Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Бұйрық рай+айын,(-ейін)+деп едім. Мезгіл үстеу



бет3/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,46 Mb.
#16622
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

«Баянауыл» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі

Баянауыл – мемлекетіміздің ең сұлу өңірлерінің бірі: қарағайлы ормандар жапқан  таулар, алқапта көптеген көлдер.  Қазақтың ақселеу айдаласында  орналасқан Баянауыл таулары жасыл аралға ұқсас. Шағын және үлкен саяхатшылар жолдары оның шатқалдары бойымен жылан тәрізді өрмелеп жатыр. Туристердің біреуін көгілдір көлдер, басқаларын – саңырауқұлақ пен жидекке бай қарағай және жапырақты ормандар, кейбіреулерін – көп ғасырлар бойы желмен және сумен жасалған туындылар – табиғи тас мүсіндері қызықтырады.

Осы табиғи саябақ аумағында үш ірі тұщы сулы көл орналасқан–Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр, сондай-ақ бұдан да едәуір кіші көлдер бар.

Ең ірі көл — Сабындыкөл (аудармасы «мыльное озеро»).  Суы өте жұмсақ болғандықтан осылай атанады.  Баян сұлу өзінің  әдемі шашын  жуып жатқанда, сабынын көлге түсіріп алған деген аңыз бар.



Таулар баурайының арасындағы қазаншұңқырда орналасқан көлемі бойынша екінші көл —Жасыбай Баянауылдың нағыз көркі болып табылады. Демалушылар жағажайдан ашылатын сұлу көріністің арқасында Жасыбайдың мөлдір және жұмсақ суында шомылуды жақсы көреді.  Аңыз бойынша  көлдің  жағалауында  қаза тапқан қазақ батыры Жасыбайдың есімімен аталған. Оның көлемі төрт шаршы метр, тереңдігі – жеті метр. Жасыбай көлінің айналасында көптеген жағажайлар орналасқан. Халық көптеген жылдар бойы  Баянауылдың тамаша  ауа райын  сауықтыратын орын ретінде жырлап келеді. Көлдің басында біршама демалыс орындары бар. Мысалы “Березка” демалыс үйінің маңайында адамдар шипалы балшықты жинайды .

Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көл. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда сондай мөлдір болмағанмен балыққа бай, әсіресе сазан көп, сондықтан ол балықшылардың сүйікті орны.

Баянауылдың ең биік нүктесі –(1 027 м) –Ақбет тауы. Ел аузында бұл тау сүйіксіз адамға тұрмысқа берілгендіктен  таудың  төбесінен құлап өлген Ақбет деген қыздың атымен аталған деген аңыз бар.

Өңірдің көз тартар жерлерінің бірі – көлдің оңтүстік батысында орналасқан Әулиетас үңгірі. Үңгір төмендеген сайын тарылып 22 метрге дейін созылады. Оның ең түбінде ортасында ойығы бар тас жатыр. Сол шұңқырға төбеден және қабырғалардан аққан суық су жиналады. Жергілікті халық  арасында су  шипалы деп есептеледі.

Баянауыл тауларының құпиялы орындары – көркем сайлар. Сайлардың түбінде мөлдір бұлақ суы сарқырап жатады, таңқурай мен қарақат қалың тоғайы көз тартады.  Одна Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін өсімдік – қырыққұлақ өседі.



Қарқаралы – Қарағанды облысының ең байырғы, әрі мәңгі жас қаласы. Кезінде Қарқаралы арқылы Орта Азиядан Сібірге бағытталған керуен жолдары өткен.


Қарқаралы ауданының аумағы – 35,4 мың шаршы км. Жалпы халқының саны – 50600 адам.
Қарқаралы – табиғат мол байлық сыйлаған Сарыарқаның шағын ғана бір бөлігі. Мұнда құнарлы жайылым, сарқылмайтын су көздері, таулар кездеседі. Таулар… олардың сұлбасына көп қарасаң, солғұрлым қандай бір құпияны ашқандай боласың, толқи түсесің. Сондықтан да жұмбағы көп таулармен әрбір кездесу көңілге қуаныш әкеледі. Қарқаралы таулары – табиғаттың таңғажайып бірегей туындысы. Оған алыстан көз салсақ, әйелдердің қауырсынмен әшекейленген ежелгі бас киімі – қарқараға ұқсайды екен-ау деп ойлайсың.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет