«Бабай-Қорған» жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі. ОҚО, Түркістан қаласы
7 сынып
|
Тақырыбы: «Көк туды желбіреткен Қазақстанның спорт майталмандары»
|
Сабақтың эпиграфы:
|
«Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады»
Нұрсұлтан Назарбаев
|
Сабақтың мақсаты:
|
-қазақ елінің көк туын желбіреткен қазақтың спорт саңлақтарынан үлгі алуға үйрету;
-оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу;
|
Күтілетін нәтижелер:
|
-оқушылардың спортқа деген құлшынысы артады;
-салауатты өмір салтын ұстануға үйренеді;
-ұлттық намысы оянады.
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Топтық жұмыс, диалогтық оқыту, «Шпаргалка», «Миға шабуыл»әдістерін қолдану
|
Модульдер:
|
Білім алудағы жаңа тәсілдер,сын тұрғысынан ойлану,
АКТ,оқуды бағалау және оқытуды бағалау
|
Ресурстар:
|
Слайдтар,спорт майталмандарының суреттері, үлестірмелі материалдар- флипчарт, маркер, желім,түрлі түсті қағаздар, доп, ысқырық
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Ынтымақтастық атмосфералық жағдай қалыптастыру
|
Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-біріне жылы лебіздер білдіреді
|
Топқа бөліну
|
Мұғалім спорт құрал-саймандарын ортаға, үстел үстіне қояды.
|
Оқушылар спорт құрал-саймандарын алу арқылы 3 топқа бөлінеді:
1-топ: Боксшылар тобы
2-топ: Зілтеміршілер тобы
3-топ: Жеңіл атлетикашылар тобы
|
«Танысу» кезеңі
|
Мұғалім әр топқа өз аттарын қорғауды ұсынады
|
Әр топ өз аттарын қорғайды
|
Бейне роликпен жұмыс
«Спортпен шұғылдан!»
|
Мұғалім слайдтан «Спортпен шұғылдан!» атты бейнеролик көрсетіп,топтарға ой тастайды.
|
Әр топ бейне роликті тамашалағаннан соң өз ойларын, пікірлерін айтады
|
Сергіту сәті. «Әлқисса»
|
Мұғалім «Әлқисса» әуенін қосып, дене босату қимылдарын жасауды ұсынады. Әуен барысындағы слайдта көрсетілетін спорт саласына байланысты жазылған мақал-мәтелдерге мән беруді ескертеді.
|
Оқушылар «Әлқисса» әуеніне дене босату қимылдарын жасайды.Әуен барысындағы слайдта көрсетілетін спорт саласына байланысты жазылған мақал-мәтелдерге мән береді.
|
«Шпаргалка» әдісін қолдану
|
Мұғалім «Салауатты өмір салтына» байланысты суреттер таратып, осы суреттерге байланысты флипчартқа өз ойларын түсіруді ұсынады
|
Оқушылар Салауатты өмір-салтына байланысты таратылған суреттерді пайдалана отырып, флипчартқа өз ойларын түсіреді.
|
«Миға шабуыл» әдісі
«Сен білесің бе?»
бейне ролик
|
Мұғалім «Сен білесің бе?» тақырыбындағы қазақстандық спорт майталмандары туралы бейне роликпен таныстырады.
|
Оқушылар «Сен білесің бе?» тақырыбындағы қазақстандық спорт майталмандары туралы бейне роликпен танысады.
|
Шығармашылық жұмыс
|
Мұғалім әр топқа тамашалаған видеороликтен өздеріне ұнаған кейіпкерді таңдап,сол туралы эссе жазуды ұсынады.
|
Оқушылар тамашалаған видеороликтен өздеріне ұнаған кейіпкерді таңдап,сол туралы эссе жазады.
|
Сабақты пысықтау кезеңі
|
Мұғалім тақтада өмірбаяны, жетістіктері, марапаттары, дәрежесі жазылып ілінген флипчарт кім туралы екенін анықтап, флипчарт астындағы кейіпкерді табуды ұсынады.
|
Оқушылар тақтада өмірбаяны, жетістіктері, марапаттары, дәрежесі жазылған флипчарт кім туралы екенін анықтап, флипчарт астындағы кейіпкерді табады:
1-топ- Жеңіл атлетикашы туралы
2-топ- Боксшы туралы
3-топ- Зілтемірші туралы
|
Рефлексия
|
Мұғалім «Бағдаршам» парағына өздеріне ұнаған түске стикер жабыстыруды ұсынады:
Қызыл түс- «сабақ ұнамады»
Сары түс – «орташа»
Жасыл түс-«сабақ ұнады»
|
Оқушылар«Бағдаршам» парағына өздеріне ұнаған түске стикер жабыстырады:
Қызыл түс- «сабақ ұнамады»
Сары түс –«орташа»
Жасыл түс-«сабақ ұнады»
|
Бағалау
|
Мұғалім «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды ұсынады.
|
Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
|
Үйге тапсырма
|
Қазақстанның спорт майталмандары туралы жан-жақты ізденіп келу
|
|