Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты мен міндеттері



Дата26.08.2017
өлшемі99,52 Kb.
#28250
түріСабақ
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Көкшетау қаласына саяхат
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:


  1. Білімділік – әр түрлі тапсырмалар арқылы Көкшетау қаласына саяхат жасай отырып, есімдіктен алған білімдерін тексеру. Сөйлемнің ішінен есімдіктердің түрлерін ажырата білу;

  2. Дамытушылық – ауызша және жазбаша тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, оқушыларды ізденіске, өз ойларын айта білуге үйрету;

  3. Тәрбиелік – табиғатты бағалай білуге, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, тренинг әдістері, іздену, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, суреттер, үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, әдебиет

Сабақтың өтілу формасы: жекелей, топтық, жұптық

Қолданылған технология: Л.В.Зенковтың дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  • Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Есімдіктің түрлеріне сөйлем құрау. Әр қатардан бір оқушыдан тексеремін.



ІІІ. Мақсат қою кезеңі

Әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, алған білімдерін жинақтау



Саяхат сабақты эпиграф сөзбен бастау

Білім, ол шам-шырағы жұрттың күнде,

Жанып ап, жаңылдырмас жеті түнде.

Ж.Баласағұн



ІV. Білімді тексеру кезеңі

Құрметті оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше болмақ. Бүгін біз әсем қала –Көкшетауға саяхат жасамақшымыз.



  • Көкшетаудың керемет жерлерің көргілерің келе ме?

  • Иә, көргіміз келеді.

№1 Аялдама. Бақанастан Алматыға бағыт алу үшін мына «Бұл да қызық» сөзжұмбағын шешулерің керек.«Есімдік» деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса, есімдіктердің түрлері де сонша. Енді сендер шақпаққа мыналарды жазсаңыздар ерекше тордағы сөзді оқисыздар.





С


Е

Н




О


С

Ы

К


І

М

Ө

З

І


М

М

Е

Н

О

С

Ы


Д

А

Н




Ә

Р

К


І

М







Б

Ү


К

І

Л


Сұрақтары:

  1. жіктеу есімдігі

  2. сілтеу есімдігі

  3. сұрау есімдігі

  4. өздік есімдігі І жақ көпше түрі тәуелденген түрі

  5. сілтеу есімдігі шығыс септігінде

  6. белгісіздік есімдігі

  7. жалпылау есімдігі

2 Алматы әуежай аялдамасы бұл жерде мына сұрақтарға жауап берулерің керек.

  1. Есімдік деген не?

  2. Мағыналық түрлеріне қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сол, мынау, міне деген есімдіктердің қай түрі?

3 Көкшетау аялдамасы электронды оқулықтан тапсырманы орындайды. 9-тапсырма Сөйлемдердегі белгісіздік есімдіктерді басу арқылы табыңыз.

Сонымен балалар, біз Көкшетау қаласына да келіп жеттік. Жұмбақтас туралы не білесіңдер?

Өздерің көргендей ендігі тамашалайтын жеріміз «Жұмбақтас». Жұмбақтаста жасырынған жұмбақ сұрақтар бар.



Жұмбақ сұрақтар

  1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай түрі? (біз-жіктеу)

  2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды? (сұрау есімдігі)

  3. Жақтас жалғауға жікте қояды, жақтас емесіне жоламай қояды? (мен, сен)

«Оқжетпесті» көру үшін электронды оқулықтн 9- тапсырманы орындаймыз.

–Оқжетпес туралы не білесіңдер?

Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдерді толықтырыңыз.
Бурабай көлі Қазақстанның солтүстігінде орналасқан.



  • Бурабай туралы қандай өлең білесіңдер?




  1. Оқулықтағы «Көкшетау» деген мәтінді оқыту

  2. Сөздікпен жұмыс (тіл дамыту)

4 –тапсырма Сілтеу есімдіктерін үлгі бойынша септе.




Септіктер

Сол

Осы

Атау

Сол

Осы

Ілік

Соның

Осының

Барыс

Соған

Осыған

Табыс

Соны

Осыны

Жатыс

Сонда

Осында

Шығыс

Содан

Осыдан

Көмектес

Сонымен

Осымен

Көкшетау қаласын тамашалап болдық. - Олай болса, балалар, ауылға жолды қысқарту үшін қиялдап кілеммен ұшып жетейік. Кілемді дөңгелене отырайық. Шаршамас үшін біреуің ертегі айта отырыңдар.

Ерте, ерте, ертеде қазақ тілі жерінде сөз табы елінде, Есімдік деген қария болыпты. Оның Жіктеу, Сілтеу, Сұрау, Өздік,Белгісіздік, Болымсыздық, Жалпылау деген жеті ұлдары болыпты. Бір күні қария балаларын жиып алып:

-Балаларым, талабы бар бала ертеңін ойлар, менің төрімнен көрім жақын.Бір апта уақыт берем. Жан –жақты бақылап өмірлеріңе озық болар зат әкеліңдер,-депті. Әке сөзін қабыл алған балалры жол жүріп кетіпті. Уақыт жетіп балалары оралыпты.

-Қане, олжаларыңды көрсетіңдер,-депті әкесі.

1. Жіктеу: мен белгілі бір жақ түрінде қолданамын. Өміріме озық болар Мен, сен, сіз,ол

2. Сілтеу: мен меңзеу, нұсқау, және көрсету мағыналарын білдіремін. Сол,сонау, міне,

3. Сұрау: мен жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қолданамын.Өміріме озық болар неге?не? кім?,қайда?

4. Өздік: мен әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөзбін. өз,өзім, өз-өзіне

5. Белгісіздік: мен затты сындық белгіні, сан –мөлшерді жорамалдап,тұспалдап көрсетемін. Өміріме озық болар Кейбіреу,әлдеқайда

6. Болымсыздық: мен болымсыздық мағынаны білдіремін. ешкім, ешқашан

7. Жалпылау: мен жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіремін. Барлық,барша,күллі,- деп ертегісін аяқтағанда ауылдарына оралған екен.



V. Сабақты бекіту кезеңі
Семантикалық карта арқылы бекіту



түрлері

Мысалдар


Жіктеу есімдігі

Сілтеу есімдігі

Сұрау

есімдігі


Өздік есімдігі

Белгісіздік есімдігі

Болымсыздық есімдігі

Жалпылау есімдігі

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

1

Сіздер

+



















2

Біреу
















+




3

Барлығы



















+

4

Анау




+
















5

өзі










+










6

Ешқандай
















+




7

Олардың




+
















8

Бәрі



















+

9

Қай?







+













10

Сол




+

















VІ.Үйге тапсырма беру кезеңі

1. 5-тапсырма



2. Есімдіктердің түрлерін қайталау
VІІ.Бағалау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет