыл, қиялдан туған шығарма(бұрыс)
2.»Қырық мысал» деген атпен шыққан кітаптың авторы кім?
Ахмет Байтұрсынов
Ыбырай Алтынсарин
3.А.Байтұрсынов кімнің шығармасын аударған?
И.А.Крылов
И.А.Пушкин
4.Аққу,шортан, шаян жүкті неге тарта алмады?
Бірлік, ынтымақтастық болмады.
Шаршады, әлдері келмеді
5.»Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалдың астарында не жатыр?
Бірігіп істеген іс әрқашанда жеңіл болады.
Барлық кұшіңді салып көтерсең жүк жеңіл болады
Қызығушылықты ояту 3 мин
1.Шақсам, удай тісім
Оны, бала, түсін.
Көп жей берсең балды,
Ауырады тісі жауабы: ара
Қыста ұйықтап жатар
Жазда думан ашар жауабы: шыбын тез шешкен оқушыны смайлникпен бағалау
Суреттерін көрсетемін (Ара, шыбын)
Инсерт әдісі.
Не білесің? «Ара мен шыбын».
Ара.
-Аралар сары ала болып киінген жауынгерлерге ұқсайды.
-Демтүтік арқылы ауамен демалады.
-Ұясын шатырға, ағаштардың қуысына бұтақтарға салады.
-Құйрығының ұшында өткір шаншары бар.
-Шаққан жері қатты ісіп кетеді.
Шыбын.
-Ауада ұшады, жерде жорғалайды.
-6 аяғы, 2 қанаты бар.
-Ғаламшардың кез-келген түкпірінде таралған
Тақырып туралы не білгілерің келеді?
Алдарыңа қандай мақсат қоясыңдар?
Мағынаны тану 3 мин
Ұжыммен жұмыс
Автор суретін көрсету
Автор өмірбаяны.
Оспанхан Әубәкіров 1934-1986 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген.Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Консерваториясының театр факультетінде оқыған. Мамандығы актер болған- дықтан өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Республикалық «Ара» газетінде қызмет істеген. 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан жазушылар одағының сыйлығы- мен марапатталған
Өрмекші сызба
Топпен жұмыс
жеке жұмыс 7мин Мысалды оқу
Топпен жұмыс
1-топ
2-топ .
Жұппен жұмыс 3мин
Бір- біріне сұрақ қойып, талдау
Топпен талқылау 5мин
1-топ Мазмұнын постерге түсіріп,рөлге көрсету
2.топ негізгі ойға байланысты кейіпкерлердің қылықтарын венн диаграмма арқылы салыстыра сөйлету.венн диграмма
Жұмысты қорғау 6мин Бірін – бірі бас бармақпен бағалау
Мәтін бойынша сұрақтар қою
Тренинг 2мин «Досыңды көндір»
Оқушыларға жағдаят беремін өзінің досына барып оны көндіріп алу керек.
Сабақты қорыту3мин
Өлең құрастыру: «Кім жылдам »
1.Келді араға ш.........н,
Жинап жатқан ш.........н.
2.Ара келсе к.........п,
Жатып қапты ш.........п.
3.Қонақты дұрыс к.........і,
Шыбынға ақыл ж.........і.
Ой түйін
Рефлекция 3 мин
Бүгінгі біз не үйрендік?
-Мен көп нәрсе үйрендім
-Мен аз нәрсе үйрендім
-Мен еш нәрсе түсінбедім
Өз ойларын білдіреді
Өз ойларын жазып флипчартқа жабсырады.
Түрлі –түсті стикерлер, флипчарт.
Бағалау 1 мин критерий жинап алу.
Үйге тапсырма 1мин Кейіпкерлерге мінездеме
жазу.Қонаққа бару, күту туралы әңгімелеуге даярлану
Достарыңызбен бөлісу: |