Көрсетілімдері: Өзіне өзі күтім жасай алмайтын науқастардың тырнағын алуға көмектесу.
Тырнаққа күтім жасағанда абай болу қажет,себебі бұл процедура тырнақ маңы терісінің жарақаттануына одан әрі инфекция түсуіне алып келу мүмкін. Науқастың тырнағын түбіне дейін алудың қажеті жоқ,әйтпесе теріні зақымдап алуымыз мүмкін.Әсіресе қант диабеті,гемиплегия т.б аурулармен ауыратын тері сезімталдығы төмен науқастардың тырнағын алған кезде абай болу қажет.
3. Дәрет ыдысының түрлері және науқасқа берудің мақсаты мен көрсеткіштері.
Мақсаты: Төсектегі режимдегі науқастардың қуығын және ішегін босату. Науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету. Дәрет ыдысын бергенде науқасқа Фаулер қалпына келтіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |