Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау



бет1/8
Дата31.07.2020
өлшемі76,5 Kb.
#75716
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-52928


8 Тақ : Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау

Жеке бастың тазалығы дегеніміз - күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралар. Бұл тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау. Тері алуан түрлі физиологиялық функцияларды орындайды. Терінің бетінде пайда болған кір қабаты тері бездерін бітеуі мүмкін. Осының салдарынан олардың қызметі бұзылуы мүмкін. Ал құлақты тазаламағаннан құлақ жолдарында құлық жиналып қалады. Ол естудің төмендетуіне алып келеді. Ауыз қуысында көп микробтар жиналады, олар ағза әлсірегенде ауыз қуысының ауруларын тудырып, адам ағзасының жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек.



Ауызша сұрау:

  1. Көзге күтім қалай жүргізіледі?

  2. Мұрын қуысына кутім жасау туралы не түсінесін?

  3. Науқастың құлақтарына күтім қалай жүргізіледі?

  4. Ауыр халдегі науқастың шаштарын жуу, тарау қалай жүргізіледі?

  1. Көздің күтімі

Жеңіл халдегі науқас күнделікті гигиеналық шараларды өзі жасайды. Ауыр халдегі науқастың көзіне күтімді мейірбике орындайды. Көзді жуудың бірнеше әдістері бар. Көзді жуу үшін дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, ундинка (көзді жууға арналған стакан), астауша қажет. Науқасты ыңғайлы отырғызып, арнайы стаканға дәрігердің тағайындаған дәрісін құйылады. Науқас еңкейіп, қабағын үстел үстіндегі стаканға батырып, оң қолмен стаканды көзіне басып кірпіктерін ерітіндінің үстіне 1-2 рет жыпылықтатып алады. Ундинкаға жаңа ерітінді құйып, науқасқа бірнеше рет қайталауын сұраймыз. Мына тәртіппен де көзді жууға болады: пациентті ыңғайлы отырғызып залалсыздандырылған тампонды алып, оны тағайындаған ерітіндіге малып, аздап сығып сол көзді оң қолмен сыртқы бұрышынан кеңсірікке қарай бағыттап жуылады. Екінші көзді де сол тәртіппен жуу қажет. Әр бір көзді жуу үшін бір неше мақта тампондарыне ауыстыру қажет. Бір мақта тампонымен екі көзді жууға болмайды. Сол бағытта жуып болған соң стерильді мақтамен құрғату қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет