Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау



бет3/8
Дата31.07.2020
өлшемі76,5 Kb.
#75716
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-52928

Кері көрсеткіштері: құлақ қалқаны, сыртқы есту түтігіндегі қабыну процестері.

4. Ауыр халдегі науқастың шаштарын жуу, тарау Қалыпты жағдайда адамдар шашын күніне бір неше рет тарап, аптасына бір неше рет жуады. Егер шашты тарамаса шаш шиеленіп, тез кірлеп қалады. Егер науқас өз күтімін жасай алмаса оған мейірбике жәрдем көрсетуі керек. Егер науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалса, оның шашын төсек үстінде жуады. Легенді керуеттің бас жағына қойып, желкесіне дейін шалқайтып, астына көтеріп қояды.Ал науқас еркек болса, шашы қысқа етіп алынып, 7-10 күнде бір рет су сабынмен жуылуы тиіс. Ұзын шашты әйелдердің шашын жуып болғаннан кейін, оны сүлгімен құрғатып сүртеді. Сосын майда тісті тарақпен екіге бөліп тарайды. Науқастың өздерінің жеке тарағы болуы керек. Егер шашта қайызғақ болса,онда тарақты сірке қышқылы ерітіндісіне батырып алып, тарау керек.

9 Тақ Науқасқа дәрет ыдысын беру. Еріксіз зәр және нәжіс бөлінуінде науқастарға күтім жасау.

Аурухана ішілік инфекциясын алдын алуда ЕПҰ-да микробты ластанудың алдын - алуға бағытталған іс-шаралар белгілі рөл атқарады. Кез-келген санитарлы-эпидемиологиялық тәртібінің маңызды компоненттердің бірі бөлмелерді санитарлық тазалау, төсеніштерді, іш киімдерді уақытылы ауыстыру, лас кимідерді дұрыс сақтау, тасымалдау, науқасқа күтім жасау заттарын дұрыс зарарсыздандыру және залалсыздандыру болып табылады.

Соңғы жылдары науқастардың арасында қарт жастағы науқастардың, балалардың басым болуы байқалады. Бұл санаттағы науқастарда иммунитеттің әлсіреуі, ұзақ төсек тартып жатқанда ойылу пайда болу қауіпін жоғарлатады. Ойылуға алып келетін факторлар ішінде терніні таза ұстау, төсектердің, іш киімдердің тазалығы маңызды орын алады. Сондықтан болашақ мейірбикелер науқастарға күтім жасау дағдыларын жақсы меңгеруі керек.

Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек.

Кейбір науқастар кіші дәреттерін немесе үлкен дәреттерін тоқтата алмай, іш киімдерін, төсек орындарын ластап алатындары болады. Соның салдарынан науқастардың шаттары, терілері ойылып, жара пайда болады. Сондықтан теріге жара түсірмеу үшін ойылатын қауіпті жерлерді фурациллин және басқа ерітінділермен жуып, сүртіп, тазалап отыру керек. Дәрет ыдысын әр дефекация мен зәр бөлінуден кейін зарарсыздандырып отыру қажет.

Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді.Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын,ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды –шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек.Әйелдерді жиірек жуып шаяды.

Ауыр жағдайдағы науқастар жуындырғанда, басқа да жәрдемдер көрсеткенде өте қысылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет