Сабақтың формасы: «Қола дәуіріне саяхат»


Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті



бет6/9
Дата24.04.2017
өлшемі2,07 Mb.
#15074
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті.

«Материалдық мәдениет» сөздеріне топтастыру құру

Тұрғын үй

Тағам түрлері

Киім-кешек Құрал-сайман

Қала сырты дуалмен қоршалып, үйлер бір немесе бірнеше бөлмеден тұрды. Қазан ошақтары жылу берді.

Тұрғын үйлердің ішінен күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар табылған. Олар-әр түрлі көлемдегі көзелер, қол диірмендер. Кейбір бөлмелерден астық салатын күбі көзелер, тамақ жасауға, сақтауға, ас ішуге ыңғайлы құмыралар мен қыш ыдыстар көптеп табылды.

Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті.

Көшпеліліердің тұрғын үйлері тез жиналатын киіз үйлер болды. Киіз туралы хабар қытай, араб жазба деректерінде кездеседі. Көшпелілердің зираттарына жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылған тұтыну бұйымдары олардың материалдық мәдениетінен мәліметтер береді. Олар: жерленген адамдармен бірге қойылған қару-жарақтар, ат әбзелдері, темір жебелер, қанжар, семсер, кісе белдік, тағы басқа да көптеген сәндік бұйымдар. Қолөнер бұйымдарын жасауда түріктер кісе белдік жасауға ерекше көңіл бөлген. Ер адамның күнделікті тұтыну құралдарын өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы шонданайы, оқшантайы, қыны т.б. болған. Шонданайда-қайрақ, шапқы, қында-пышақ, оқшантайда мылтықтың оқ-дәрісі сақталған. Екіншіден, мұндай керек-жарақтар ілінген кісе асынған адамның беделі де үстем саналған.



Қыш-құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы.

«Қазақ елі» фильмінен «Қолөнердің дамуы» туралы үзінді көрсету

Қыш құмыра жасау өнері дала тұрғындарына қарағанда қала тұрғындарында жақсы дамыды. Себебі, қалалықтар бір жерде тұрақты өмір сүрді, екіншіден олардың қыш құмыра жасайтын шеберханалары болды. Сондықтан қалалықтар жасаған қыш құмыралардың сапасы жоғары болды.

Қалалардың санының өсуі сауданының жандануына үлкен әсерін тигізді

VI-ХIxғасырлардағы сауда айналымы

Жаңа сабақты бекіту:

1 тапсырма: «Дискуссиялық өрнек» толтыру

2 тапсырма: Ти кестесі

Дала тұрғындарына қалалық Қала тұрғындарына көшпелі



мәдениеттің әсері мәдениеттің әсері.


Бағалау.

Үйге тапсырма: § 7. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері

  • «Көшпелілердің материалдық мәдениеті» тақырыбында реферат жазу.

  • 10 сұрақтан тұратын тест құру.

  • Сауданың шығуы, ақшаның пайда болуы туралы мәліметтер әкелу.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет